Ұйғыр ауданының ауылдық (селолық) жерлерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының қызметкерлеріне отын сатып алу үшін бюджет қаражат есебінен біржолғы әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ұйғыр аудандық мәслихатының 2011 жылғы 24 тамыздағы N 51-2 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Ұйғыр ауданының Әділет басқармасында 2011 жылы 22 қыркүйекте N 2-19-119 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Ұйғыр аудандық мәслихатының 2020 жылғы 5 маусымдағы № 6-65-373 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ұйғыр аудандық мәслихатының 05.06.2020 № 6-65-373 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағы 15)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, Ұйғыр аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ұйғыр ауданының ауылдық (селолық) жерлерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының қызметкерлеріне отын сатып алуға 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек төленсін.

      2. Әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган болып "Ұйғыр ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі белгіленсін.

      3. Әлеуметтік көмекті "Ауылдық (селолық) жерлерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының қызметкерлеріне отын сатып алуға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік көмек көрсету" бюджеттік бағдарлама бойынша жүзеге асырылсын.

      4. Әлеуметтік көмек алушылардың екінші деңгейдегі банк және осы операциялардың түрлерін жүзеге асыратын рұқсаты бар басқа да мекемелердегі ашылған жеке есеп шотына аудару арқылы төленсін.

      5. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ұйғыр аудандық мәслихатының "Халықты әлеуметтік жағынан қорғау, еңбекпен қамту, білім беру, денсаулық сақтау, сауда, мәдениет, тіл және діни мәселелер жөніндегі" тұрақты комиссиясының төрағасы Камилжан Абдурашитович Юлдашевқа және аудан әкімінің орынбасары Даулетжан Модинович Деменбаевқа жүктелсін.

      6. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихат


сессиясының төрағасы

А. Сейитов

Аудандық мәслихаттың


хатшысы

М. Нуров


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады