Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 24.06.2020 № 50/4-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18 - бабының 5 - тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 - бабының 1 - тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Күршім аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Күршім ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау бюджет қаражаты есебінен 18000 (он сегіз мың) теңге мөлшерінде жылына бір рет көрсетіледі.
2. Коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің (одан әрі - әлеуметтік қолдау) келесі тәртібі белгіленсін:
1) әлеуметтік қолдауды тағайындауды уәкілетті орган - "ШҚО Күршім ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі (одан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырады;
2) жеке тұлға (немесе оның нотариалдық сенімхатпен расталған өкілі) (одан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) әлеуметтік қолдауды алу үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамға (одан әрі - Мемлекеттік корпорациясы), көрсетілетін қызметті берушіге немесе ауылдық округ әкіміне еркін түрде өтінішпен жүгінеді және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес құжаттарды ұсынады;
3) Мемлекеттік корпорацияға, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде әлеуметтік қолдауды тағайындау туралы шешімді немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты қызметті беруші құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қабылдайды, Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;
4) әлеуметтік қолдауды тағайындаудан бас тартуға:
көрсетілетін қызметті алушы осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынуы;
өтініш беруші берген мәліметтердің жалған болуы немесе берілген құжаттардың сәйкес келмеуі;
Күршім ауданының тыс ауылды жерде тұруы;
лауазымдарды біріктірген кезде негізгі жұмыс орны бойынша әлеуметтік қолдау алушының лауазымы әлеуметтік қолдауға құқық беретін лауазымдар тізіліміне сәйкес келмеуі;
ағымдағы жылы әлеуметтік қолдау тағайындалған жағдайда жыл ішінде екінші рет жүгінуі негіз болады.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Бахтияров |
Күршім аудандық мәслихат хатшысы | Л. Кемешева |