О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 25 февраля 2015 года № 152 "Об утверждении Инструкции прохождения воинской службы в Национальной гвардии Республики Казахстан"

Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 21 января 2021 года № 27. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 27 января 2021 года № 22124

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 25 февраля 2015 года № 152 "Об утверждении Инструкции прохождения воинской службы в Национальной гвардии Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 10620, опубликован 17 апреля 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующие изменения:

      в Инструкции прохождения воинской службы в Национальной гвардии Республики Казахстан, утвержденной указанным приказом:

      пункт 21 исключить;

      пункт 77 изложить в следующей редакции:

      "77. В случае служебной необходимости военнослужащий отзывается из ежегодного основного отпуска в соответствии с приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан от 29 сентября 2020 года № 653 "Об утверждении Правил отзыва военнослужащего органов внутренних дел из ежегодного основного отпуска в случае служебной необходимости" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 21355).";

      пункт 121 изложить в следующей редакции:

      "121. Увольнение в запас военнослужащих срочной службы, выслуживших срок воинской службы, установленный подпунктом 1) пункта 1 статьи 24 Закона Республики Казахстан от 16 февраля 2012 года "О воинской службе и статусе военнослужащих", производится приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан на основании Указа Президента Республики Казахстан о призыве граждан Республики на срочную воинскую службу и увольнении в запас военнослужащих срочной службы.";

      подпункт 6) пункта 125 изложить в следующей редакции:

      "6) индивидуальный рацион питания общевойсковой.";

      в приложении 8 к указанной Инструкции:

      в Перечне документов, оформляемых с представлением:

      часть третью пункта 16 изложить в следующей редакции:

      "Представление оформляется в соответствии с приложением 7 к приказу Министра обороны Республики Казахстан от 29 января 2018 года № 36 дсп "Об утверждений типовых форм контракта о прохождении воинской службы и представления, а также форм аттестационого листа" по согласованию с первыми руководителями уполномоченных органов (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 16594).".

      2. Главному командованию Национальной гвардии Республики Казахстан обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства внутренних дел Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства внутренних дел Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Главнокомандующего Национальной гвардией Республики Казахстан (Жаксылыков Р.Ф.).

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр внутренних дел
Республики Казахстан
Е. Тургумбаев

"Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери қызмет өткеру нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 152 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 21 қаңтардағы № 27 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 27 қаңтарда № 22124 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери қызмет өткеру нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 152 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10620 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 17 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери қызмет өткеру нұсқаулығында:

      21-тармақ алынып тасталсын.

      77-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "77. Қызметтік қажеттілік жағдайында әскери қызметші "Ішкі істер органдарының әскери қызметшісін қызметтік қажеттілік жағдайында жыл сайынғы негізгі демалысынан шақыртып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 653 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21355 болып тіркелген) жыл сайынғы негізгі демалысынан шақыртылады.";

      121-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "121. "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген әскери қызметтің мерзімін өткерген мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару Қазақстан Республикасы Президентінің Республика азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыру және мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару туралы Жарлығының негізінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен жүргізіледі";

      125-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) жалпы әскери жеке тамақтану рационы беріледі.";

      көрсетілген Нұсқаулыққа 8-қосымшада:

      Ұсыныммен ресімделетін құжаттар тізбесінде:

      16-тармақтың үшінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұсыным уәкілетті органдардың бірінші басшыларымен келісу бойынша "Әскери қызмет өткеру туралы келісімшарттың және ұсынымның үлгі нысандарын, сондай-ақ аттестаттау парағының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 29 қаңтардағы № 36 қбпү бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16594 болып тіркелген) 7-қосымшаға сәйкес ресімделеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысына (Р.Ф. Жақсылықов) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрі
Е. Тургумбаев