Об оказании социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Курчумского района

Решение Курчумского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 24 июня 2020 года № 50/4-VI. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 9 июля 2020 года № 7320. Утратило силу решением Курчумского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 22 октября 2024 года № 28/3-VIII

      Сноска. Утратило силу решением Курчумского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 22.10.2024 № 28/3-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание ИЗПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и подпунктом 4) пункта 3 статьи 7, пунктом 5 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", Курчумский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Оказать социальную поддержку по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств, в размере 11,1966 (одиннадцать целых одна тысяча девятьсот шестьдесят шесть десятитысячных) месячных расчетных показателей, специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Курчумского района, без истребования заявлений от получателей.

      2. Определить следующий порядок оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива (далее - социальная поддержка):

      1) назначение социальной поддержки осуществляется уполномоченным органом - государственным учреждением "Отдел занятости, социальных программ и регистрации актов гражданского состояния Курчумского района ВКО" на основании сводных списков, утвержденных первыми руководителями государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии;

      2) социальная поддержка оказывается лицам, постоянно проживающим и работающим в сельских населенных пунктах на территории Курчумского района;

      3) социальная поддержка предоставляется один раз в год.

      3. Основания для отказа предоставляемой социальной поддержки:

      1) проживание в сельской местности за пределами Курчумского района;

      2) несоответствие перечню должностей, имеющих право на социальную поддержку, устанавливаемые местным исполнительным органом;

      3) повторное обращение в течение года, в случае назначения социальной поддержки в текущем году.

      4. Признать утратившим силу решение Курчумского районного маслихата от 16 октября 2019 года № 43/3-VІ "Об оказании социальной поддержки специалистам государственных организаций, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Курчумского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 6292, опубликовано в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде 26 ноября 2019 года).

      5. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Н. Кудабаева
      Секретарь Курчумского районного маслихата Л. Кемешева

Күршім ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтер және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету туралы

Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 50/4-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 9 шілдеде № 7320 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 2024 жылғы 22 қазандағы № 28/3-VIII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 22.10.2024 № 28/3-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабы 5-тармағына, 7-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Күршім аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Күршім ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алуға, алушылардан өтініштерін талап етпей, бюджет қаражаты есебінен 11,1966 (он бір бүтін он мыңнан бір мың тоғыз жүз алпыс алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік қолдау көрсетілсін.

      2. Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің (одан әрі - әлеуметтік қолдау) келесі тәртібі белгіленсін:

      1) әлеуметтік қолдауды тағайындауды мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының бірінші басшыларымен бекітілген жинақ тізім негізінде уәкілетті орган - "ШҚО Күршім ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады;

      2) әлеуметтік қолдау Күршім ауданының аумағындағы ауылдық елді мекендерде тұрақты тұратын және жұмыс істейтін тұлғаларға көрсетіледі;

      3) әлеуметтік қолдау жылына бір рет беріледі.

      3. Әлеуметтік қолдау көрсетуден бас тарту негіздемелері:

      1) Күршім ауданының шегінен тысқары ауылдық жерде тұру;

      2) жергілікті атқарушы орган белгілеген әлеуметтік қолдау алу құқығы бар лауазымдар тізіліміне сәйкес келмеуі;

      3) ағымдағы жылы әлеуметтік қолдау тағайындалған жағдайда, жыл бойы екінші рет жүгінуі.

      4. Күршім аудандық мәслихатының 2019 жылғы 16 қазандағы № 43/3-VІ "Күршім ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6292 нөмірімен тіркелген, 2019 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Н. Кудабаева
      Күршім аудандық мәслихат хатшысы Л. Кемешева