Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка их использования, норм их предельной заполняемости, требований к их материально-техническому и организационному обеспечению, границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в городе Уральск

Решение Уральского городского маслихата Западно-Казахстанской области от 14 августа 2020 года № 49-2. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 14 августа 2020 года № 6341

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 25 мая 2020 года "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан", Уральский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить специализированные места для организации и проведения мирных собраний в городе Уральск, нормы их предельной заполняемости согласно приложению 1 к настоящему решению.

      2. Определить порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний в городе Уральск согласно приложению 2 к настоящему решению.

      3. Определить требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний в городе Уральск согласно приложению 3 к настоящему решению.

      4. Определить границы прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в городе Уральск, согласно приложению 4 к настоящему решению.

      5. Руководителю аппарата Уральского городского маслихата (С.Давлетов) обеспечить государственную регистрацию данного решения в органах юстиции.

      6. Настоящее решение вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Председатель сессии М. Каженов
      Секретарь Уральского городского маслихата А. Аубекеров

  Приложение 1
к решению Уральского
городского маслихата
от 14 августа 2020 года № 49-2

Специализированные места для организации и проведения мирных собраний в городе Уральск и нормы их предельной заполняемости

      1. Определить следующие специализированные места для организации и проведения мирных собраний и нормы их предельной заполняемости:

      1) площадь на Набережной реки Урал - улица Е.ПугачҰва, норма предельной заполняемости – не более 2500 человек;

      2) сквер нефтяников и геологов - улица С.Даумова, норма предельной заполняемости – не более 500 человек;

      3) сквер за площадью "Славные дочери казахского народа" - по проспекту Н.Назарбаева, норма предельной заполняемости – не более 1500 человек.

      2. Маршрут следования для организации и проведения мирных собраний в форме шествий и демонстраций в городе Уральск: от улицы Е.ПугачҰва вдоль улицы Исатай - Махамбета до пересечения с улицей Сарайшык, норма предельной заполняемости – не более 2500 человек.

  Приложение 2
к решению Уральского
городского маслихата
от 14 августа 2020 года № 49-2

Порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний в городе Уральск

      1. Мирные собрания проводятся в специализированных местах для организации и проведения мирных собраний. Запрещается проведение мирных собраний в иных местах, за исключением пикетирования.

      2. В случае, если на проведение мирного собрания в одном и том же месте и (или) по одному и тому же маршруту следования либо в одно и то же время одновременно претендует несколько организаторов мирных собраний, очередность использования указанного места определяется местным исполнительным органом исходя из времени получения им соответствующего уведомления или заявления от организатора мирных собраний.

      3. Мирные собрания не могут начинаться ранее 9 часов и заканчиваться позднее 20 часов по местному времени административно-территориальной единицы в день проведения мирных собраний.

      4. Не допускается проведение двух и более пикетов в одном и том же месте в одно и то же время у одного и того же объекта, за исключением специализированных мест для организации и проведения мирных собраний.

      Продолжительность пикетирования не должна превышать 2-х часов в день в одном и том же месте у одного и того же объекта, за исключением специализированных мест для организации и проведения мирных собраний.

      5. Организатор мирных собраний по требованию представителя местного исполнительного органа, сотрудников правоохранительных органов приостанавливает или прекращает мирные собрания в случаях, предусмотренных статьями 17 и 18 Закона Республики Казахстан от 25 мая 2020 года "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан" (далее – Закон), с информированием участников мирных собраний о необходимости исполнения такого требования.

  Приложение 3
к решению Уральского
городского маслихата
от 14 августа 2020 года № 49-2

Требования
к материально – техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний в городе Уральск

      1. Материально-техническое и организационное обеспечение проведения мирных собраний осуществляется их организатором и участниками за счет собственных средств, а также за счет средств и имущества, собранных и (или) переданных для проведения данных мирных собраний, если настоящим Законом и иными законами Республики Казахстан не установлено иное.

      2. Запрещается финансирование организации и проведения мирных собраний:

      физическими лицами и (или) юридическими лицами, включенными в перечень организаций и лиц, связанных с финансированием распространения оружия массового уничтожения, и (или) в перечень организаций и лиц, связанных с финансированием терроризма и экстремизма;

      юридическим лицом, деятельность которого приостановлена или запрещена в установленном законом Республики Казахстан порядке;

      иностранцами, лицами без гражданства и иностранными юридическими лицами.

      3. Запрещается установление юрт, палаток, иных сооружений в специализированных местах для организации и проведения мирных собраний без согласия местного исполнительного органа.

