Тіркелген салықтың мөлшерлемелері туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 20/185-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Жарма аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 2 мамырда № 5-10-137 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 ақпандағы № 43/371-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 24.02.2020 № 43/371-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кеиін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Кодексінің 546-бабының 3 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес, Жарма аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Жарма ауданында қызметін жүзеге асыру салық төлеушілерге бірыңғай тіркелген салықтың мөлшермелері белгіленсін.

      2. Жарма аудандық мәслихатының 2012 жылғы 5 маусымдағы № 3/32-V "Тіркелген салықтың ставкаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 19 маусымда № 5-10-134 болып тіркелген, "Қалба тынысы" газетінде 2012 жылы 22 маусымда жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кеиін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Сахметжанова
      Мәслихат хатшысы А. Сахметжанова

  Жарма аудандық мәслихатының
2018 жылғы 20 сәуірдегі
№ 20/185-VІ шешіміне қосымша

Р/с №

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салықтың мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіш-термен)

1

Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

2

Бiреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

3

Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер

1

4

Ойын жолы

5

5

Карт

2

6

Бильярд үстелі

3

7

Уәкілетті ұйымның айырбастау пункті

10


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады