Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органымен мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы" 2020 жылғы 7 сәуірдегі № 61 және "Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органымен мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау мәселелері туралы" 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 91 қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 9 тамыздағы № 207 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 12 тамызда № 7420-07 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органымен мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы" 2020 жылғы 7 сәуірдегі № 61 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6131 болып тіркелген) және "Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органымен мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау мәселелері туралы" 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 91 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6211 болып тіркелген) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Т.Е.Каюповқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Батыс Қазақстан облысының әкімі Н. Турегалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады