Об утверждении порядка и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Тимирязевского района Северо-Казахстанской области

Решение Тимирязевского районного маслихата Северо-Казахстанской области от 24 июня 2020 года № 47/10. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 30 июня 2020 года № 6411

      В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и пунктом 5 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", Тимирязевский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить порядок и размер оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Тимирязевского района Северо-Казахстанской области согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии
районного маслихата
Ж.Жантоков
      Секретарь
районного маслихата
С.Мустафин

  Приложение
к решению Тимирязевского
районного маслихата
от 24 июня 2020 года № 47/10

Порядок и размер оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Тимирязевского района Северо-Казахстанской области

1. Общие положения

      1. Социальная поддержка по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива (далее – социальная поддержка) оказывается специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Тимирязевского района Северо-Казахстанской области (далее – специалисты).

      2. Оказание социальной поддержки специалистам осуществляется коммунальным государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ акимата Тимирязевского района Северо-Казахстанской области" (далее - уполномоченный орган) в пределах средств, предусмотренных на эти цели в районном бюджете.

2. Порядок оказания социальной поддержки

      3. Социальная поддержка оказывается без истребования заявлений от специалистов, на основании списков, утвержденных первыми руководителями государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии.

      4. Социальная поддержка осуществляется путем перечисления на лицевые счета специалистов через банки второго уровня или организации, имеющие лицензии на соответствующие виды банковских операций.

3. Размер оказания социальной поддержки

      5. Социальная поддержка оказывается специалистам один раз в год за счет бюджетных средств в размере 2 (двух) месячных расчетных показателей.

      Сноска. Пункт 5 в редакции решения Тимирязевского районного маслихата Северо-Казахстанской области от 20.09.2023 № 6/9 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 47/10 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 30 маусымда № 6411 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
Ж.Жантоков
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
С.Мустафин

  Тимирязев аудандық
мәслихатының
2020 жылғы 24 маусымы
№ 47/10 шешіміне
қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері

1. Жалпы ережелер

      1. Коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау (бұдан әрі – әлеуметтік қолдау) Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына (бұдан әрі - мамандар) көрсетіледі.

      2. Мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - уәкілетті орган) осы мақсаттарға аудандық бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

2. Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі

      3. Әлеуметтік қолдау мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының бірінші басшылары бекіткен тізімдер негізінде мамандардан өтініштер талап етілмей көрсетіледі.

      4. Әлеуметтік қолдау екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдар арқылы мамандардың жеке шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.

3. Әлеуметтік қолдау көрсету мөлшері

      5. Әлеуметтік қолдау мамандарға жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 20.09.2023 № 6/9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.