  Приложение 4
к решению Уральского
городского маслихата
от 14 августа 2020 года № 49-2

Границы прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования по городу Уральск

      Определить границы проведения пикетирования на расстоянии не менее 300 метров от прилегающих территорий следующих объектов в городе Уральск:

      1) в местах массовых захоронений;

      2) на объектах железнодорожного, водного, воздушного и автомобильного транспорта и прилегающих к ним территориях;

      3) на территориях, прилегающих к организациям, обеспечивающим обороноспособность, безопасность государства и жизнедеятельность населения;

      4) на территориях, прилегающих к резиденциям Президента Республики Казахстан, Первого Президента Республики Казахстан – Елбасы;

      5) на территориях, прилегающих к опасным производственным объектам и иным объектам, эксплуатация которых требует соблюдения специальных правил техники безопасности;

      6) на магистральных железнодорожных сетях, магистральных трубопроводах, национальной электрической сети, магистральных линиях связи и прилегающих к ним территориях.

Орал қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібі, шекті толтырылу нормалары, олардың материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы

Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2020 жылғы 14 тамыздағы № 49-2 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 14 тамызда № 6341 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Орал қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және оларды шекті толтырылу нормалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Орал қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      3. Орал қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      4. Орал қаласында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      5. Орал қалалық мәслихат аппаратының басшысы (С.Давлетов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы М. Каженов
      Орал қалалық мәслихатының хатшысы А. Аубекеров

  Орал қалалық мәслихатының
2020 жылғы 14 тамыздағы
№ 49-2 шешіміне 1-қосымша

Орал қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толтырылу нормалары

      1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толтырылу нормалары:

      1) Жайық өзені жағалауындағы алаң - Е.Пугачев көшесі, шекті толтырылу нормасы – 2500 адамнан аспай;

      2) Мұнайшылар мен геологтар гүлбағы - С.Даумов көшесі, шекті толтырылу нормасы – 500 адамнан аспай;

      3) "Қазақ халқының даңқты қыздары" алаңының артындағы тынымбақ - Н.Назарбаев даңғылы бойымен, шекті толтырылу нормасы - 1500 адамнан аспай.

      2. Орал қаласында шерулер мен демонстрациялар нысанында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін жүру бағыты: Е.Пугачев көшесінен Исатай-Махамбет көшесі бойымен Сарайшық көшесінің қиылысына дейін, шекті толтырылу нормасы - 2500 адамнан аспай.

  Орал қалалық мәслихатының
2020 жылғы 14 тамыздағы
№ 49–2 шешіміне 2-қосымша

Орал қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізуге арналған арнайы орындарды пайдалану тәртібі

      1. Бейбіт жиналыстар бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда өткізіледі. Пикеттеуді қоспағанда, өзге орындарда бейбіт жиналыстар өткізуге тыйым салынады.

      2. Дәл сол бір жерде және (немесе) сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.

      3. Бейбіт жиналыстар бейбіт жиналыстар өткізілетін күні әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.

      4. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде сол бір уақытта дәл сол бір объектіде екі және одан да көп пикет өткізуге жол берілмейді.

      Пикеттеу ұзақтығы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір объектіде күніне 2 сағаттан аспауы тиіс.

      5. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы жергілікті атқарушы орган өкілінің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің талап етуі бойынша Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 17 және 18-баптарында көзделген жағдайларда, бейбіт жиналыстар уақытша тоқтатылады немесе мүлдем тоқтататылады, мұндай талапты орындау қажеттігі туралы бейбіт жиналыстарға қатысушыларды хабардар етеді.

  Орал қалалық мәслихатының
2020 жылғы 14 тамыздағы
№ 49-2 шешіміне 3-қосымша

Орал қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      1. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.

      2. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыруды және өткізуді:

      жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғалардың және (немесе) заңды тұлғалардың;

      қызметі Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен тоқтатыла тұрған немесе оған тыйым салынған заңды тұлғаның;

      шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдік заңды тұлғалардың қаржыландыруына тыйым салынады.

      3. Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға тыйым салынады.

  Орал қалалық мәслихатының
2020 жылғы 14 тамыздағы
№ 49–2 шешіміне 4-қосымша

Орал қаласы бойынша пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      Орал қаласында келесі объектілерінің іргелес аумақтарынан кемінде 300 метр қашықтықта пикеттеуді өткізу шекарасы белгіленсін:

      1) жаппай жерлеу орындарында;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және іргелес жатқан аумақтарда;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

      4) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының резиденцияларына іргелес жатқан аумақтарда;

      5) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

      6) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда.