О порядке организации и проведения мирных собраний в Мактааральском районе

Решение Мактааральского районного маслихата Туркестанской области от 3 июля 2020 года № 68-428-VI. Зарегистрировано Департаментом юстиции Туркестанской области 24 июля 2020 года № 5733

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и пунктом 2 статьи 8 Закона Республики Казахстан от 25 мая 2020 года "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан", Мактааральский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Специализированным местом для организации и проведения мирных собраний в Мактааральском районе определить площадку в парке "Алпамыс батыр" в селе Оркениет, улица Ж.Ыбраева сельского округа Мактарал;

      2. Определить в качестве маршрута следования для проведения демонстраций и шествий расстояние от угла улицы Т. Мадиходжаева и улицы Т.Тлеубердина до пересечения улицы Т.Тлеубердина и улицы А.Яссауи поселка Мырзакент в Мактааральском районе.

      3. Определить порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний в Мактааральском районе, нормы их предельной заполняемости, требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний и шествий согласно приложению-1 к настоящему решению.

      4. Определить границы прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования согласно приложению-2 к настоящему решению.

      5. Государственному учреждению "Аппарат Мактааральского районного маслихата" в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в Республиканском государственном учреждении "Департамент юстиции Туркестанской области Министерства юстиции Республики Казахстан";

      2) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе Мактааральского районного маслихата после его официального опубликования.

      6. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Мактааральского
      районного маслихата Б. Жуманов
      Секретарь маслихата
      Мактааральского района К. Сарсекбаев

  Приложение 1 к решению
Мактааральского районного
маслихата от "03" июля
2020 года № 68-428-VI

ПОРЯДОК
использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний и шествий

      Специализированное место для организации и проведения мирных собраний – место общего пользования или маршрут следования, определенные Мактааральским районным маслихатом для проведения мирных собраний или шествий.

Материально-техническое оснащение специализированных мест для проведения мирных собраний и шествий


п/п

Наименование специализированного места

Материально-техническое оснащение

Нормы предельной заполняемости

1.

Площадка в парке "Алпамыс батыр" в селе Оркениет, улица Ж.Ыбраева сельского округа Мактарал

-уличное освещение;
-точка для подключения электро энергии;
-камеры видеонаблюдения и видеофиксации;
-парковочные места (1 заезд, 1 выезд)

150 Человек

      Представитель местного исполнительного органа при положительном рассмотрении уведомления/заявления совместно с организатором мирного собрания/шествия выезжает на специализированное место проведения за один день для согласования порядка ведения мероприятия по вопросам:

      - отличительного знака организаторов мирных собраний;

      - для определения периметра и ознакомления с материально-техническими характеристиками места проведения;

      - использовать при проведении мирных собраний звукоусиливающие технические средства, с уровнем звука, соответствующим законодательству Республики Казахстан, плакаты, транспаранты и иные средства наглядной агитации, а также транспортные средства в случаях, предусмотренных Законом;

      -специально отведенного места для СМИ (ограничение лентой, либо ограждением; обеспечение достаточной видимости для произведения фото-видеосъемки и получения интервью);

      - использования средств аудиовизуальной техники, а также техники для произведения видео и фотосъемки при проведении мирных собраний;

      Для ознокомления с маршрутом шествия от угла улицы Т. Мадиходжаева и улицы Т.Тлеубердина до пересечения улицы Т.Тлеубердина и улицы А.Яссауи поселка Мырзакент в Мактааральском районе.

      В день проведения мирного собрания организатор и его участники:

      - находятся на территории специализированного места в течение времени, указанного в заявлении;

      - обеспечивают сохранность зданий, сооружений, малых архитектурных форм, зеленых насаждений, а также иного имущества;

      - соблюдают санитарные нормы и правила техники безопасности, законодательство Республики Казахстан по соблюдению общественного правопорядка;

      - носят отличительный знак организатора мирных собраний.

  Приложение 2 к решению
Мактааральского районного
маслихата от "03" июля
2020 года № 68-428-VI

Границы прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования

      Проведение пикетирования запрещается:

      1. В местах массовых захоронений;

      2. На объектах железнодорожного, водного, воздушного и автомобильного транспорта и прилегающих к ним территориях;

      3. На территориях, прилегающих к организациям, обеспечивающим обороноспособность, безопасность государства и жизнедеятельность населения;

      4. На территориях, прилегающих к резиденциям Президента Республики Казахстан, Первого Президента Республики Казахстан – Елбасы;

      5. На территориях, прилегающих к опасным производственным объектам и иным объектам, эксплуатация которых требует соблюдения специальных правил техники безопасности;

      6. На магистральных железнодорожных сетях, магистральных трубопроводах, национальной электрической сети, магистральных линиях связи и прилегающих к ним территориях.

Мақтаарал ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы

Түркістан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 2020 жылғы 3 шілдедегі № 68-428-VI шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 24 шілдеде № 5733 болып тiркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына және "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңының 8 бабының 2 тармағына сәйкес, Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мақтаарал ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын болып Мақтарал ауылдық округі, Өркениет ауылы, Ж.Ыбраев көшесі "Алпамыс батыр" саябағындағы алаң айқындалсын.

      2. Мақтаарал ауданында демонстрациялар мен шерулер өткізу үшін жүру маршруты ретінде Мырзакент кентінің Т.Мадиходжаев көшесі мен А.Тлеубердин көшесінің бұрышынан А.Тлеубердин көшесі мен А.Яссауи көшесінің қиылысына дейінгі аралық айқындалсын.

      3. Мақтаарал ауданында бейбіт жиналыстар мен шерулерді ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      4. Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      5. "Мақтаарал аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Мақтаарал аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      6. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мақтаарал аудандық
      мәслихаты сессиясының төрағасы Б. Жуманов
      Мақтаарал аудандық
      мәслихатының хатшысы К. Сарсекбаев

  Мақтаарал аудандық
мәслихатының 2020 жылғы
"03" шілдедегі № 68-428-VI
шешіміне 1-қосымша

Бейбіт жиналыстар мен шерулерді ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану
ТӘРТІБІ

      Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын Мақтаарал аудандық мәслихаты бейбіт жиналыстарды немесе шерулерді өткізу үшін айқындаған жалпыға ортақ пайдаланылатын орын немесе жүру маршруты.

Бейбіт жиналыстар мен шерулер өткізу үшін арнайы орындардың материалдық-техникалық қамтамасыз етуі


п/п

Арнайы орын атауы

Материалдық-техникалық қамтамасыз етуі

Шекті толу нормалары

1.

Мақтарал ауылдық округі, Өркениет ауылы, Ж.Ыбраев көшесі "Алпамыс батыр" саябағының алаңы

- көше жарығы;
-электр энергиясын қосу нүктесі;
-бейне бақылау және бейне жазба камералары;
- автотұрақ орны (1 кіру, 1 шығу).

150 адам

      Жергілікті атқарушы органның өкілі хабарлама/өтініш бойынша оң шешім қабылданған кезде, бейбіт жиналыстың/шерудің ұйымдастырушысымен бір күн бұрын іс-шараны өткізу ережесін келесі сұрақтар бойынша келісу үшін арнайы орынға барады:

      -бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушылардың айырым белгісі;

      -периметрі және өткізу орнының материалдық-техникалық сипаттамасымен танысу мен анықтау үшін;

      - Заңда көзделген жағдайларда бейбіт жиналыстар өткізу кезінде дыбыс деңгейі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келетін дыбыс күшейткіш техникалық құралдарды, плакаттарды, транспаранттарды және өзге де көрнекі үгіттеу құралдарын, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалануға;

      - БАҚ үшін арнайы белгіленген орын (лента немесе қоршау мен шектеу; фото-видео түсірілім және сұхбаттасу үшін жеткілікті көрінуді қамтамасыз ету);

      - бейбіт жиналыстар өткізу кезінде аудио визуалды техника құралдарын пайдалануға, сондай-ақ бейне және фото түсірілім жасауды;

      Мырзакент кентінің Т.Мадиходжаев көшесі мен А.Тлеубердин көшесінің бұрышынан А.Тлеубердин көшесі мен А.Яссауи көшесінің қиылысына дейінгі шеру бағытымен танысу.

      Бейбіт жиналыс өткізу күні ұйымдастырушы және оған қатысушылар:

      - өтініште көрсетілген мерзім аралығында арнайы орынның аумағында орналасады;

      -ғимараттардың, құрылыс жайлардың, шағын сәулет нысандарының, жасыл екпелердің, сондай-ақ өзге де мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;

      -санитарлық нормалар мен қауіпсіздік ережелерін сақтап, Қазақстан Республикасының қоғамдық тәртіпті сақтау туралы заңнамасын сақтайды;

      -бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының айырым белгісін тағып жүреді.

  Мақтаарал аудандық
мәслихатының 2020 жылғы
"03" шілдедегі № 68-428-VI
шешіміне 2-қосымша

Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      Пикеттеуді өткізуге тыйым салынады:

      1. Жаппай жерлеу орындарында;

      2. Теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

      3. Мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

      4. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының резиденцияларына іргелес жатқан аумақтарда;

      5. Қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

      6. Магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыр жолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда.