О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 15 марта 2017 года № 130 "Об утверждении Правил содержания и защиты зеленых насаждений, Правил благоустройства территорий городов и населенных пунктов Костанайской области"

Решение маслихата Костанайской области от 13 марта 2020 года № 481. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 20 марта 2020 года № 9043

      В соответствии с подпунктами 4-2) и 4-3) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Костанайский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Костанайского областного маслихата "Об утверждении Правил содержания и защиты зеленых насаждений, Правил благоустройства территорий городов и населенных пунктов Костанайской области" от 15 марта 2017 года № 130 (опубликовано 11 мая 2017 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан, зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7014) следующие изменения и дополнения:

      преамбулу указанного решения изложить в новой редакции:

      "В соответствии с подпунктами 4-2) и 4-3) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Костанайский областной маслихат РЕШИЛ:";

      в приложении 1 к указанному решению:

      в Правилах содержания и защиты зеленых насаждений территорий городов и населенных пунктов Костанайской области, утвержденных указанным решением:

      подпункт 2) пункта 3 изложить в новой редакции:

      "2) вырубка деревьев – работа по вырубке деревьев, осуществляемая по разрешению уполномоченного органа в соответствии с пунктом 159 приложения 2 к Закону Республики Казахстан от 16 мая 2014 года "О разрешениях и уведомлениях" (далее – Закон о разрешениях);";

      пункт 3 дополнить подпунктом 27) следующего содержания:

      "27) пересадка деревьев и зеленых насаждений – работа по пересадке деревьев и зеленых насаждений, осуществляемая на участках, определенных уполномоченным органом.";

      пункт 11 изложить в новой редакции:

      "11. В случае невозможности сохранения зеленых насаждений на участках, отводимых под строительство или производство других работ, производится вырубка деревьев по разрешению уполномоченного органа в соответствии с Законом о разрешениях.";

      заголовок параграфа 2 изложить в новой редакции:

      "Параграф 2. Вырубка, санитарная вырубка деревьев";

      пункт 20 изложить в новой редакции:

      "20. Вырубка деревьев осуществляется в случаях:

      1) обеспечения условий для осуществления строительной деятельности, строительно-монтажных работ, предусмотренных утвержденной и согласованной градостроительной документацией;

      2) обслуживания объектов инженерного благоустройства, реконструкции и устройстве инженерных сетей, подземных и надземных коммуникаций;

      3) ликвидации аварийных и чрезвычайных ситуаций, в том числе на объектах инженерного благоустройства;

      4) благоустройства территории существующих объектов и приведения в эстетический вид, необходимости улучшения качественного и видового состава зеленых насаждений;

      5) санитарной вырубки деревьев, создающих угрозу безопасности здоровью и жизни людей, а также влекущих ущерб имуществу физическому и юридическому лицу;

      6) произрастаний деревьев и кустарников на землях общего пользования.";

      пункт 22 изложить в новой редакции:

      "22. Вырубка деревьев на землях общего пользования производится организациями, обслуживающими данный земельный участок по разрешению уполномоченного органа.";

      пункт 25 изложить в новой редакции:

      "25. Вырубка деревьев осуществляется по разрешению уполномоченного органа в соответствии с Законом о разрешениях, при предоставлении гарантийного письма от физических и юридических лиц о компенсационной посадке взамен вырубленных деревьев.

      При этом в соответствии с материалами инвентаризации и лесопатологического обследования зеленых насаждений, деревья, подлежащие пересадке пересаживаются на участки указанные уполномоченным органом в разрешительных документах на вырубку деревьев.";

      в приложении 2 к указанному решению:

      в Правилах благоустройства территорий городов и населенных пунктов Костанайской области, утвержденных указанным решением:

      в пункте 3:

      дополнить подпунктом 1-1) следующего содержания:

      "1-1) места общего пользования – это территории, объекты, которые доступны или открыты для населения;";

      дополнить подпунктом 6-1) следующего содержания:

      "6-1) маломобильные группы населения – лица, испытывающие затруднения при самостоятельном передвижении, получении услуг, информации или ориентировании в пространстве, в том числе использующие детские коляски, пожилого возраста, инвалиды;";

      пункт 5-1 исключить;

      пункт 24 изложить в новой редакции:

      "24. На территории домовладений располагаются специальные площадки для размещения контейнеров с удобными подъездами для специализированного транспорта в соответствии с требованиями пункта 22 Санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к объектам коммунального назначения", утвержденных приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 3 марта 2015 года № 183 "Об утверждении Санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к объектам коммунального назначения" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10796) и пунктов 55, 56, 57 и 58 Санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к сбору, использованию, применению, обезвреживанию, транспортировке, хранению и захоронению отходов производства и потребления", утвержденных приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 23 апреля 2018 года № 187 "Об утверждении Санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к сбору, использованию, применению, обезвреживанию, транспортировке, хранению и захоронению отходов производства и потребления" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 17242).";

      пункты 35 и 36 изложить в новой редакции:

      "35. Территории городов и населенных пунктов при благоустройстве обеспечиваются оптимальными условиями и средствами доступа для всех категорий населения, включая маломобильные группы населения к местам общего пользования, жилого и рекреационного назначения, а также к объектам транспортной инфраструктуры в соответствии государственными нормативами в области архитектуры, градостроительства и строительства, утвержденных в соответствии с подпунктом 23-16) статьи 20 Закона.

      36. Все виды работ по благоустройству территорий городов и населенных пунктов, предусмотренные проектной (проектно-сметной) документацией, выполняются по утвержденным проектам. Данные виды работ осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Костанайского областного маслихата Е. Смышляева
      Секретарь Костанайского областного маслихата С. Ещанов

Мәслихаттың 2017 жылғы 15 наурыздағы № 130 "Қостанай облысының қалалары мен елдi мекендерiнiң жасыл екпелерiн күтiп-ұстау және қорғау қағидаларын, аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекiту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қостанай облысы мәслихатының 2020 жылғы 13 наурыздағы № 481 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 20 наурызда № 9043 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-2) және 4-3) тармақшаларына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облыстық мәслихатының "Қостанай облысының қалалары мен елдi мекендерiнiң жасыл екпелерiн күтiп-ұстау және қорғау қағидаларын, аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекiту туралы" 2017 жылғы 15 наурыздағы № 130 шешіміне (2017 жылғы 11 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7014 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің керіспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-2) және 4-3) тармақшаларына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Қостанай облысының қалалары мен елдi мекендер аумақтарының жасыл екпелерiн күтiп-ұстау және қорғау қағидаларында:

      3-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) ағаштарды кесу - 2014 жылғы 16 мамырдағы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Рұқсаттар туралы Заң) 2 - қосымшаның 159-тармағына сәйкес уәкілетті органның рұқсаты бойынша жүзеге асырылатын ағаштарды кесу бойынша жұмыс;";

      3-тармақ мынадай мазмұндағы 27) тармақшамен толықтырылсын:

      "27) ағаштар мен жасыл екпелерді қайта отырғызу - уәкілетті орган белгілеген учаскелерде жүзеге асырылатын, ағаштар мен жасыл екпелерді қайта отырғызу бойынша жұмыс.";

      11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "11. Құрылыс салуға немесе басқа да жұмыстар жүргізуге бөлінетін учаскелерде жасыл екпелерді сақтау мүмкін болмаған жағдайда, ағаштарды кесу Рұқсаттар туралы Заңға сәйкес уәкілетті органның келісімі бойынша жүргізіледі.";

      2-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2-параграф. Ағаштарды кесу, санитариялық кесу";

      20-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "20. Ағаштарды кесу мынадай:

      1) бекітілген және келісілген қала құрылысы құжаттамасында көзделген құрылыс қызметін, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыру үшін жағдайлар жасалуын қамтамасыз ету;

      2) инженерлік абаттандыру объектілеріне, инженерлік желілерді реконструкциялау және салу, жерасты және жерүсті коммуникацияларына қызмет көрсету;

      3) авариялық және төтенше жағдайларды жою, оның ішінде инженерлік абаттандыру объектілерінде жою;

      4) бұрыннан бар объектілердің аумағын абаттандыру және эстетикалық түрге келтіру, жасыл екпелердің сапалық және түрлік құрамын жақсарту қажеттігі;

      5) адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне қатер төндіретін, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне залал келтіретін ағаштарды санитариялық кесу жағдайларында;

      6) ағаштар мен бұталар жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерде өсіп тұрған кезде жүзеге асырылады.";

      22-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "22. Жалпыға ортақ жерлердегі ағаштарды кесуді уәкілетті органның рұқсатымен осы жер учаскесінде қызмет көрсететін ұйымдар жүргізеді.";

      25-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "25. Ағаштарды кесу кесілген ағаштардың орнына жеке және заңды тұлғалардан өтемдік отырғызу туралы кепілхат ұсынылған жағдайда Рұқсаттар туралы Заңға сәйкес уәкілетті органның рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.

      Бұл ретте, жасыл екпелерді түгендеу және орман-патологиялық зерттеу материалдарына сәйкес қайта отырғызуға жататын ағаштар уәкілетті орган ағаштарды кесуге рұқсат беру құжаттарында көрсеткен учаскелерге қайта отырғызылады.";

      көрсетілген шешімнің 2-қосымшасында:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Қостанай облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларында:

      3-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) жалпыға ортақ пайдаланылатын орындар – халық үшін қолжетімді немесе ашық болатын аумақтар, объектілер;";

      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-1) халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары – өз бетімен жүріп-тұру, көрсетілетін қызметтер, ақпарат алу немесе кеңістікте бағдарлану кезінде қиындық көріп жүрген, оның ішінде балаларға арналған арбаларды пайдаланатын адамдар, қарттар, мүгедектер;";

      5-1-тармақ алынып тасталсын;

      24-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "24. Үй иелерінің аумағында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 183 "Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10796 болып тіркелген) бекітілген "Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалардың 22-тармағының және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 23 сәуірдегі № 187 "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17242 болып тіркелген) бекітілген "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалардың 55, 56, 57 және 58-тармақтарының талаптарына сәйкес мамандандырылған көлік үшін ыңғайлы кірме жолдармен контейнерлерді орналастыруға арналған арнайы алаңдар болады.";

      35 және 36-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "35. Қалалар мен елді мекендердің аумағын абаттандыру кезінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарын қоса алғанда, халықтың барлық санаттары үшін жалпыға ортақ пайдаланылатын, тұрғын және рекреациялық мақсаттағы орындарға, сондай-ақ Заңның 20-бабының 23-16) тармақшасына сай бекітілген сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес көлік инфрақұрылымы объектілеріне қол жеткізуін оңтайлы жағдайлармен және құралдармен қамтамасыз етіледі.

      36. Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында көзделген қалалар мен елді мекендердің аумақтарындағы абаттандыру жөніндегі барлық жұмыс түрлері бекітілген жобалар бойынша орындалады. Аталған жұмыс түрлері Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облыстық мәслихаты сессиясының төрайымы Е. Смышляева
      Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы С. Ещанов