О некоторых вопросах проведения мирных собраний

Решение Мангистауского районного маслихата Мангистауской области от 23 сентября 2020 года № 41/442. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области 30 сентября 2020 года № 4298.

      Сноска. Заголовок решения в редакции решения Мангистауского районного маслихата Мангистауской области от 13.12.2021 № 9/71 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 25 мая 2020 года "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан", Мангистауский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить специализированное место для организации и проведения мирных собраний в Мангистауском районе согласно приложению 1 к настоящему решению.

      2. Определить порядок использования специализированного места для организации и проведения мирных собраний, норма его предельной заполняемости, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированного места для организации и проведения мирных собраний в Мангистауском районе согласно приложению 2 к настоящему решению.

      3. Определить границы прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в Мангистауском районе согласно приложению 3 к настоящему решению.

      4. Признать утратившими силу решения Мангистауского районного маслихата от 3 августа 2016 года № 4/41 "О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3146, опубликовано 13 сентября 2016 года в информационно-правовой системе "Әділет"), от 9 марта 2017 года № 7/91 "О внесении изменения в решение Мангистауского районного маслихата от 3 августа 2016 года № 4/41 "О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3328, опубликовано 20 апреля 2017 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан).

      5. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на заместителя акима Мангистауского района Е.Махмутова.

      6. Государственному учреждению "Аппарат Мангистауского районного маслихата" (руководитель аппарата Е.Калиев.)  обеспечить государственную регистрацию настоящего решения в органах юстиции, его официальное опубликование в средствах массовой информации и размещение на интернет-ресурсе акимата Мангистауского района.

      7. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии С.Үркімбаев
      Секретарь Мангистауского районного маслихата А.Сарбалаев

  Приложение 1 к решению
  Мангистауского районного маслихата
  от 23 сентября 2020 года
  № 41/442

Специализированные места для организации и проведения мирных собраний в Мангистуском районе

      Сноска. Приложение 1 в редакции решения Мангистауского районного маслихата Мангистауской области от 13.12.2021 № 9/71 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Специализированные места для организации и проведения мирных собраний в Мангистауском районе:

      1. Площадь, село Шетпе, Центральная площадь.

      2. Маршрут следования для проведения мирных собраний: автомобильная дорога от микрорайона Кызылтуран до микрорайона Косбулак-2 в селе Шетпе.


  Приложение 2 к решению
  Мангистауского районного маслихата
  от 23 сентября 2020 года
  № 41/442

Порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний в Мангистауском районе

      Сноска. Приложение 2 в редакции решения Мангистауского районного маслихата Мангистауской области от 13.12.2021 № 9/71 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Настоящий порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний в Мангистауском районе разработан в соответствии с Законом Республики Казахстан "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан" (далее - Закон).

      2. Специализированные места используются с соблюдением санитарных норм и правил пожарной безопасности. Допускается проведение мирных собраний в случае отсутствия информации о проведении в специализированных местах других запланированных официальных, культурных, зрелищных культурно-массовых, физкультурно-оздоровительных, спортивных и иных мероприятий, осуществлении строительно-монтажных работ.

      3. Материально-техническое и организационное обеспечение проведения мирных собраний осуществляется их организатором и участниками за счет собственных средств, а также за счет средств и имущества, собранных и (или) переданных для проведения данных мирных собраний, если Законом и иными законами Республики Казахстан не установлено иное.

      4. Нормы предельной заполняемости специализированных мест для организации и проведения мирных собраний в Мангистауском районе:

      1) Площадь, село Шепте, Центральная площадь, норма предельной заполняемости 250 человек;

      2) Маршрут следования для проведения мирных собраний: автомобильная дорога от микрорайона Кызылтуран до микрорайона Косбулак-2 в селе Шетпе, норма предельной заполняемости 250 человек.

      5. Не допускается установление юрт, палаток, иных сооружений в специализированных местах для организации и проведения мирных собраний без согласования местного исполнительного органа.

      6. В случае, если на проведение мирного собрания в одном и том же месте и (или) по одному и тому же маршруту следования либо в одно и то же время одновременно претендует несколько организаторов мирных собраний, очередность использования указанного места определяется местным исполнительным органом исходя из времени получения им соответствующего уведомления или заявления от организатора мирных собраний.

      7. Минимальное допустимое расстояние между лицами, принимающими участие в мирном собрании, кроме пикетирования, составляет не менее двух метров, в целях сохранения социальной дистанции.

      8. Минимальное допустимое расстояние между лицами, осуществляющими пикетирование, проводимое одним участником, составляет не менее 100 метров.

