Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по городу Сарани и поселку Актас

Решение Саранского городского маслихата Карагандинской области от 8 декабря 2020 года № 571. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 15 декабря 2020 года № 6126.

      Сноска. Заголовок решения - в редакции решения Саранского городского маслихата Карагандинской области от 15.06.2023 № 34 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктами 3), 9), 11) статьи 68 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях", приказом Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 20 июня 2019 года № 417 "Об утверждении правил предоставления жилищных сертификатов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 18883), Саранский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить размер и перечень категорий получателей жилищных сертификатов согласно приложениям 1,2.

      Сноска. Пункт 1 – в редакции решения Саранского городского маслихата Карагандинской области от 15.06.2023 № 34 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).

      2. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Т. Алешкова
      Секретарь маслихата О. Баймаганбетов

  Приложение 1 к решению
Саранского городского
маслихата
от 8 декабря 2020 года
№ 571

Размер жилищного сертификата

      1. 10 % от суммы займа, но не более 1 (одного) миллиона тенге в виде социальной помощи.

      2. До 10 % от суммы займа, но не более 1 (одного) миллиона тенге в виде социальной поддержки.

  Приложение 2
к решению Саранского
городского маслихата от 8
декабря 2020 года № 571

Перечень категорий получателей жилищных сертификатов

      Сноска. Приложение 2 – в редакции решения Саранского городского маслихата Карагандинской области от 15.06.2023 № 34 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).

Наименование

1

Ветераны Великой Отечественной войны (состоящие в очереди на получение жилья в местных исполнительных органах).

2

Ветераны, приравненные по льготам к ветеранам Великой Отечественной войны (состоящие в очереди на получение жилья в местных исполнительных органах).

3

Ветераны боевых действий на территории других государств (состоящие в очереди на получение жилья в местных исполнительных органах).

4

Лица с инвалидностью первой и второй групп (состоящие в очереди на получение жилья в местных исполнительных органах).

5

Семьи, имеющие или воспитывающие детей с инвалидностью (состоящие в очереди на получение жилья в местных исполнительных органах).

6

Лица, страдающие тяжелыми формами некоторых хронических заболеваний, утвержденных приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 16 февраля 2022 года № ҚР ДСМ-14 (зарегистрировано в государственном реестре нормативных правовых актов № 26830), (состоящие в очереди на получение жилья в местных исполнительных органах).

7

Пенсионеры по возрасту (состоящие в очереди на получение жилья в местных исполнительных органах).

8

Дети-сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей, не достигшие двадцати девяти лет, потерявшие родителей до совершеннолетия. При призыве таких лиц на воинскую службу возраст продлевается на срок прохождения воинской службы (состоящие в очереди на получение жилья в местных исполнительных органах).

9

Кандасы

10

Лица, лишившиеся жилища в результате экологических бедствий, чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера (состоящие в очереди на получение жилья в местных исполнительных органах).

11

Многодетные матери, награжденные подвесками "Алтын алқа", "Күміс алқа" или получившие ранее звание "Мать-героиня", а также награжденные орденами "Материнская слава" I и II степени, многодетные семьи (состоящие в очереди на получение жилья в местных исполнительных органах).

12

Семьи лиц, погибших (умерших) при исполнении государственных или общественных обязанностей, воинской службы, при подготовке или осуществлении полета в космическое пространство, при спасании человеческой жизни, при охране правопорядка (состоящие в очереди на получение жилья в местных исполнительных органах).

13

Неполные семьи (состоящие в очереди на получение жилья в местных исполнительных органах).


Саран қаласы және Ақтас кенті бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы

Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № 571 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 15 желтоқсанда № 6126 болып тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 15.06.2023 № 34 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 68 бабының 3), 9), 11) тармақшаларына, "Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 тіркелген) сәйкес, Саран қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. 1,2 қосымшаларға сәйкес тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен алушылар санатының тізбесі айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 15.06.2023 № 34 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Т. Алешкова
      Мәслихат хатшысы О. Баймаганбетов

  Саран қалалық
мәслихатының
2020 жылғы 8
желтоқсаны
№ 571
Шешімге 1 қосымша

Тұрғын үй сертификатының мөлшері

      1. Қарыз сомасынан 10 %, алайда әлеуметтік көмек түрі ретінде 1 (бір) миллион теңгеден артық емес.

      2. Қарыз сомасынан 10 % дейін, алайда әлеуметтік қолдау түрі ретінде 1 (бір) миллион теңгеден артық емес.

  Саран қалалық
мәслихатының 2020
жылғы 8 желтоқсандағы
№ 571 шешімге
2 қосымша

Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 15.06.2023 № 34 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Атауы

1

Ұлы Отан соғысының ардагерлері (жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй алуға кезекте тұрғандар).

2

Жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер (жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй алуға кезекте тұрғандар).

3

Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері (жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй алуға кезекте тұрғандар).

4

Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар (жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй алуға кезекте тұрғандар).

5

Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар (жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй алуға кезекте тұрғандар).

6

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-14 бұйрығымен бекітілген кейбір созылмалы аурулардың ауыр нысандарымен ауыратын адамдар (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізімінде № 26830 тіркелген), (жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй алуға кезекте тұрғандар).

7

Жасы бойынша зейнеткерлер (жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй алуға кезекте тұрғандар).

8

Кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзімді әскери қызметтен өту мерзіміне ұзартылады (жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй алуға кезекте тұрғандар).

9

Қандастар

10

Экологиялық зілзалалар, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар (жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй алуға кезекте тұрғандар).

11

"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналар, көп балалы отбасылар (жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй алуға кезекте тұрғандар).

12

Мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқықтық тәртіпті қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары (жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй алуға кезекте тұрғандар).

13

Толық емес отбасылар (жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй алуға кезекте тұрғандар).