Об утверждении порядка и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Мактааральского района

Решение Мактааральского районного маслихата Туркестанской области от 30 апреля 2020 года № 64-400-VI. Зарегистрировано Департаментом юстиции Туркестанской области 4 мая 2020 года № 5591. Утратило силу решением Мактааральского районного маслихата Туркестанской области от 3 ноября 2023 года № 8-58-VIII

      Сноска. Утратило силу решением Мактааральского районного маслихата Туркестанской области от 03.11.2023 № 8-58-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 5 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Мактааральский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить порядок и размер оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Мактааральского района согласно приложению к настоящему решению.

      2. Признать утратившим силу решение Мактааральского районного маслихата от 23 ноября 2018 года № 41-275-VI "О предоставлении социальной помощи на оплату коммунальных услуг и приобретение топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Мактааральского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов 21 декабря 2018 года № 4844 и 03 января 2019 года в эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде).

      3. Государственному учреждению "Аппарат Мактааральского районного маслихата" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в Республиканском государственном учреждении "Департамент юстиции Туркестанской области Министерства юстиции Республики Казахстан";

      2) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе Мактааральского районного маслихата после его официального опубликования.

      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии А. Жолдасов
      Секретарь маслихата
      Мактааральского района К. Сарсекбаев

  Приложение
к решению Мактааральского
районного маслихата
от 30 апреля 2020 года
№ 64-400-VI

Порядок и размер оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах

      1. Социальная поддержка (далее - социальная поддержка) по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах оказывается за счет бюджетных средств (далее - специалисты).

      2. Назначение социальной поддержки осуществляется уполномоченным органом - государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ района Мактаарал".

      3. Социальная поддержка (далее-социальная поддержка по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива) предоставляется один раз в год.

      4. Социальная поддержка по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива оказывается за счет бюджетных средств, в размере 2 МРП (двух месячных расчетных показателей) специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, без истребования заявлений от получателей.

      5. Назначение социальной поддержки осуществляется уполномоченным органом на основании сводных списков утвержденных первыми руководителями государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии.

      6. Социальная помощь не оказывается в случаях:

      1) проживания в сельской местности за пределами Мактааральского района;

      2) совмещения должностей, должность получателя социальной поддержки по основному месту работы;

      3) несоответствия перечня должностей, имеющих право на социальную поддержку;

      4) при повторном обращении в течение года, при назначении социальной поддержки в текущем году.

Мақтаарал ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы

Түркістан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 64-400-VI шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 4 мамырда № 5591 болып тiркелді. Күші жойылды - Түркістан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 2023 жылғы 3 қарашадағы № 8-58-VIII шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 03.11.2023 № 8-58-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 5 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мақтаарал ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Мақтаарал аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 қарашадағы № 41-275-VI "Мақтаарал ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы" (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 4844 нөмiрiмен тiркелген және 2019 жылғы 03 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешiмiнiң күшi жойылды деп танылсын.

      3. "Мақтаарал аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Мақтаарал аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Жолдасов
      Мақтаарал аудандық
      мәслихатының хатшысы К. Сарсекбаев

  Мақтаарал аудандық
мәслихатының 2020 жылғы
30 сәуірдегі № 64-400-VI
шешіміне қосымша

Ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшері

      1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау (бұдан әрі - мамандар) бюджет қаражаты есебінен (бұдан әрі - әлеуметтік қолдау) көрсетіледі.

      2. Әлеуметтік қолдауды тағайындау уәкілетті орган – "Мақтаарал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.

      3. Әлеуметтік қолдау (бұдан әрі-коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау) жылына бір рет беріледі.

      4. Коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету бюджет қаражаты есебінен, алушылардан өтініштер талап етілмей, мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына 2 АЕК (екі айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінде көрсетіледі.

      5. Әлеуметтік қолдауды тағайындау уәкілетті органмен мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының бірінші басшылары бекіткен жиынтық тізімдер негізінде жүзеге асырады.

      6. Әлеуметтік көмек:

      1) Мақтаарал ауданынан тыс ауылдық жерде тұру;

      2) негізгі жұмыс орны бойынша әлеуметтік қолдау алушының лауазымдарын қоса атқару;

      3) әлеуметтік қолдауға құқығы бар лауазымдар тізіліміне сәйкес келмеу;

      4) ағымдағы жылы әлеуметтік қолдау тағайындалған кезде, жыл ішінде қайталап жүгіну жағдайларында көрсетілмейді.