Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний и границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в Балхашском районе

Решение Балхашского районного маслихата Алматинской области от 14 октября 2020 года № 68-181. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 22 октября 2020 года № 5717.

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктами 1), 2) пункта 2 статьи 8 Закона Республики Казахстан от 25 мая 2020 года "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан" (далее - Закон), Балхашский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить прилагаемые:

      1) Специализированные места для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению согласно приложению 1 к настоящему решению;

      2) Порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний согласно приложению 2 к настоящему решению.

      2. Определить границами расстояния не менее 800 метров прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования согласно пункта 5 статьи 9 Закона.

      Сноска. Пункт 2 в редакции решения Балхашского районного маслихата Алматинской области от 14.03.2024 № 17-63 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Признать утратившим силу решения Балхашского районного маслихата Алматинской области "О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Балхашском районе" от 25 апреля 2016 года № 3-20 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3838, опубликован 10 июня 2016 года в информационно-правовой системе "Әділет").

      4. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Балхашского районного маслихата "По вопросам соблюдения законности, правопорядка и защиты прав граждан".

      5. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Балхашского районного маслихата Г. Абдукулов
      Секретарь Балхашского районного маслихата К. Омаров

  Приложение 1 к решению Балхашского районного маслихата от 14 октября 2020 года № 68-181

Специализированные места для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению

Населен ный пункт

Специализированные места для организации и проведения мирных собраний

Нормы их предельной заполняемости

Требования к материально-техническому и организационному обеспечению

1

село Баканас

Стадион коммунального государственного учреждения "Детско-юношеская спортивная школа Балхашского района" государственного учреждения "Отдела физической культуры и спорта Балхашского района", улица К. Байшикова, 6

350 человек

- освещение;
- обеспечение точкой для подключения электроэнергии;
- обеспечение камерой видеонаблюдения и видеофиксации.

2

село Баканас

Маршрут для шествий и демонстраций - от пересечения улиц
Т. Дауетаева и Т. Рыскулова по улице Т. Рыскулова до пересечения улиц
Т. Рыскулова и
С. Сейфуллина, далее по улице С. Сейфуллина до стадиона коммунального государственного учреждения
"Детско-юношеская спортивная школа Балхашского района" государственного учреждения "Отдела физической культуры и спорта Балхашского района"

300 человек

- вдоль маршрута имеется уличное освещение;
- обеспечение камерой видеонаблюдения и видеофиксации.

 
  Приложение 2 к решению Балхашского районного маслихата от 14 октября 2020 года № 68-181

Порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний

      Настоящий порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний разработан согласно статьи

      8 Закона и определяет порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний.

      Специализированные места для организации и проведения мирных собраний - места общего пользования или маршруты следования, определенные местным представительным органом Балхашского района для проведения мирных собраний.

      В специализированных местах для проведения мирных собраний - проводятся публичные мероприятия, являющиеся по своему характеру мирными, ненасильственными и невооруженными, не создающими угрозу интересам государственной безопасности, общественного порядка, охраны здоровья, защиты нравственности населения, прав и свобод других лиц, проводимое в форме собрания, митинга и демонстрации, шествия и пикетирования гражданами Республики Казахстан.

      Запрещается проведение собрания, митинга, демонстрации, шествия и пикетирования в нарушение Закона.

      При введении чрезвычайного, военного положения или правового режима антитеррористической операции на период их действия проведение мирных собраний в специализированных местах может быть запрещено или ограничено в порядке, установленном законами Республики Казахстан "О чрезвычайном положении", "О военном положении" и "О противодействии терроризму".

      Мирные собрания не могут начинаться ранее 9 часов и заканчиваться позднее 20 часов по местному времени административно-территориальной единицы в день проведения мирных собраний.

      При использовании специализированных мест для проведения мирных собраний организаторам и его участникам необходимо соблюдать требования статьей 5 и 6 Закона.

Балқаш ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар мен пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы

Алматы облысы Балқаш аудандық мәслихатының 2020 жылғы 14 қазандағы № 68-181 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 22 қазанда № 5717 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 8-бабы 2-тармағының 1), 2) тармақшаларына сәйкес, Балқаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, олардың шекті толу нормалары және де материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес;

      2) Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Заңның 9-бабы 5-тармағына сәйкес пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары кемінде 800 метр арақашықтықта айқындалсын.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – Алматы облысы Балқаш аудандық мәслихатының 14.03.2024 № 17-63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Алматы облысы Балқаш аудандық мәслихатының "Балқаш ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 3-20 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3838 тіркелген, 2016 жылдың 10 маусымында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Балқаш аудандық мәслихатының "Заңдылықты сақтау, құқықтық тәртіп және азаматтардың құқығын қорғау мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Балқаш аудандық мәслихатының сессия төрағасы Г. Абдукулов
      Балқаш аудандық мәслихатының хатшысы К. Омаров

  Балқаш аудандық мәслихатының 2020 жылғы 14 қазандағы № 68-181 шешіміне 1-қосымша

Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, олардың шекті толу нормалары және материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

Елді мекен

Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар

Шекті толу нормалары

Материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

1

Бақанас ауылы

"Балқаш аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Балқаш ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің стадионы,
Қ. Бәйшіков көшесі, 6

350 адам

- жарықтандыру;
- электр қуат көзіне қосылу нүктесімен қамтамасыз ету;
-бейнебақылау және бейнетүсірілім камерасымен қамтамасыз ету.

2

Бақанас ауылы

Шеру мен демонстрация маршруты - Т. Дауетаев және Т. Рысқұлов көшелерінің қиылысынан Т. Рысқұлов көшесінің бойымен
Т. Рысқұлов және
С. Сейфуллин көшелерінің қиылысына дейін, әрі қарай С. Сейфуллин көшесінің бойымен "Балқаш аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Балқаш ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің стадионына дейін

300 адам

-маршрут бойындағы көшенің жарығы бар;
-бейнебақылау және бейнетүсірілім камерасымен қамтамасыз ету.

 
  Балқаш аудандық мәслихатының 2020 жылғы 14 қазандағы № 68-181шешіміне 2-қосымша

Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі

      Осы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі Заңның 8-бабына сәйкес әзірленді және бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін айқындайды.

      Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар – Балқаш ауданының жергілікті өкілді органы бейбіт жиналыстар өткізу үшін айқындаған жалпыға ортақ пайдаланылатын орындар немесе жүру маршруты.

      Бейбіт жиналыстарды өткізуге арнайы орындарда - сипатына қарай бейбіт, күш қолданылмайтын және қаруланбайтын, мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, халықтың имандылығын, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделеріне қатер төндірмейтін болып табылатын, Қазақстан Республикасының азаматтары жиналыс, митинг пен демонстрация, шеру мен пикеттеу нысанында өткізетін жария іс-шара.

      Заңды бұза отырып, жиналыс, митинг, демонстрация, шеру және пикеттеу өткізуге тыйым салынады.

      Төтенше, соғыс жағдайы немесе терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі енгізілген кезде олардың қолданылу кезеңінде бейбіт жиналыстар өткізуге "Төтенше жағдай туралы", "Соғыс жағдайы туралы" және "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тыйым салынуы немесе шектеу қойылуы мүмкін.

      Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.

      Бейбіт жиналыстар өткізу үшін арнайы орындарды пайдаланған кезде ұйымдастырушылар және қатысушылар Заңның 5 және 6-баптарының талаптарын сақтау қажет.