О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решение акима Аксуатского сельского округа Тарбагатайского района от 21 августа 2019 года № 125 "Об установлении ограничительных мероприятий на территории крестьянского хозяйства "Акмарал" Аксуатского сельского округа Тарбагатайского района"

Решение акима Аксуатского сельского округа Тарбагатайского района Восточно-Казахстанской области от 13 февраля 2020 года № 21. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 17 февраля 2020 года № 6730

      Примечание ИЗПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с подпунктом 8) статьи 10-1 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии", подпунктом 4) пункта 2 статьи 46 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах", на основании представления главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора Тарбагатайской районной территориальной инспекции Комитета ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 20 января 2020 года № 14, аким Аксуатского сельского округа РЕШИЛ:

      1. В связи с проведением комплекса ветеринарных мероприятий по ликвидации болезни бруцеллез среди крупного рогатого скота, снять установленные ограничительные мероприятия на территории крестьянского хозяйства "Акмарал" Аксуатского сельского округа Тарбагатайского района.

      2. Признать утратившим силу решение акима Аксуатского сельского округа Тарбагатайского района от 21 августа 2019 года № 125 "Об установлении ограничительных мероприятий на территории крестьянского хозяйства "Акмарал" Аксуатского сельского округа Тарбагатайского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 6127, опубликован в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде 27 августа 2019 года).

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Аксуатского сельского округа Г. Нугиев

Шектеу іс-шараларын тоқтату және Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 21 тамыздағы № 125 "Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылдық округінің "Ақмарал" шаруа қожалығының аумағына шектеу іс-шараларын белгiлеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 13 ақпандағы № 21 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 17 ақпанда № 6730 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабының 2 тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Тарбағатай ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 14 ұсынысы негізінде Ақсуат ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Мүйізді ірі қара малдарының арасынан бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылдық округінің "Ақмарал" шаруа қожалығының аумағына белгіленген шектеу іс–шаралары тоқтатылсын.

      2. Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 21 тамыздағы № 125 "Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылдық округінің "Ақмарал" шаруа қожалығының аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6127 тіркелген, 2019 жылғы 27 тамыз Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Ақсуат ауылдық округінің әкімі Г. Нугиев