Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 30.04.2020 № 64-400-VI шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мақтаарал ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу үшiн жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен 2 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде әлеуметтiк көмек берiлсiн;
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Мақтаарал аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын;
3. "Мақтаарал аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы мәслихат шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;
3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Мақтаарал ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Мақтаарал аудандық мәслихаттың интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Б.Жуманов |
Аудандық мәслихат хатшысы | К.Сарсекбаев |
Мақтаарал аудандық мәслихатының 2018 жылғы "23" қарашадағы № 41-275-VI шешіміне 1-қосымша |
1. Мақтарал аудандық мәслихатының 2013 жылғы 27 маусымдағы № 17-99-V "Мақтаарал ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2343 тіркелген, 2013 жылғы 9 тамызда "Мақтаарал" газетінде жарияланған);
2. Мақтаарал аудандық мәслихатының 2013 жылғы 27 маусымдағы № 17-99-V "Мақтаарал ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2970 тіркелген, 2015 жылғы 06 ақпандағы "Мақтаарал" газетінде жарияланған);
3. Мақтаарал аудандық мәслихатының 2013 жылғы 27 маусымдағы № 17-99-V "Мақтаарал ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4408 тіркелген 2018 жылғы 02 ақпандағы "Мақтаарал" газетінде және 2018 жылғы 31 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған.