Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка их использования, норм их предельной заполняемости, требований к их материально-техническому и организационному обеспечению, границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования по Жанибекскому району

Решение Жанибекского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 2 декабря 2020 года № 48-12. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 4 декабря 2020 года № 6505

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 25 мая 2020 года "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан", Жанибекский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить специализированные места для организации и проведения мирных собраний по Жанибекскому району и нормы их предельной заполняемости согласно приложению 1 к настоящему решению.

      2. Определить порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний по Жанибекскому району согласно приложению 2 к настоящему решению.

      3. Определить требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний по Жанибекскому району согласно приложению 3 к настоящему решению.

      4. Определить границы прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования по Жанибекскому району, согласно приложению 4 к настоящему решению.

      5. Руководителю аппарата районного маслихата (Н.Уалиева) обеспечить государственную регистрацию данного решения в органах юстиции.

      6. Настоящее решение вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Председатель Б. Куаналиев
      Cекретарь маслихата Т. Кадимов

  Приложение 1
к решению Жанибекского
районного маслихата
от 02 декабря 2020 года №48-12

Специализированные места для организации и проведения мирных собраний по Жанибекскому району и нормы их предельной заполняемости

Населенный пункт

Специализированные места для организации и проведения мирных собраний

Нормы предельной заполняемости

1

село Жанибек

центральная площадь (от улицы Женис по улице Г.Караш до пересечения с улицей М.Ихсанова)

не более 2000 человек

2

село Жанибек

Возле памятника М.Ихсанова (от улицы Г.Караш по улице М.Ихсанова до пересечения с улицей Абая)

не более 200 человек

3

село Акоба

сельский дом культуры (от улицы Т.Жарокова по улице Абая до пересечения с улицей С.Муканова)

не более 80 человек

4

село Жаскайрат

сельский дом культуры (от улицы Жаскайрат по улице Т.Жарокова до дома культуры)

не более 90 человек

5

село Камысты

сельский дом культуры (от улицей М.Утепкалиева по улице Тауелсиздик до пересечения с улицей Достык)

не более 90 человек

6

село Жаксыбай

центральный парк культуры (от улицы Иманова по улице Ж.Каракулова до пересечения с улицей Енсеуова)

не более 120 человек

7

село Борсы

сельский дом культуры (от начала улицы Ш.Мухамбеткалиева по улице Ш.Мухамбеткалиева до пересечения с улицей Абакирова)

не более 90 человек

8

село Тау

центральный парк культуры (от дома культуры по улице Абая до пересечения с улицей Есимова)

не более 100 человек

9

село Узункуль

центральный парк культуры (от улицы Узункуль по улице Мектеп до фельдшерско-акушерского пункта)

не более 120 человек

10

село Талов

центральный парк культуры (от улицы Маметовой по улице Набережная до пересечения с улицей Сейфуллина)

не более 100 человек

  Приложение 2
к решению Жанибекского
районного маслихата
от 02 декабря 2020 года №48-12

Порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний по Жанибекскому району

      1. Мирные собрания проводятся в специализированных местах для организации и проведения мирных собраний. Запрещается проведение мирных собраний в иных местах, за исключением пикетирования.

      2. В случае, если на проведение мирного собрания в одном и том же месте и (или) по одному и тому же маршруту следования либо в одно и то же время одновременно претендует несколько организаторов мирных собраний, очередность использования указанного места определяется местным исполнительным органом исходя из времени получения им соответствующего уведомления или заявления от организатора мирных собраний.

      3. Мирные собрания не могут начинаться ранее 9 часов и заканчиваться позднее 20 часов по местному времени административно-территориальной единицы в день проведения мирных собраний.

      4. Не допускается проведение двух и более пикетов в одном и том же месте в одно и то же время у одного и того же объекта, за исключением специализированных мест для организации и проведения мирных собраний.

      Продолжительность пикетирования не должна превышать двух часов в день в одном и том же месте у одного и того же объекта, за исключением специализированных мест для организации и проведения мирных собраний.

      5. Организатор мирных собраний по требованию представителя местного исполнительного органа, сотрудников правоохранительных органов обязан приостанавливать или прекращать мирные собрания в случаях, предусмотренных статьями 17 и 18 Закона Республики Казахстан от 25 мая 2020 года "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан" (далее - Закон), с информированием участников мирных собраний о необходимости исполнения такого требования.

  Приложение 3
к решению Жанибекского
районного маслихата
от 02 декабря 2020 года №48-12

Требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний по Жанибекскому району

      1. Материально-техническое и организационное обеспечение проведения мирных собраний осуществляется их организатором и участниками за счет собственных средств, а также за счет средств и имущества, собранных и (или) переданных для проведения данных мирных собраний, если Законом и иными законами Республики Казахстан не установлено иное.

      2. Запрещается финансирование организации и проведения мирных собраний:

      физическими лицами и (или) юридическими лицами, включенными в перечень организаций и лиц, связанных с финансированием распространения оружия массового уничтожения, и (или) в перечень организаций и лиц, связанных с финансированием терроризма и экстремизма;

      юридическим лицом, деятельность которого приостановлена или запрещена в установленном законом Республики Казахстан порядке;

      иностранцами, лицами без гражданства и иностранными юридическими лицами.

      3. Запрещается установление юрт, палаток, иных сооружений в специализированных местах для организации и проведения мирных собраний без согласия местного исполнительного органа.

  Приложение 4
к решению Жанибекского
районного маслихата
от 02 декабря 2020 года №48-12

Границы прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования по Жанибекскому району

      1. Определить границы проведения пикетирования на расстоянии не менее 100 метров от прилегающих территорий следующих объектов по Жанибекскому району:

      1) места массовых захоронений;

      2) объекты железнодорожного, водного, воздушного и автомобильного транспорта;

      3) территории, прилегающих к организациям, обеспечивающим обороноспособность, безопасность государства и жизнедеятельность населения;

      4) территории, прилегающих к опасным производственным объектам и иным объектам, эксплуатация которых требует соблюдения специальных правил техники безопасности;

      5) магистральные железнодорожные сети, магистральные трубопроводы, национальное электрические сети, магистральные линии связи.

Жәнібек ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, шекті толтырылу нормаларын, олардың материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарын, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 2020 жылғы 2 желтоқсандағы № 48-12 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 4 желтоқсанда № 6505 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңына сәйкес Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1 - қосымшасына сәйкес Жәнібек ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және оларды шекті толтырылу нормалары айқындалсын.

      2. Осы шешімнің 2 - қосымшасына сәйкес Жәнібек ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі айқындалсын.

      3. Осы шешімнің 3 - қосымшасына сәйкес Жәнібек ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары айқындалсын.

      4. Осы шешімнің 4 - қосымшасына сәйкес Жәнібек ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.

      5. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Н.Уалиева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға Б. Куаналиев
      Мәслихат хатшысы Т. Кадимов

  Жәнібек аудандық
мәслихатының 2020 жылғы
02 желтоқсандағы № 48-12
шешіміне 1-қосымша

Жәнібек ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толтырылу нормалары

Елді мекен

Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар

Шекті толтырылу нормалары

1

Жәнібек ауылы

орталық алаң (Жеңіс көшесінен Ғ.Қараш көшесі бойымен М.Ықсанов көшесімен қиылысқа дейін)

2000 адамнан аспай

2

Жәнібек ауылы

М.Ықсанов ескерткішінің жанында (Ғ.Қараш көшесінен М.Ықсанов көшесі бойымен Абай көшесімен қиылысқа дейін)

200 адамнан аспай

3

Ақоба ауылы

Ауылдық мәдениет үйі (Т.Жароков көшесінен Абай көшесі бойымен С.Мұқанов көшесімен қиылысқа дейін)

80 адамнан аспай

4

Жасқайрат ауылы

Ауылдық мәдениет үйі (Жасқайрат көшесінен Т.Жароков көшесі бойымен мәдениет үйіне дейін)

90 адамнан аспай

5

Қамысты ауылы

Ауылдық мәдениет үйі (М.Утепкалиев көшесінен Тәуелсіздік көшесі бойымен Достық көшесімен қиылысқа дейін)

90 адамнан аспай

6

Жақсыбай ауылы

орталық мәдениет саябағы (Иманов көшесінен Ж.Қарақұлов көшесі бойымен Енсеуов көшесімен қиылысқа дейін)

120 адамнан аспай

7

Борсы ауылы

ауылдық мәдениет үйі (Ш.Мұхамбетқалиев көшесінің басынан Ш.Мұхамбетқалиев көшесі бойымен Аубакиров көшесімен қиылысқа дейін)

90 адамнан аспай

8

Тау ауылы

орталық мәдениет саябағы (мәдениет үйінен Абай көшесі бойымен Есимов көшесімен қиылысқа дейін)

100 адамнан аспай

9

Ұзынкөл ауылы

орталық мәдениет саябағы (Ұзынкөл көшесінен Мектеп көшесі бойымен фельдшерлік-акушерлік пунктке дейін)

120 адамнан аспай

10

Талов ауылы

орталық мәдениет саябағы (Мәметова көшесінен Набережная көшесі бойымен Сейфуллин көшесімен қиылысқа дейін)

100 адамнан аспай

  Жәнібек аудандық
мәслихатының 2020 жылғы
02 желтоқсандағы № 48-12
шешіміне 2-қосымша

Жәнібек ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізуге арналған арнайы орындарды пайдалану тәртібі

      1. Бейбіт жиналыстар бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда өткізіледі. Пикеттеуді қоспағанда, өзге орындарда бейбіт жиналыстар өткізуге тыйым салынады.

      2. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.

      3. Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.

      4. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір уақытта дәл сол бір объектіде екі және одан көп пикет өткізуге жол берілмейді.

      Пикеттеу ұзақтығы, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір объектіде күніне екі сағаттан аспауға тиіс.

      5. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының (бұдан әрі – Заң) 17 және 18-баптарында көзделген жағдайларда, жергілікті атқарушы орган өкілінің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің талап етуі бойынша, бейбіт жиналыстарға қатысушыларға осындай талапты орындау қажеттігі туралы ақпарат бере отырып, бейбіт жиналыстарды тоқтата тұруға немесе тоқтатуға міндетті.

  Жәнібек аудандық
мәслихатының 2020 жылғы
02 желтоқсандағы № 48-12
шешіміне 3-қосымша

Жәнібек ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      1. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.

      2. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыруды және өткізуді:

      жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғалардың және (немесе) заңды тұлғалардың;

      қызметі Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен тоқтатыла тұрған немесе оған тыйым салынған заңды тұлғаның;

      шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдік заңды тұлғалардың қаржыландыруына тыйым салынады.

      3. Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға тыйым салынады.

  Жәнібек аудандық
мәслихатының 2020 жылғы
02 желтоқсандағы № 48-12
шешіміне 4-қосымша

Жәнібек ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      Жәнібек ауданында келесі объектілердің іргелес аумақтарынан кемінде 100 метр қашықтықта пикеттеуді өткізу шекаралары айқындалсын:

      1) жаппай жерлеу орындары;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілері және оларға іргелес жатқан аумақтар;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтар;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтар;

      5) магистральдық теміржол желілері, магистральдық құбыржолдар, ұлттық электр желісі, магистральдық байланыс желілері және оларға іргелес жатқан аумақтар.