Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний и границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в Кербулакском районе

Решение Кербулакского районного маслихата Алматинской области от 22 сентября 2020 года № 61-356. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 5 октября 2020 года № 5690.

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктами 1), 2) пункта 2 статьи 8 Закона Республики Казахстан от 25 мая 2020 года "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан" (далее - Закон), Кербулакский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить прилагаемые:

      1) Специализированные места для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению согласно приложению 1 к настоящему решению;

      2) Порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний согласно приложению 2 к настоящему решению.

      2. Определить границами расстояния не менее 800 метров прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования согласно пункта 5 статьи 9 Закона.

      Сноска. Пункт 2 с изменением, внесенным решением Кербулакского районного маслихата области Жетісу от 19.02.2024 № 12-101 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Кербулакского районного маслихата "По вопросам сельского хозяйства и охране окружающей среды, целевому использованию природных ресурсов, законности, по правам граждан и защите дисциплинарных прав".

      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Кербулакского
      районного маслихата Ж. Жумажанов
      Секретарь Кербулакского
      районного маслихата Б. Рысбеков

  Приложение 1 к решению Кербулакского районного маслихата от "22" сентября 2020 года № 61-356

Специализированные места для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению

Населенный пункт

Специализированные места для организации и проведения мирных собраний

Нормы их предельной заполняемости

Требования к материально-техническому и организационному обеспечению

1

село Сарыозек

Площадь возле Государственного коммунального казенного предприятия "Кербулакский районный Дом культуры имени Абикена Сарыбаева", государственного учреждения "Отдел культуры и развития языков Кербулакского района расположенный по улице Б. Момышулы.

150 человек

- имеется уличное освещение;
-обеспечение точкой для подключения электроэнергии;
-обеспечение камерой видеонаблюдения и видеофиксации:

2

село Сарыозек

Маршрут для шествий и демонстраций:
от площади парка Победы вдоль улицы Б. Момышулы до площади возле государственного коммунального казенного предприятия "Кербулакский районный Дом культуры имени Абикена Сарыбаева" государственного учреждения "Отдел культуры и развития языков Кербулакского района

100 человек

вдоль маршрута имеется уличное освещение;
-обеспечение точкой для подключения электроэнергии;
-обеспечение камерой видеонаблюдения и видеофиксации.

  Приложение 2 к решению Кербулакского районного маслихата от "22" сентября 2020 года № 61-356

Порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний

      Настоящий порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний разработан согласно статьи 8 Закона и определяет порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний.

      Специализированные места для организации и проведения мирных собраний – места общего пользования или маршруты следования, определенные местным представительным органом Кербулакского района для проведения мирных собраний.

      В специализированных местах для проведения мирных собраний – проводятся публичные мероприятия, являющиеся по своему характеру мирными, ненасильственными и невооруженными, не создающими угрозу интересам государственной безопасности, общественного порядка, охраны здоровья, защиты нравственности населения, прав и свобод других лиц, проводимое в форме собрания, митинга и демонстрации, шествия и пикетирования гражданами Республики Казахстан.

      Запрещается проведение собрания, митинга, демонстрации, шествия и пикетирования в нарушение Закона.

      При введении чрезвычайного, военного положения или правового режима антитеррористической операции на период их действия проведение мирных собраний в специализированных местах может быть запрещено или ограничено в порядке, установленном законами Республики Казахстан "О чрезвычайном положении", "О военном положении" и "О противодействии терроризму".

      Мирные собрания не могут начинаться ранее 9 часов и заканчиваться позднее 20 часов по местному времени административно-территориальной единицы в день проведения мирных собраний.

      При использовании специализированных мест для проведения мирных собраний организаторам и его участником необходимо соблюдать требования статьей 5 и 6 Закона.

Кербұлақ ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар мен пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы

Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 61-356 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 5 қазанда № 5690 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-Заң) 8-бабы 2-тармағының 1), 2) тармақшаларына сәйкес, Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, олардың шекті толу нормалары және де материалдық - техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес;

      2) Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Заңның 9-бабы 5-тармағына сәйкес пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары кемінде 800 метр арақашықтықта айқындалсын.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Жетісу облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының 19.02.2024 № 12-101 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Кербұлақ аудандық мәслихатының "Ауылшаруашылығы мен қоршаған ортаны қорғау, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, заңдылық, азаматтардың құқығы мен тәртіптік құқықты қорғау жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кербұлақ аудандық мәслихатының
      сессия төрағасы Ж. Жумажанов
      Кербұлақ аудандық мәслихатының
      хатшысы Б. Рысбеков

  Кербұлақ аудандық мәслихатының 2020 жылғы "22" қыркүйектегі № 61-356 шешіміне 1-қосымша

Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, олардың шекті толу нормалары және материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

Елді мекен

Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар

Шекті толу нормалары

Материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

1

Сарыөзек ауылы

Б. Момышұлы көшесінің бойында орналасқан "Кербұлақ ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Әбікен Сарыбаев атындағы Кербұлақ аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жанындағы алаң

150 адам

-көшенің жарығы бар;
-электр қуат көзіне қосылу нүктесімен қамтамасыз ету;
- бейне бақылау және бейне түсірілім камерасымен қамтамасыз ету;

2

Сарыөзек ауылы

Шеру мен демонстрация маршруты:
Жеңіс паркінің алаңынан Б. Момышұлы көшесінің бойымен "Кербұлақ ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Әбікен Сарыбаев атындағы Кербұлақ аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жанындағы алаңға дейін

100 адам

-маршрут бойындағы көшенің жарығы бар;
-электр қуат көзіне қосылу нүктесімен қамтамасыз ету;
- бейне бақылау және бейне түсірілім камерасымен қамтамасыз ету

  Кербұлақ аудандық мәслихатының 2020 жылғы "22" қыркүйектегі № 61-356 шешіміне 2-қосымша

Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі

      Осы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі Заңның 8-бабына сәйкес әзірленді және бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін айқындайды.

      Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар –Кербұлақ ауданының жергілікті өкілді органы бейбіт жиналыстар өткізу үшін айқындаған жалпыға ортақ пайдаланылатын орындар немесе жүру маршруты.

      Бейбіт жиналыстарды өткізуге арнайы орындарда - сипатына қарай бейбіт, күш қолданылмайтын және қаруланбайтын, мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, халықтың имандылығын, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделеріне қатер төндірмейтін болып табылатын, Қазақстан Республикасының азаматтары жиналыс, митинг пен демонстрация, шеру мен пикеттеу нысанында өткізетін жария іс-шара.

      Заңды бұза отырып, жиналыс, митинг, демонстрация, шеру және пикеттеу өткізуге тыйым салынады.

      Төтенше, соғыс жағдайы немесе терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі енгізілген кезде олардың қолданылу кезеңінде бейбіт жиналыстар өткізуге "Төтенше жағдай туралы", "Соғыс жағдайы туралы" және "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тыйым салынуы немесе шектеу қойылуы мүмкін.

      Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.

      Бейбіт жиналыстар өткізу үшін арнайы орындарды пайдаланған кезде ұйымдастырушы және қатысушылар Заңның 5 және 6-баптарының талаптарын сақтау қажет.