Решение маслихата района Аққулы от 7 августа 2020 года № 275/56 "Об утверждении порядка проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества на территории сельского округа Қарақала района Аққулы"

Решение маслихата района Аққулы Павлодарской области от 7 августа 2020 года № 275/56. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 17 августа 2020 года № 6901. Утратило силу решением маслихата района Аққулы Павлодарской области от 16 ноября 2023 года № 51/11

      Сноска. Утратило силу решением маслихата района Аққулы Павлодарской области от 16.11.2023 № 51/11 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 39-3 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 4) пункта 2 статьи 46 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах", Указом Президента Республики Казахстан от 4 августа 2018 года № 724 "О переименовании Качирского, Лебяжинского районов Павлодарской области", Типовыми правилами проведения раздельных сходов местного сообщества, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106, совместным постановлением акимата Павлодарской области от 20 марта 2020 года № 2 и решением Павлодарского областного маслихата от 20 марта 2020 года № 442/38 "О переименовании и изменении транскрипции некоторых административно-территориальных единиц Павлодарской области", маслихат района Аққулы РЕШИЛ:

      1. Утвердить порядок проведения раздельных сходов местного сообщества на территории сельского округа Қарақала района Аққулы согласно приложению 1 к настоящему решению.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции решения маслихата района Аққулы Павлодарской области от 15.11.2022 № 113/22 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Утвердить количественный состав представителей жителей сел сельского округа Қарақала района Аққулы для участия в сходе местного сообщества согласно приложению 2 к настоящему решению.

      Сноска. Пункт 2 - в редакции решения маслихата района Аққулы Павлодарской области от 15.11.2022 № 113/22 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Признать утратившим силу решение Лебяжинского районного маслихата от 24 сентября 2014 года № 4/36 "Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количества представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества на территории Кызыласкерского сельского округа Лебяжинского района" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4043, опубликованное 08 октября 2014 года в информационно-правовой системе "Әділет").

      4. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию районного маслихата по вопросам социальной сферы и культурного развития.

      5. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии маслихата района Аққулы К. Жиеналин
      Cекретарь маслихата района Аққулы С. Мусинова

  Утвержден
решением маслихата
района Аққулы
от 7 августа 2020 года
№ 275/56

Порядок проведения раздельных сходов местного сообщества
на территории сельского округа Қарақала района Аққулы

      1. Настоящий порядок проведения раздельных сходов местного сообщества на территории сельского округа Қарақала района Аққулы разработан в соответствии со статьей 39-3 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", а также Типовыми правилами проведения раздельных сходов местного сообщества, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 и устанавливает проведение раздельного схода местного сообщества жителей сел на территории сельского округа Қарақала района Аққулы.

      2. Раздельный сход местного сообщества жителей сел (далее - раздельный сход) на территории сельского округа Қарақала района Аққулы созывается и проводится с целью избрания представителей для участия в сходе местного сообщества.

      3. Раздельный сход созывается акимом сельского округа Қарақала района Аққулы.

      Проведение раздельного схода допускается при наличии положительного решения акима района Аққулы на проведение схода местного сообщества.

      4. О времени, месте созыва раздельного схода и обсуждаемых вопросах население местного сообщества оповещается не позднее чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации или иными способами.

      5. Проведение раздельного схода в пределах сел организуется акимом сельского округа Қарақала района Аққулы.

      6. Перед открытием раздельного схода проводится регистрация присутствующих жителей сельского округа Қарақала района Аққулы, имеющих право в нем участвовать.

      7. Раздельный сход открывается акимом сельского округа Қарақала района Аққулы или уполномоченным им лицом.

      Председателем раздельного схода является аким сельского округа Қарақала района Аққулы или уполномоченное им лицо.

      Для оформления протокола раздельного схода открытым голосованием избирается секретарь.

      8. Кандидатуры представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества выдвигаются участниками раздельного схода в соответствии с количественным составом, утвержденным маслихатом района Аққулы.

      Количество представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества определяется на основе принципа равного представительства.

      9. Голосование проводится открытым способом персонально по каждой кандидатуре. Избранными считаются кандидаты, набравшие наибольшие голоса участников раздельного схода.

      10. На раздельном сходе ведется протокол, который подписывается председателем и секретарем и передается в аппарат акима сельского округа Қарақала района Аққулы.

Аққулы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 7 тамыздағы "Аққулы ауданы Қарақала ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы" № 275/56 шешімі

Павлодар облысы Аққулы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 7 тамыздағы № 275/56 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 17 тамызда № 6901 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Аққулы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қарашадағы № 51/11 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Аққулы аудандық мәслихатының 16.11.2023 № 51/11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 4 тамыздағы "Павлодар облысының Качир, Лебяжі аудандарын қайта атау туралы" № 724 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына, бірлескен Павлодар облысы әкімдігінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 2 қаулысы мен Павлодар облыстық мәслихатының 2020 жылғы 20 наурыздағы "Павлодар облысының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау мен транскрипциясын өзгерту туралы" № 442/38 шешіміне сәйкес, Аққулы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аққулы ауданының Қарақала ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу тәртібі осы шешімнің 1 - қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Аққулы аудандық мәслихатының 15.11.2022 № 113/22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Аққулы ауданы Қарақала ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 2 - қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Аққулы аудандық мәслихатының 15.11.2022 № 113/22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Лебяжі аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 қыркүйектегі "Лебяжі ауданы Қызыләскер ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы" № 4/36 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4043 болып тіркелген, 2014 жылғы 08 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихатының әлеуметтік сала және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аққулы аудандық мәслихатының сессия төрағасы К. Жиеналин
      Аққулы аудандық мәслихатының хатшысы С. Мусинова

  Аққулы аудандық
мәслихатының
2020 жылғы 7 тамызы
№ 275/56 шешімімен
бекітілген

Аққулы ауданы Қарақала ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті
қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі

      1. Осы Аққулы ауданы Қарақала ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес әзірленді және Аққулы ауданы Қарақала ауылдық округінің аумағында ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді белгілейді.

      2. Аққулы ауданы Қарақала ауылдық округінің аумағында ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

      3. Бөлек жиынды Аққулы ауданы Қарақала ауылдық округінің әкімі шақырады.

      Аққулы ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиынның шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Ауылдар шегінде бөлек жиынды өткізуді Аққулы ауданы Қарақала ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында Аққулы ауданы Қарақала ауылдық округінің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың тіркеуі жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды Аққулы ауданы Қарақала ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Аққулы ауданы Қарақала ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Аққулы аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Аққулы ауданы Қарақала ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.