Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылдық округіннің "Ақмарал" шаруа қожалығының аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 21 тамыздағы № 125 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 22 тамызда № 6127 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 13 ақпандағы № 21 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылдық округі әкімінің 13.02.2020 № 21 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2019 жылғы 10 маусымдағы № 549 ұсынысы негізінде, Ақсуат ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Мүйізді ірі қара малдардың арасынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылдық округінің "Ақмарал" шаруа қожалығының аумағына шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақсуат ауылдық округінің әкімі Ғ. Нұғиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады