Об утверждении порядка и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Уйгурского района

Решение Уйгурского районного маслихата Алматинской области от 5 июня 2020 года № 6-65-373. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 17 июня 2020 года № 5543

      В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 5 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", Уйгурский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить порядок и размер оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Уйгурского района согласно приложению к настоящему решению.

      2. Признать утратившими силу следующие решения Уйгурского районного маслихата:

      1) "О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Уйгурского района" от 03 ноября 2014 года № 39-2 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 2951, опубликован 09 января 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет");

      2) "О предоставлении единовременной социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций сферы здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, работающим и проживающим в сельской местности по Уйгурскому району" от 24 августа 2011 года № 51-2 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 2-19-119, опубликован 01 октября 2011 года в газете "Іле өңірі-Или тәвәси" №37 (1029)).

      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Уйгурского районного маслихата "По вопросам социальной защиты населения, трудоустройства, образования, здравоохранения, культуры, языка, религии и по делам молодежи".

      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Уйгурского
      районного маслихата Е. Ахметов
      Секретарь Уйгурского
      районного маслихата Н. Есжан

  Приложение к решению Уйгурского районного маслихата № 6-65-373 от 5 июня 2020 года

Порядок и размер оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Уйгурского района

1. Общие положения

      1. Социальная поддержка по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива (далее–социальная поддержка) за счет бюджетных средств оказывается специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Уйгурского района (далее–специалисты).

      2. Назначение социальной поддержки осуществляется уполномоченным органом–государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ Уйгурского района".

2. Порядок оказания социальной поддержки

      3. Социальная поддержка оказывается без истребований заявлений, на основании списков, утвержденных акиматами сельских округов по предоставлению государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии.

      4. Выплата социальной поддержки производится через банки второго уровня, с которыми в установленном законодательством порядке заключен договор для зачисления сумм на лицевые счета специалистов, на основании представленных уполномоченным органом ведомостей.

3. Размер оказания социальной поддержки

      5. Социальная поддержка специалистам оказывается один раз в год за счет бюджетных средств в размере 5 (пять) месячных расчетных показателей.

4. Основания для прекращения и возврата предоставляемой социальной поддержки

      6. Социальная поддержка прекращается в случаях:

      1) смерти получателя;

      2) выезда получателя на постоянное проживание за пределы Уйгурского района.

      Выплата социальной поддержки прекращается с месяца наступления указанных обстоятельств.

      Излишне выплаченные суммы подлежат возврату в добровольном или ином порядке установленном законодательством Республики Казахстан.

Ұйғыр ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы

Алматы облысы Ұйғыр аудандық мәслихатының 2020 жылғы 5 маусымдағы № 6-65-373 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 17 маусымда № 5543 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, Ұйғыр аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ұйғыр ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Ұйғыр аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) "Ұйғыр ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" 2014 жылы 03 қарашада №39-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2951 тіркелген, 2015 жылдың 09 қаңтарында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын;

      2) "Ұйғыр ауданының ауылдық (селолық) жерлерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының қызметкерлеріне отын сатып алу үшін бюджет қаражат есебінен біржолғы әлеуметтік көмек беру туралы" 2011 жылы 24 тамызда №51-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2-19-119 тіркелген, 2011 жылы 01 қазанда № 37(1029) "Іле өңірі-Или тәвәси" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ұйғыр аудандық мәслихатының "Халықты әлеуметтік жағынан қорғау, жұмыспен қамту, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, тіл, діни және жастар ісі мәселелер жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ұйғыр аудандық мәслихатының
      сессия төрағасы Е. Ахметов
      Ұйғыр аудандық мәслихатының
      хатшысы Н. Есжан

  Ұйғыр аудандық мәслихатының 2020 жылғы 5 маусымдағы № 6-65-373 шешіміне қосымша

Ұйғыр ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері

1. Жалпы ережелер

      1. Ұйғыр ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен (бұдан әрі – мамандар) коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау (бұдан әрі – әлеуметтік қолдау) көрсетіледі.

      2. Әлеуметтік қолдауды тағайындау уәкілетті орган – "Ұйғыр аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.

2. Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі

      3. Денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының ұсынымы бойынша тізімдерін ауылдық округ әкімдіктерімен бекітілген тізім негізінде, өтінішті талап етпестен әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

      4. Әлеуметтік қолдау төлемдері заңнамада белгіленген тәртіппен мамандардың дербес шоттарына сомаларды аудару үшін жасалған келісімшарттар негізінде уәкілетті органымен ұсынған тізімдемеге сәйкес екінші деңгейдегі банктер арқылы жүргізіледі.

3. Әлеуметтік қолдау көрсету мөлшері

      5. Мамандарға әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

4. Көрсетілетін әлеуметтік қолдауды тоқтату және қайтару үшін негіздемелер

      6. Әлеуметтік қолдау төменгі жағдайларда тоқтатылады:

      1) алушы қайтыс болғанда;

      2) алушы Ұйғыр ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткенде.

      Әлеуметтік қолдауды төлеу көрсетілген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      Артық төленген сомалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ерікті немесе өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.