О признании утратившим силу решения Жарминского районного маслихата от 20 апреля 2018 года № 20/185-VI "О ставках фиксированного налога"

Решение Жарминского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 24 февраля 2020 года № 43/371-VI. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 2 марта 2020 года № 6742

      Примечание ИЗПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с пунктом 2 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах", подпунктом 2) статьи 2 Закона Республики Казахстан от 25 декабря 2017 года "О введении в действие Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс)", Жарминский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Признать утратившим силу решение Жарминского районного маслихата от 20 апреля 2018 года № 20/185-VІ "О ставках фиксированного налога" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5-10-137, опубликовано в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде 11 мая 2018 года).

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии К. Тулеубаева
      Секретарь Жарминского районного маслихата А. Сахметжанова

Жарма аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 20/185-VI "Тіркелген салықтың мөлшерлемелері туралы" шешімнің күші жойылды деп тану туралы

Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 ақпандағы № 43/371-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 2 наурызда № 6742 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Заңының 2 бабының 2) тармақшасына сәйкес, Жарма аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жарма аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 20/185-VІ "Тіркелген салықтың мөлшерлемелері туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-10-137 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылы 11 мамырда жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кеиін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы К. Тулеубаева
      Жарма аудандық мәслихатының хатшысы А. Сахметжанова