Об установлении права ограниченного целевого пользования (публичный сервитут) земельными участками для размещения и эксплуатации телефонной канализации в селе Парыгино

Решение акима Парыгинского сельского округа района Алтай Восточно-Казахстанской области от 9 октября 2020 года № 1. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 16 октября 2020 года № 7673

      Примечание ИЗПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии со статьей 19, подпунктом 2) пункта 4 статьи 69 Земельного кодекса Республики Казахстан от 20 июня 2003 года, подпунктом 6) пункта 1 статьи 35 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" аким Парыгинского сельского округа района Алтай РЕШИЛ:

      1. Установить акционерному обществу "Казахтелеком" право ограниченного целевого пользования земельными участками (публичный сервитут), без изъятия земельных участков у собственников и землепользователей, общей площадью 0,1499 гектар сроком на 10 лет до 31 декабря 2030 года, для размещения и эксплуатации телефонной канализации АТС - 278, расположенный в селе Парыгино по улице Победы 2А, согласно приложению к настоящему решению.

      2. Государственному учреждению "Аппарат акима Парыгинского сельского округа района Алтай Восточно-Казахстанской области" обеспечить государственную регистрацию настоящего решения в Департаменте юстиции Восточно-Казахстанской области.

      3. Государственному учреждению "Отдел земельных отношений района Алтай" заключить договор сервитута с акционерным обществом "Казахтелеком".

      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Парыгинского сельского округа Н. Бакынова

  Приложение к решению акима
Парыгинского сельского округа
от 9 октября 2020 года № 1

№ п\п

Местоположение земельного участка

Площадь земельного участка, га

1

2

3

1

Восточно-Казахстанская область, район Алтай,
село Парыгино начиная с Автоматической телефонной станции 278 (адрес улица Победы 2 А), до улицы Советская, по улице Победы, Школьная, Центральная, Советская.
Шкаф распределения по улице Советская 27804 и 27803.
Шкаф распределения по улице Центральная 27802;
Шкаф распределения по улице Школьная 27801.

0,1499


Итого:

0,1499


Парыгино ауылындағы телефон кәрізін орналастыру және пайдалану үшін жер телімдеріне шектеулі мақсатта пайдалану (қауымдық сервитут) құқығын белгілеу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Парыгино ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 9 қазандағы № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 16 қазанда № 7673 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес Алтай ауданы Парыгино ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімге қосымшаға сәйкес "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына Парыгино ауылы Победы көшесі 2А бойынша орналасқан АТС – 278 телефон кәрізін орналастыру және пайдалану үшін жалпы ауданы 0,1499 гектар жер телімдерін меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардан алып қоюсыз 2030 жылдың 31 желтоқсанына дейін 10 жыл мерзімге жер телімдерін шектеулі мақсатта пайдалану (қауымдық сервитут) құқығы белгіленсін.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Парыгино ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы шешімнің Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етісн.

      3. "Алтай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Қазақтелеком" акционерлік қоғамымен сервитут шартын жасасын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

      Парыгино ауылдық округінің әкімі Н. Бакынова

  Парыгино ауылдық
округі әкімінің
2020 жылғы 9 қазаны
№ 1 шешіміне
қосымша

  №  

Жер телімдерінің орналасқан жері

Жер телімінің ауданы, га

1

2

3

1

Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданы, Парыгино ауылы 278 Автоматты телефон станциясынан бастап (мекенжайы: Победы көшесі 2 А) Советская көшесіне дейін, Победы, Школьная, Центральная, Советская көшелері бойынша.
Советская көшесі бойынша 27804 және 27803 тарату шкафы.
Центральная көшесі бойынша 27802 тарату шкафы;
Школьная көшесі бойынша 27801 тарату шкафы.

0,1499

Барлығы:

0,1499