ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес Алтай ауданы Парыгино ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімге қосымшаға сәйкес "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына Парыгино ауылы Победы көшесі 2А бойынша орналасқан АТС – 278 телефон кәрізін орналастыру және пайдалану үшін жалпы ауданы 0,1499 гектар жер телімдерін меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардан алып қоюсыз 2030 жылдың 31 желтоқсанына дейін 10 жыл мерзімге жер телімдерін шектеулі мақсатта пайдалану (қауымдық сервитут) құқығы белгіленсін.
2. "Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Парыгино ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы шешімнің Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етісн.
3. "Алтай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Қазақтелеком" акционерлік қоғамымен сервитут шартын жасасын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
Парыгино ауылдық округінің әкімі | Н. Бакынова |
Парыгино ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 9 қазаны № 1 шешіміне қосымша |
№ | Жер телімдерінің орналасқан жері | Жер телімінің ауданы, га |
1 | 2 | 3 |
1 |
Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданы, Парыгино ауылы 278 Автоматты телефон станциясынан бастап (мекенжайы: Победы көшесі 2 А) Советская көшесіне дейін, Победы, Школьная, Центральная, Советская көшелері бойынша. | 0,1499 |
Барлығы: | 0,1499 |