О внесении изменений в постановление акимата города Экибастуза от 15 мая 2015 года № 548/6 "Об утверждении схем и порядка перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах города Экибастуза"

Постановление акимата города Экибастуза Павлодарской области от 6 марта 2020 года № 155/3. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 11 марта 2020 года № 6742

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 3-1) пункта 3 статьи 14 Закона Республики Казахстан от 4 июля 2003 года "Об автомобильном транспорте", совместным постановлением акимата Павлодарской области от 22 ноября 2017 года № 9 и решением маслихата Павлодарской области от 22 ноября 2017 года № 167/17 "Об упразднении некоторых населенных пунктов Павлодарской области", совместным постановлением акимата Павлодарской области от 8 ноября 2019 года № 9 и решением маслихата Павлодарской области от 8 ноября 2019 года № 412/35 "Об упразднении села Талдыкамыс Экибастузского сельского округа города Экибастуза Павлодарской области", акимат города Экибастуза ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата города Экибастуза от 15 мая 2015 года № 548/6 "Об утверждении схем и порядка перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах города Экибастуза" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4534, опубликовано 25 июня 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующие изменения:

      приложение 5 указанного постановления изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению;

      приложение 8 указанного постановления исключить.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима города Экибастуза.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города Экибастуза Е. Иманзаипов

  Приложение
к постановлению
акимата города Экибастуза
от 6 марта 2020 года № 155/3
  Приложение 5
к постановлению акимата
города Экибастуза
от 15 мая 2015 года № 548/6

Схема
перевозки детей в Торт-Кудукскую среднюю общеобразовательную школу,
проживающих в селе Бозщаколь



Условные обозначения:



Екібастұз қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 15 мамырдағы "Екібастұз қаласының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептеріне тасымалдау схемалары мен тәртібін бекіту туралы" № 548/6 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2020 жылғы 6 наурыздағы № 155/3 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 11 наурызда № 6742 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 14-бабы 3-тармағының 3-1) тармақшасына, Павлодар облысы әкімдігінің 2017 жылғы 22 қарашадағы № 9 және Павлодар облыстық мәслихатының 2017 жылғы 22 қарашадағы № 167/17 "Павлодар облысының кейбір елді мекендерін тарату туралы" бірлескен қаулысы мен шешіміне, Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы 8 қарашадағы № 9 және Павлодар облыстық мәслихатының 2019 жылғы 8 қарашадағы № 412/35 "Павлодар облысы Екібастұз қаласының Екібастұз ауылдық округінің Талдықамыс ауылын тарату туралы" бірлескен қаулысы мен шешіміне сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 15 мамырдағы "Екібастұз қаласының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептеріне тасымалдау схемалары мен тәртібін бекіту туралы" № 548/6 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4534 болып тіркелген, 2015 жылғы 25 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 5-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын;

      көрсетілген қаулының 8-қосымшасы алынып тасталсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қаласының әкімі Е. Иманзаипов

  Екібастұз қаласы әкімдігінің
2020 жылғы 6 наурызы
№ 155/3 қаулысына
қосымша
  Екібастұз қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 15 мамырдағы
№548/6 қаулысына
5-қосымша

Бозшакөл ауылында тұратын балаларды
Төрт-Құдық жалпы орта бiлiм беретiн мектебіне тасымалдау схемасы



Шартты белгілер: