О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Павлодарской области в сфере поддержки предпринимательства

Постановление акимата Павлодарской области от 25 декабря 2020 года № 283/5. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 29 декабря 2020 года № 7129

      В соответствии с пунктом 2 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 4) пункта 2 статьи 46 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" акимат Павлодарской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Признать утратившими силу некоторые постановления акимата Павлодарской области в сфере поддержки предпринимательства согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Государственному учреждению "Управление предпринимательства и торговли Павлодарской области" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      государственную регистрацию настоящего постановления в территориальном органе юстиции;

      размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Павлодарской области.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области Шаяхметова С. Б.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Павлодарской области А. Скаков

  Приложение
к постановлению акимата
Павлодарской области
от 25 декабря 2020 года
№ 283/5

Перечень утративших силу некоторых постановлений акимата Павлодарской области
в сфере поддержки предпринимательства

      1. Постановление акимата Павлодарской области от 22 мая 2015 года № 144/5 "Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере поддержки предпринимательства" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4546, опубликовано 3 июля 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет").

      2. Постановление акимата Павлодарской области от 21 июня 2016 года № 195/5 "О внесении изменений в постановление акимата Павлодарской области от 22 мая 2015 года № 144/5 "Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере поддержки предпринимательства" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5157, опубликовано 14 июля 2016 года в информационно-правовой системе "Әділет").

      3. Постановление акимата Павлодарской области от 30 января 2017 года № 9/2 "О внесении изменений в постановление акимата Павлодарской области от 22 мая 2015 года № 144/5 "Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере поддержки предпринимательства" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5397, опубликовано 13 марта 2017 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде).

      4. Постановление акимата Павлодарской области от 12 июня 2017 года № 159/3 "О внесении изменений в постановление акимата Павлодарской области от 22 мая 2015 года № 144/5 "Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере поддержки предпринимательства" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5580, опубликовано 27 июля 2017 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде).

      5. Постановление акимата Павлодарской области от 21 ноября 2017 года № 374/6 "О внесении изменений в постановление акимата Павлодарской области от 22 мая 2015 года № 144/5 "Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере поддержки предпринимательства" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5740, опубликовано 29 декабря 2017 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде).

Павлодар облысы әкімдігінің кәсіпкерлікті қолдау саласындағы кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Павлодар облысы әкімдігінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 283/5 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 29 желтоқсанда № 7129 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Павлодар облысы әкімдігінің кәсіпкерлікті қолдау саласындағы кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Павлодар облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Б. Шаяхметовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар облысының әкімі А. Скаков

  Павлодар облысы әкімдігінің
2020 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 283/5 қаулысына
қосымша

Павлодар облысы әкімдігінің кәсіпкерлікті қолдау саласындағы
күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы "Кәсіпкерлікті қолдау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" № 144/5 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4546 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 21 маусымдағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы "Кәсіпкерлікті қолдау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" № 144/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 195/5 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5157 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. Павлодар облысы әкімдігінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы "Кәсіпкерлікті қолдау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" № 144/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 9/2 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5397 болып тіркелген, 2017 жылғы 13 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      4. Павлодар облысы әкімдігінің 2017 жылғы 12 маусымдағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы "Кәсіпкерлікті қолдау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" № 144/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 159/3 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5580 болып тіркелген, 2017 жылғы 27 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      5. Павлодар облысы әкімдігінің 2017 жылғы 21 қарашадағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы "Кәсіпкерлікті қолдау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" № 144/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 374/6 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5740 болып тіркелген, 2017 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).