Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местным исполнительным органом Западно-Казахстанской области

Постановление акимата Западно-Казахстанской области от 30 апреля 2020 года № 91. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 30 апреля 2020 года № 6211

      Примечание ИЗПИ!
      Порядок введения в действие настоящего постановления см. в п. 4

      Руководствуясь Бюджетным кодексом Республики Казахстан и Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 20 марта 2020 года № 126 "О мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан от 16 марта 2020 года № 287 "О дальнейших мерах по стабилизации экономики" акимат Западно-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Определить следующие условия, объем и целевое назначение выпуска местным исполнительным органом Западно-Казахстанской области государственных ценных бумаг для обращения на внутреннем рынке:

      1) условия:

      год выпуска государственных ценных бумаг – 2020 год;

      вид ценных бумаг – государственные ценные бумаги, выпускаемые местными исполнительными органами областей, городов республиканского значения, столицы, для обращения на внутреннем рынке для финансирования строительства жилья в рамках реализации государственных и правительственных программ;

      2) объем - не более 6 000 000 000 (шесть миллиардов) тенге;

      3) целевое назначение – финансирование строительства жилья в рамках реализации государственных и правительственных программм.

      2. Государственному учреждению "Управление финансов Западно-Казахстанской области" (Имашев Д.Б.) обеспечить государственную регистрацию данного постановления в органах юстиции.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Западно-Казахстанской области Конысбаеву Б.Т.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования и распространяется на правоотношения, возникшие с 06 апреля 2020 года.

      Аким Западно-Казахстанской области Г. Искалиев

Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органымен мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау мәселелері туралы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 91 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 30 сәуірде № 6211 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 "Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 126 қаулысына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Батыс Қазақстан облысы жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберуі үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының мынадай шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты айқындалсын:

      1) шарттар:

      мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жылы – 2020 жыл;

      бағалы қағаздардың түрі – мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар;

      2) көлемі - 6 000 000 000 (алты миллиард) теңгеден артық емес;

      3) нысаналы мақсаты – мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру щеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру.

      2. "Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Д.Б. Имашев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б.Т. Қонысбаеваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылдың 06 сәуірінен бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Батыс Қазақстан облысының әкімі Г. Искалиев