      9. Мирные собрания не могут начинаться ранее 9 часов и заканчиваться позднее 20 часов по местному времени Мангистауского района в день проведения мирных собраний.


  Приложение 3 к решению
  Мангистауского районного маслихата
  от 23 сентября 2020 года
  № 41/442

Границы прилегающих территорий, в которых не допускается проведение пикетирования в Мангистауском районе

      Сноска. Приложение 3 в редакции решения Мангистауского районного маслихата Мангистауской области от 13.12.2021 № 9/71 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      На территории Мангистауского района не допускается проведение пикетирования ближе 400 метров от границы прилегающих территорий:

      1) в местах массовых захоронений;

      2) на объектах железнодорожного, водного, воздушного и автомобильного транспорта и прилегающих к ним территориях;

      3) на территориях, прилегающих к организациям, обеспечивающим обороноспособность, безопасность государства и жизнедеятельность населения;

      4) на территориях, прилегающих к опасным производственным объектам и иным объектам, эксплуатация которых требует соблюдения специальных правил техники безопасности;

      5) на магистральных железнодорожных сетях, магистральных трубопроводах, национальной электрической сети, магистральных линиях связи и прилегающих к ним территориях.

Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы

Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 41/442 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 30 қыркүйекте № 4298 болып тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 13.12.2021 № 9/71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңына сәйкес, Маңғыстау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Маңғыстау ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын айқындалсын.

      2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Маңғыстау ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды пайдалану тәртібі, оның шекті толу нормасы, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар айқындалсын.

      3. Осы шешімнің 3 қосымшасына сәйкес Маңғыстау ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.

      4. Маңғыстау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 3 тамыздағы № 4/41 "Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3146 болып тіркелген, 2016 жылы 13 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған), 2017 жылғы 9 наурыздағы 7/91 "Маңғыстау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 3 тамыздағы № 4/41 "Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3328 болып тіркелген, 2017 жылғы 20 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы шешімнің орындалуын бақылау Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары Е.Махмутовқа жүктелсін.

      6. "Маңғыстау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Е.Қалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Маңғыстау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      7. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

      Сессия төрағасы С.Үркімбаев
      Маңғыстау аудандық Мәслихатының хатшысы А.Сарбалаев

  Маңғыстау аудандық мәслихатының
  2020 жылғы 23 қыркүйектегі
  № 41/442 шешіміне
  1 қосымша

Маңғыстау ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 13.12.2021 № 9/71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Маңғыстау ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар:

      1. Алаң, Шетпе ауылы, Орталық алаң.

      2. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Шетпе ауылындағы Қызылтұран шағын ауданынан Қосбұлақ-2 шағын ауданына дейінгі автокөлік жолы.


  Маңғыстау аудандық мәслихатының
  2020 жылғы 23 қыркүйектегі
  № 41/442 шешіміне
  2 қосымша

Маңғыстау ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 13.12.2021 № 9/71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Маңғыстау ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі-Заң) сәйкес әзірленді.

      2. Арнайы орындар санитариялық нормалар мен өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтай отырып пайдаланылады. Арнайы орындарда жоспарланған басқа да ресми, мәдени, ойын-сауық мәдени-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және өзге де іс-шараларды өткізу, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру туралы ақпарат болмаған жағдайда, бейбіт жиналыстарды өткізуге жол беріледі.

      3. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.

      4. Маңғыстау ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынның шекті толу нормасы:

      1) Алаң, Шетпе ауылы, Орталық алаң, шекті толу нормасы 250 адам;

      2) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Шетпе ауылындағы Қызылтұран шағын ауданынан Қосбұлақ-2 шағын ауданына дейінгі автокөлік жолы, шекті толу нормасы 250 адам.

      5. Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға жол берілмейді.

      6. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.

      7. Әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында, пикеттеуден басқа, бейбіт жиналысқа қатысатын адамдардың арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде екі метрді құрайды.

      8. Бір қатысушы өткізетін пикеттеуді жүзеге асыратын адамдар арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде 100 метрді құрайды.

      9. Бейбіт жиналыстар өткізілетін күні Маңғыстау ауданының жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.


  Маңғыстау аудандық мәслихатының
  2020 жылғы 23 қыркүйектегі
  № 41/442 шешіміне
  3 қосымша

Маңғыстау ауданында пикеттеуді өткізуге жол берілмейтін іргелес аумақтардың шекаралары

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 13.12.2021 № 9/71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Маңғыстау ауданының аумағында іргелес аумақтардың шекарасына 400 метрден жақын жерде пикет өткізуге жол берілмейді:

      1) жаппай жерлеу орындарында;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

      5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда.