Об оказании социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах города Семей

Решение маслихата города Семей Восточно-Казахстанской области от 29 апреля 2020 года № 52/378-VI. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 15 мая 2020 года № 7062. Утратило силу - решением маслихата города Семей Восточно-Казахстанской области от 29 октября 2021 года № 17/112-VII

      Сноска. Утратило силу - решением маслихата города Семей Восточно-Казахстанской области от 29.10.2021 № 17/112-VII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание ИЗПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан и пунктом 5 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", маслихат города Семей РЕШИЛ:

      1. Оказать социальную поддержку по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств, в размере 11,197 месячных расчетных показателей в сумме 31 104 (тридцать одна тысяча сто четыре) тенге, специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии проживающим и работающим в сельских населенных пунктах города Семей, без истребования заявлений от получателей.

      Сноска. В пункт 1 внесено изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется решением маслихата города Семей Восточно-Казахстанской области от 07.08.2020 № 55/397-VI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Определить следующий порядок оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива (далее - социальная поддержка):

      1) назначение социальной поддержки осуществляется уполномоченным органом – государственным учреждением "Отдел занятости, социальных программ и регистрации актов гражданского состояния города Семей ВКО" на основании сводных списков, утвержденных первыми руководителями государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии;

      2) социальная поддержка оказывается лицам, постоянно проживающим и работающим в сельских населенных пунктах на территории города Семей;

      3) социальная поддержка предоставляется один раз в год.

      4) выплата социальной помощи осуществляется на счета акционерного общества "Казпочты" и банков второго уровня.

      Сноска. Пункт 2 с изменением, внесенным решением маслихата города Семей Восточно-Казахстанской области от 07.08.2020 № 55/397-VI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Основания для отказа предоставляемой социальной поддержки:

      1) проживание в сельской местности за пределами города Семей;

      2) несоответствие перечню должностей, имеющих право на социальную поддержку, устанавливаемые местным исполнительным органом;

      3) повторное обращение в течение года, в случае назначения социальной поддержки в текущем году.

      4. Признать утратившими силу следующие решения:

      1) решение маслихата города Семей от 18 июня 2019 года № 39/272-VI "Об оказании социальной поддержки специалистам государственных организаций, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах города Семей по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 6033, опубликовано в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде 28 июня 2016 года);

      2) решение маслихата города Семей от 3 марта 2020 года № 49/337-VI "О внесении изменения в решение маслихата города Семей от 18 июня 2019 года № 39/272-VI "Об оказании социальной поддержки специалистам государственных организаций, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах города Семей по оплате коммунальных услуг и приобритению топлива" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 6772, опубликовано в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде 20 марта 2020 года).

      5. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии городского маслихата Ж. Молдагалиева
      Секретарь городского маслихата Б. Акжалов

Семей қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету туралы

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 52/378-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 15 мамырда № 7062 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2021 жылғы 29 қазанда № 17/112-VII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 29.10.2021 № 17/112-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1- тармағының15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабы 5-тармағына сәйкес, Семей қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Семей қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алуға, алушылардан өтініштерін талап етпей, бюджет қаражаты есебінен 31 104 теңге (отыз бір мың жүз төрт) 11,197 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік қолдау көрсетілсін.

      Ескерту. 1-тармақ қазақ тілінде жаңа редакцияда, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 07.08.2020 № 55/397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің (одан әрі - әлеуметтік қолдау) келесі тәртібі белгіленсін:

      1) әлеуметтік қолдауды тағайындауды мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының бірінші басшыларымен бекітілген жинақ тізім негізінде уәкілетті орган – "ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады;

      2) әлеуметтік қолдау Семей қаласы аумағындағы ауылдық елді мекендерде тұрақты тұратын және жұмыс істейтін тұлғаларға көрсетіледі;

      3) әлеуметтік қолдау жылына бір рет беріледі.

      4) әлеуметтік көмек төлемі "Қазпошта" акционерлік қоғамы және екінші деңгейлі банктердегі есеп шоттар арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 07.08.2020 № 55/397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Әлеуметтік қолдау көрсетуден бас тарту негіздемелері:

      1) Семей қаласы шегінен тысқары ауылдық жерде тұру;

      2) жергілікті атқарушы орган белгілеген әлеуметтік қолдау алу құқығы бар лауазымдар тізіліміне сәйкес келмеуі;

      3) ағымдағы жылы әлеуметтік қолдау тағайындалған жағдайда, жыл бойы екінші рет жүгінуі.

      4. Келесі шешімдердің күші жойылды деп танылсын:

      1) Семей қаласы мәслихатының 2019 жылғы 18 маусымдағы № 39/272-VI "Семей қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру,білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6033 болып тіркелген,2019 жылғы 28 маусымда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілер эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      2) Семей қаласы мәслихатының 2020 жылғы 3 наурыздағы № 49/337-VI "Семей қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету туралы" Семей қаласы мәслихатының 2019 жылғы 18 маусымдағы № 39/272-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6772 болып тіркелген, 2020 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілер эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы Ж. Молдагалиева
      Қалалық мәслихаттың хатшысы Б. Ақжалов