Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери қызмет өткеру нұсқаулығын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 152 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 сәуірде № 10620 тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы" 2015 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери қызмет өткеру нұсқаулығы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы (Р.Ф. Жақсылықов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жодауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығына (Р.Ф. Жақсылықов) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр
полиция генерал-лейтенанты
Қ. Қасымов

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 25 ақпандағы
№ 152 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери қызмет өткеру нұсқаулығы

      Ескерту. Нұсқаулық жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 18.11.2016 № 1073 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Осы Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери қызмет өткеру нұсқаулығы (бұдан әрі – Нұсқаулық) әскери қызмет туралы заңнаманың Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына (бұдан әрі – Ұлттық ұлан) әскери қызметке кіру және өткеру бөлігін қолдануды нақтылайды.

2-тарау. Келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін
кандидаттарды іріктеу және зерделеу

      2. Офицерлер, сержанттар мен сарбаздар құрамдарының лауазымдарына келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау үшін кандидаттарды (бұдан әрі - кандидаттар) іріктеуді және зерделеуді Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының (бұдан әрі – ҰҰБҚ), өңірлік қолбасшылықтарының (бұдан әрі - ӨңҚ), әскери бөлімдерінің және Ұлттық ұлан академиясының (бұдан әрі - Академия) кадр қызметтері жүзеге асырады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 27.12.2023 № 938 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Кандидаттардың өтініш беру уақыты мен күндері, сондай-ақ құжаттардың қажетті тізбесі, дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтер, кандидаттарға қойылатын біліктілік және басқа да талаптар бақылау-өткізу пунктіндегі ақпарат тақтасында орналастырылады.

      4. Кадр қызметі кандидатқа келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін адамдарға қойылатын, "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 38-бабымен белгіленген талаптарды жеткізеді.

      5. Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеруге ниет білдірген кандидат кадр қызметіне Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 25 мамырдағы №124 Жарлығымен бекітілген "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларының" 21-тармағымен белгіленген тізбеге сәйкес құжаттарды ұсынады.

      Кандидаттан Қағидалардың 21-тармағында көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 21.06.2018 № 461 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Кадр қызметі кандидаттың Заңның 38-бабымен белгілегген талаптарға сәйкестігін тексереді.

      7. Кандидатқа қатысты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінен қылмыстық, әкімшілік және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағаны, теріс себептер бойынша мемлекеттік қызметтен шығарылу фактілері туралы мәліметтер сұралады.

      8. Қағидаларға сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтермен жұмыс істеуді көздейтін лауазымда келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін кандидатқа мемлекеттік құпияларға рұқсат беруге арнайы тексеру жүргізіледі.

      9. Тізбесі "Тағайындау кезінде әскери қызметшілер мен азаматтық персонал адамдарына қатысты психологиялық-физиологиялық және полиграфологиялық зерттеулер қолданыла отырып, тексеру жүргізілетін әскери лауазымдар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 8 тамыздағы № 542 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15656 болып тіркелген) бекітілген лауазымдарға келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін адамдарға қатысты психофизиологиялық және полиграфологиялық зерттеулерді қолдана отырып, тексеру жүргізіледі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 21.06.2018 № 461 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Кадр қызметі бөлім командирінің қолымен жоспарланып отырған лауазымды көрсете отырып әскери-дәрігерлік комиссияға медициналық куәландырудан өту үшін кандидатқа жолдама береді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 21.06.2018 № 461 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Кадр қызметі осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кандидатты әскери қызметке қабылдау туралы алдын-ала зерделеу қорытынды ресімдейді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 21.06.2018 № 461 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Кандидатты зерделеу барысында ұсынылған материалдар (кандидаттың жеке ісі) бөлім командирінің (мемлекеттік мекеме басшысының) бұйрығымен тағайындалған құрамы төрағадан, хатшыдан (кадр қызметінің өкілі) және кемінде төрт комиссия мүшесінен тұратын іріктеу комиссиясының қарауына шығарылады.

      13. Іріктеу комиссиясының кандидатты әскери қызметке қабылдаудың мақсатқа сайлылығы немесе бас тарту туралы дәлелді қорытындысы осы Нұқсаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттамамен ресімделеді.

      Бас тарту себебін көрсете отырып, келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдаудан бас тарту туралы кандидаттарға қол қойғыза отырып, жазбаша түрде іріктеу комиссиясының отырысынан кейн сол күнде хабарланады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 21.06.2018 № 461 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Іріктеуден өткен кандидат жеке құрам бойынша бұйрықпен 5 тәулік ішінде келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылданады, саптық бөлім бойынша бұйрықпен әскери бөлімнің тізімдеріне қабылданады және міндеттерін орындауға жіберіледі. Саптық бөлім бойынша бұйрықтан үзінді әскери есепте тұрған жері бойынша жергілікті әскери басқару органына (бұдан әрі – ЖӘБО) әскери есептен шығару үшін жолданады. Сонымен қатар запаста тұрмаған адамға ЖӘБО әскери билет ресімдейді.

3-тарау. Келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді әскери
лауазымдарға тағайындау және ауыстыру

      15. Әскери қызметшіні әскери лауазымға тағайындау біліктілік талаптарын, білім және кәсіби даярлық деңгейін ескере отырып жүргізіледі.

      16. Әскери қызметшілерді әскери лауазымға тағайындау тікелей бастықтардың ұсынымы бойынша жүргізіледі және жетекшілік ететін кадр қызметтері арқылы тікелей бастықтарға ұсынылады.

      17. Ұсыным (құжаттар) лауазымдар номенклатурасына сәйкес жеке құрам бойынша бұйрық шығаруға құқығы бар лауазымда адамдарға жолданады және сәйкес қызметтерге жетекшілік ететін ҰҰБҚ (әскери бөлімдер) мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің бастықтарымен, Бас қолбасшының, ӨңҚ қолбасшысының және әскери бөлім командирлерінің орынбасарларымен, сондай-ақ ӨңҚ және әскери бөлім сержанттарын тағайындау бөлігінде бас сержантпен келісілуі тиіс.

      18. Әскери лауазымдардың штаттық атауы өзгерген кезде (штаттық-лауазымдық санаттары өзгермей), сондай-ақ әскери бөлімнің нөмірі немесе атауы өзгерген кезде жаңа әскери лауазымдарға қайта тағайындау жүзеге асырылады.

      19. Азаматтық персонал адамдарын, азаматтарды офицерлер құрамының бос лауазымдарына уақытша тағайындау жоғары білімі, тиісті әскери мамандық саласы бойынша жақын мамандығы және азаматтық персоналмен алмастырылатын осы мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі болған кезде жүргізіледі.

      20. Азаматтық персонал адамдарын, азаматтарды сержанттар мен сарбаздар құрамының бос лауазымдарына уақытша тағайындау жоғары немесе арнаулы орта білімі болған кезде Қағидалардың 50-тармағына бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

      21. Алып тасталды – ҚР Ішкі істер министрінің 21.01.2021 № 27 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      22. Алып тасталды – ҚР Ішкі істер министрінің 21.06.2018 № 461 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. Штаттық лауазымдарға азаматтық персоналды тағайындау, сондай-ақ азаматтық персонал адамдарын, азаматтарды әскери лауазымдарға уақытша тағайындау саптық бөлім бойынша бұйрықпен жүргізіледі.

      24. Әскери қызметшілер тағайындалған кезде осы лауазымдарға уақытша тағайындалған азаматтық персонал адамдары басқа әскери лауазымдарға тағайындалады, ал басқа әскери лауазымға тағайындау мүмкін болмаған жағдайда белгіленген тәртіппен шығарылады.

      25. Азаматтық персонал адамдарымен, азаматтармен еңбек шартын жасасу және тоқтату Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жүргізіледі.

      26. Өңірлік қолбасшылықтардың және әскери бөлімдердің кадр қызметтерінде кадр және саптық қызметінің лауазымды адамдары 5 қаңтарға жоғары тұрған лауазымдарға жылжыту және оқуға жіберу үшін қол жеткізген нәтижелерін және әскери тәртібінің жай-күйін ескере отырып офицерлер құрамы адамдарының резервін құрайды.

      Бұл ретте командирлер мен бастықтар резервке тіркелген әр офицермен нақты лауазымға немесе оқуға түсуге дайындау бойынша қандай жұмыс жүргізілетінін айқындайды.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 21.06.2018 № 461 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27. Резервке тіркелген адамдарды тең лауазымдарға тағайындау кезінде тиісті бастықтың шешімі бойынша қызметтік мінездемелерде олардың бұрынғы қызмет орны бойынша резервте тұрғаны туралы көрсетіледі.

      28. Офицерлер құрамының адамдарын төмен лауазымдарға тағайындау аттестаттау комиссиясының қарауынан соң жүргізеді.

      29. Келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді сержанттар құрамы лауазымдарынан сарбаздар құрамының лауазымына төмендеткен кезде олармен 3 (үш) жыл мерзімге жаңа келісімшарт жасалады.

      30. Әскери қызметшілерді Ұлттық ұланның жеке құрамының тізімдерінде қалдыра отырып, басқа мемлекеттердің әскери оқу орындарының курсанттары (тыңдаушылары) ретінде тіркеу ҰҰБҚ емтихан қабылдау комиссиясының ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бұйрықтарымен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 27.12.2023 № 938 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      31. Әскери оқу орнын аяқтаған соң, бітіруші Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бұйрығымен лауазымға тағайындалады немесе тиісті командирдің (бастықтың) қарамағына тіркеледі.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 27.12.2023 № 938 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      32. Қарамағында болу мерзіміне әскери қызметшінің емделу және еңбек демалысында болу уақыты есептелмейді.

      33. Алып тасталды – ҚР Ішкі істер министрінің 21.06.2018 № 461 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      34. Алып тасталды – ҚР Ішкі істер министрінің 21.06.2018 № 461 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      35. Әскери қызметшінің жаңа қызмет орны бойынша бөлімнің командирімен (мемлекеттік мекеме басшысымен) жазбаша келісілген соң, кадр қызметі әскери қызметшіні басқа әскери бөлімге тағайындау мүмкіндігін қарау үшін құжат ресімдейді және жолдайды.

      36. Келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді ӨңҚ, Академия, тікелей бағынысты бөлімдер арасында тиісті командирлердің (бастықтардың) қолдаухаты бойынша тағайындау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының жеке құрам бойынша бұйрықтарымен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 27.12.2023 № 938 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      37. Келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді отбасы жағдайы бойынша, әскери қызметшінің немесе оның отбасы мүшелерінің денсаулық жағдайы бойынша жаңа қызмет орнына тағайындау одан әрі қызмет өткеру үшін таңдалған әскери бөлімде бос лауазымдар болған жағдайда отбасылық-мүлікті зерттеу актісін немесе тұрғылықты жерi бойынша медициналық ұйымның қорытындысына ұсынған кезде жүргізіледі.

      Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 21.06.2018 № 461 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      38. Офицерлер, сержанттар мен сарбаздар құрамының әскери қызметшілерін Ұлттық ұланнан әскери қызмет көзделген басқа мемлекеттік органдарға іссапарға жіберу және әскери қызметшілерді (қызметкерлерді) құқық қорғау және арнайы органдардан, Қарулы Күштерден, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардан ҚР ҰҰ-ға келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің немесе Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының жеке құрам бойынша бұйрықтарымен жүргізіледі.

      Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 27.12.2023 № 938 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      39. Әскери қызметшіні әскери қызмет көзделмеген басқа мемлекеттік органдарға (мекемелерге) тағайындау кезінде Заңға сәйкес әскери қызметтен шығарылуы тиіс.

4-тарау. Әскери қызметте болудың шекті жасына толған әскери
қызметшілермен келісімшарт жасасу

      40. Әскери қызметте болудың шекті жасына толған әскери қызметшіге қолданыстағы келісімшарт мерзімінің аяқталуына кемінде төрт ай қалғанда осы Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес қызметтен шығарылатыны туралы хабарланады.

      41. Әскери қызметте болудың шекті жасына толған әскери қызметшілер Заң 25 – бабы 2 тармағына сәйкес осы Нұқсаулыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының атына келісімшарт мерзімін ұзарту туралы баянат береді.

      Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 27.12.2023 № 938 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      42. Әскери қызметшілерді әскери қызметте шекті жастан тыс қалдыру туралы шешімді оларға әскери бөлім командирлері жеке өздері жариялайды.

      Әскери қызметшілердің қызметтік тізімдеріне шекті жастан тыс әскери қызметте қалдырылғаны және мерзімі туралы жазылады.

      43. Келісімшарт мерзімін әскери қызметте болудың шекті жасынан тыс ұзартудан бас тартылған әскери қызметшілерге осы Нұсқаулыққа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметтен шығарылатыны туралы хабарлайды.

5-тарау. Келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге ротация жүргізу

      44. Әскери қызметшілерді ротациялау әскердің жауынгерлік әзірлігін арттыру үшін әскери қызмет өткеру шеңберінде, сондай-ақ қызметтік қажеттілік немесе әскери қызметшілердің кәсіби әлеуетін анағұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      45. Ротациялау шарттары:

      бір әскери лауазымда 5 жылдан артық болу;

      климаттық жағдайы ауыр жерлердегі бір әскери бөлімде 3 жылдан артық әскери қызмет өткеру болып табылады.

      46. Ротациялау жоспары және ротациялауға жататын әскери қызметшілердің тізімі жыл сайын 1 желтоқсанға жасалады.

      47. Мынадай:

      мүгедектік белгіленген зайыбы (жұбайы) бар;

      мүгедектігі бар балалары (қамқоршысы болып табылатын), оның ішінде асырап алған балалары бар;

      асырауында қартайған ата-аналары бар;

      осы жылы келісімшарт мерзімі аяқталатын;

      әскери қызметте болудың шекті жасына толуына 3 жыл қалған;

      тең немесе жоғары лауазымға тағайындау мүмкін емес әскери қызметшілер басқа жерге көшумен байланысты ротациялауға жатпайды.

      Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 29.09.2022 № 772 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      48. Тікелей бастықтардың қолдауы және аттестаттау комиссиясының шешімі бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Қағидаларға сәйкес екінші мерзімге әскери лауазымдарда болу уақытын ұзартады.

      Ескерту. 48-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 27.12.2023 № 938 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      49. ӨңҚ және тікелей бағынысты әскери бөлімдер жыл сайын 5 желтоқсанға ҰҰБҚ Кадр және әскери білім басқармасына өз номенклатурасы бойынша ротациялау жоспары мен тізімін және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының номенклатурасының әскери қызметшілерін ротациялау бойынша ұсыныстар жолдайды.

      Ескерту. 49-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 27.12.2023 № 938 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      50. Ротациялау жоспарына және ротациялауға жататын әскери қызметшілердің тізіміне өзгерістерді оны бекіткен адам енгізеді.

      51. ӨңҚ және тікелей бағынысты әскери бөлімдердің ротациялауға жататын әскери қызметшілерінің тізімі осы Нұсқаулыққа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.

      52. ӨңҚ және тікелей бағынысты әскери бөлімдердің ротациялау жоспары осы Нұсқаулыққа 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жылдың қорытындысында 15 қаңтарда жасалады және 15 шілдеде нақтыланады.

6-тарау. Әскери атақтар беру

      53. Офицерлер, сержанттар мен сарбаздар құрамындағы әскери қызметшілерге, оның ішінде қайта аттестаттау тәртібімен әскери атақтар беру Әскери қызмет өткеру қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

      54. Кезекті әскери атақтарын уақтылы беру мақсатында кадр қызметтері кезекті жылға әскери атақтар беру кестесін жасайды. Оң аттестатталған, тиісті штаттық лауазымдарды атқаратын офицерлерге атақтағы еңбек сіңірген мерзімінің аяқталуына кемінде бір ай қалғанда ҰҰБҚ кадр қызметіне осы Нұсқаулыққа 8-қосымшаға сәйкес ұсынымдар жолданады.

      55. Әскери бөлім командирінің келісімшарт бойынша әскери қызметшіге кезекті әскери атағын беруге ұсынуды кешіктіруге негіз болған себепті жариялауы әскери қызметшінің әңгімелесу парағына қол қоюы арқылы жүргізіледі, ол кезекті әскери атақ берілгенге дейін жеке істе сақталады.

      Қабылданған шешім мен офицерлер құрамының адамымен жүргізілген әңгімелесу туралы ҰҰБҚ Кадр және әскери білім басқармасына ақпарат беріледі.

      56. Запастан ерікті түрде келісімшарт бойынша әскери қызметке айқындалған және лауазымға тағайындалған офицерлердің әскери атағындағы еңбек сіңірген мерзімінде Заңының 20-бабында белгіленген еңбек сіңірген мерзімдерін сақтай отырып, олардың запаста әскери атағында болған уақыты есептеледі.

      57. Қағидалардың 90-тармағына сәйкес офицерлер құрамының алғашқы әскери атағын беруге ұсынылған әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бланкісінде ұсыным ресімделеді.

      Ескерту. 57-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 27.12.2023 № 938 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      58. Ауыстыру тәртібімен Ұлттық ұланға келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне әскери атақ Заңның 20-бабының талаптарына сәйкес беріледі.

      59. Қайта аттестаттау тәртібінде берілген әскери атақтағы еңбек сіңірген жылдары қайта аттесттауға дейін болған арнайы атағын берген күннен бастап есептеледі.

      60. Әскери атағы жоқ азаматтарға "қатардағы жауынгер" әскери атағы тиісті штаттық лауазымдарға келісімшарт бойынша әскери қызметке кірген, сондай-ақ Академияға түскен кезде жеке құрам бойынша бұйрықтармен беріледі.

      Ескерту. 60-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 27.12.2023 № 938 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      61. "Кіші сержант" әскери атағы әскери қызметшіні штатта тиісті және одан жоғары әскери атақ көзделген әскери лауазымға тағайындау кезінде, оқу бөлімін бітірген соң, ал Академия курсанттарына олар Академия жанындағы біліктілікті арттыру факультетінде оқу-әдістемелік жиындардан өткеннен кейін беріледі.

      Ескерту. 61-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 27.12.2023 № 938 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      62. Әйел әскери қызметшіге "кіші сержант" әскери атағы осы мамандыққа жақын тиісті білімі болса, тағайындалғаннан кейін алты айдан кейін берілуі мүмкін.

7-тарау. Келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге демалыстар беру

      63. ҰҰБҚ-да, ӨңҚ және әскери бөлімдерде 25 желтоқсанға дейін әскери қызметшілердің келесі жылға арналған демалыс кестесі жасалады және демалыстар беру құқығы бар әскери бөлім командирі бекітеді.

      64. Әскери қызметшілерге жыл сайынғы негiзгi демалыс бүкiл күнтiзбелiк жыл ішiнде ай сайын жеке құрамның 25-30 пайызы демалыста болуы есебiмен бiркелкi берiледi. Демалыстар беру құқығы бар командирлер (бастықтар) жауынгерлік міндеттерді орындаудың және жауынгерлік даярлықтың шиеленіскен кезеңінде жекелеген санаттағы әскери қызметшілерге жыл сайынғы негізгі демалыстарды берудің ай сайынғы нормасын азайта алады. Жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде жараланған, контузия алған немесе мертіккен, сондай-ақ ұрыс қимылдарына және терроризмге қарсы (бітімгершілік) операцияларға қатысқан әскери қызметшілерге жыл сайынғы негізгі демалысын өзіне ыңғайлы уақытта алу құқығы беріледі.

      65. Әскери қызметшілерге демалыстар (жыл сайынғы негізгі, отбасы жағдайы бойынша қысқа мерзімді және оқу демалыстарын) беру кезінде демалысты өткізу орнына бару және кері қайту үшін қажетті уақыт демалысты өткізу орнына қарамастан беріледі және темір жол, әуе, автомобиль, теңіз көлігінің қозғалыс (қайта отыруды ескере отырып) кестесі бойынша есептеледі.

      66. Темір жол қатынасы болмаған жағдайда демалысты өткізу орнына бару және кері қайту үшін қажетті уақыт демалысты өткізу орнына жақын теміржол станциясына дейінгі қозғалыс (қайта отыруды ескере отырып), темір жол көлігі кестесі бойынша есептеледі. Жақын темір жол станциясынан демалыс өткізу орнына жетуге қажетті уақыт қайта отыруларды ескере отырып, қалааралық автобустардың (маршруттық таксилердің) қозғалыс кестесі бойынша есептеледі.

      67. Демалысты бірнеше пунктте өткізген жағдайда әскери қызметшінің таңдауы бойынша қызмет орнынан оған осы пункттердің біреуіне бару және кері қайту үшін уақыт ұсынылады.

      68. Алып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің 21.06.2018 № 461 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      69. Әскери қызметшінің демалыс ұсыну туралы баянатында көрсетілген елді мекенде демалысын өткізгені демалыс билетіндегі демалыс өткізу орны бойынша ЖӘБО (ЖӘБО болмаған жағдайда –жергілікті атқарушы органда) есепке қойылғаны/алынғаны туралы белгімен расталады.

      Демалыс билетінде жазу болмаған жағдайда жол жүру құжаттары (билеттер) растаушы құжат болып табылады.

      Ескерту. 69-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 21.06.2018 № 461 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      70. Қазақстан Республикасынан тыс жерге демалысқа шыққан кезде баянатта көрсетілген елді мекенде болғаны туралы растайтын құжат жол жүру құжаты, паспорттағы шекаралық бақылаудан өткені туралы белгі немесе көші-қон карталарының көшірмелері болып табылады.

      Ескерту. 70-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 21.06.2018 № 461 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      71. Демалысты өткізу орнына жету үшін қажетті уақыт он екі сағаттан асса, онда әскери қызметшінің демалысына демалысты өткізу орнына баруы және кері қайтуы үшін екі тәулік (одан көп) қосылады.

      72. Демалысты өткізу орнына жету үшін қажетті уақыт он екі сағатқа жетпесе, онда әскери қызметшінің демалысына демалысты өткізу орнына баруы және кері қайтуы үшін бір тәулік қосылады.

      73. Алып тасталды – ҚР Ішкі істер министрінің 21.06.2018 № 461 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      74. Жүктілігі және бала тууы бойынша демалыстың алдында немесе тікелей одан кейін не үш жасқа толғанға дейінгі бала күтімі бойынша демалысы аяқталғаннан кейін әскери қызметші әйелге оның қалауы бойынша жыл сайынғы негізгі демалыс беріледі.

      Бұл ретте, бала күтімі бойынша демалысты ол үш жасқа толғанға дейін бөлшектеп пайдаланған жағдайда жыл сайынғы демалыс толық көлемде бірінші шықаннан кейін тек бір рет беріледі, одан әрі жыл сайынғы демалыс қызмет еткен толық айларына барабар беріледі.

      Ескерту. 74-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 21.06.2018 № 461 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      75. Отбасылық жағдайлары бойынша қысқа мерзімді демалыс әскери қызметшінің баянаты бойынша некені тіркеу кезінде, бала туу кезінде, әскери қызметшінің жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының, әскери қызметші жұбайының (зайыбының) жақын туыстарының денсаулығы ауырлаған жағдайда, әскери қызметшінің жұбайы (зайыбы), жақын туыстары, әскери қызметші жұбайының (зайыбының) жақын туыстары қайтыс болған (қаза тапқан) жағдайда, әскери қызметшінің жақын туыстары, әскери қызметші жұбайының (зайыбының) жақын туыстары табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға ұшыраған жағдайлар кезінде беріледі.

      Қысқа мерзімді демалыс негізі растаушы құжаттары, демалыстан шыққанан кейін 10 жұмыс күнінде ұсынылады.

      Демалыстан шыққаннан кейін 10 жұмыс күнінің ішінде ұсынылған растайтын құжаттар қысқа мерзімдік демалыс беру үшін негіз болып табылады.";

      Отбасылық жағдайлары бойынша қысқа мерзімді демалыстың ұзақтығы демалысты өткізу орнына және кері жүру үшін қажетті тәулік санына ұзартылады.

      Ескерту. 75-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 21.06.2018 № 461 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      76. Әскери қызметшілерге қосымша демалыстар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жерлерде және лауазымдарда қызмет өткерген кезеңінде беріледі.

      Бұл ретте қосымша демалыстар әскери қызметке кірген немесе шығарылған жылы әскери қызметшілерге толық көлемде беріледі.

      Ескерту. 76-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 21.06.2018 № 461 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      77. Қызметтік қажеттілік жағдайында әскери қызметші "Ішкі істер органдарының әскери қызметшісін қызметтік қажеттілік жағдайында жыл сайынғы негізгі демалысынан шақыртып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 653 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21355 болып тіркелген) жыл сайынғы негізгі демалысынан шақыртылады.

      Ескерту. 77-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 21.01.2021 № 27 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

8-тарау. Келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді әскери
қызметтен шығару

      78. Әскери қызметтен шығаруға ұсыну алдында олардың қызмет өткеруі туралы деректер нақтыланады, қажет болған жағдайда олардың қызмет өткерген кезеңдері күнтізбелік есеппен еңбек сіңірген жылдарына және жеңілдік жағдайында жеке есептелуі құжаттамамен расталады, заңнамаға сәйкес зейнеткерлікке еңбек сіңірген жылдары есептеледі. Есептелген еңбек сіңірген жылдары әскери қызметшіге жарияланады.

      79. Келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді теріс себептер бойынша шығару бойынша шешім аттестаттау комиссиясының қарауынан кейін қабылданады.

      80. Уәкілетті органның бастамасы бойынша жүкті әйелдермен, үш жасқа дейінгі баласы бар әйелдермен, он төрт жасқа дейінгі баласы (он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар баласы) бар жалғызбасты аналармен, аталған санаттағы балаларды анасыз тәрбиелейтін өзге де адамдармен штаттарды қысқарту (ұйымдастыру-штаттық іс-шаралар) бойынша келісімшартты бұзуға жол берілмейді.

      Ескерту. 80-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 29.09.2022 № 772 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      81. Келісімшарт қолданысының тоқтатылуы туралы барлық даналардағы жазбалар жеке құрам бойынша бұйрықтағы тұжырымға сәйкес жүргізіледі.

      82. Әскери қызметшіні қызметтен шығару туралы материалдар ҰҰБҚ-ға бір данада, мемлекеттік және орыс тілдерінде, жеке істері Кадр және әскери білім басқармасында сақталатын офицерлерге 2 данада (оларды жеке іске тігу үшін) осы Нұсқаулыққа 8-қосымшаға сәйкес ұсынылады.

9-тарау. Мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілердің
лауазымдарын жасақтау

      83. Шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілердің лауазымдарын жасақтау Заңға сәйкес әскери қызметке шақырылған Қазақстан Республикасының азаматтары қатарынан жүргізіледі.

      84. Жасақтауға және азаматтарды зерделеуге ЖӘБО бірге ішкі істер органдарының өкілдері қатысады.

      Бұл жұмысты:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы;

      2) Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті;

      3) ЖӘБО бекітілген ӨңҚ қолбасшылары және әскери бөлім командирлері;

      4) аумақтық полиция органдары бастықтарының әкімшілік полиция басқармаларына және жергілікті полиция қызметіне жетекшілік ететін, шақыру комиссияларының мүшелері болып табылатын орынбасарлары ұйымдастырады.

      Ескерту. 84-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 10.12.2019 № 1052 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      85. Ұлттық ұланды мерзімді әскери қызметтің жас толықтырушыларымен жасақтау эксаумақтық қағидат бойынша әскердің штат санына сәйкес жүргізіледі.

      86. Жыл сайын қаңтар және шілде айларында ҰҰБҚ жас толықтырушылардың, оның ішінде мамандардың қажетті санын көрсете отырып есеп-өтінім жасайды және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаментіне (бұдан әрі – ҰЖЖД) жолдайды.

      87. Облыстардың (қала) жинау пункттерінен әскери бөлімдерге жіберілетін әскерге шақырылушылардың санын жоспарлауды ҰҰ Бас штабы әрбір ЖӘБО-ға арналған нарядқа байланысты жүзеге асырады.

      Ескерту. 87-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 10.12.2019 № 1052 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      88. Мамандықтар бойынша зерделеу ҰЖЖД жасайтын шақыру жоспарынан үзіндінің негізінде ұйымдастырылады.

      Зерделеуді ӨңҚ және әскери бөлімдерінің тиісті штаттық лауазымдарындағы офицерлері (бұдан әрі – штаттық лауазымдардағы офицерлер) жүзеге асырады, олар әскери бөлімдерге жөнелтуге қатысады.

      89. Штаттық лауазымдардағы офицерлер ай сайын көктемгі шақыру кезеңінде ақпан-маусым аралығында, ал күзгі шақыру кезеңінде тамыз-желтоқсан аралығында ЖӘБО және аумақтық полиция органдарына іссапарға жіберіледі.

      Штаттық лауазымдардағы офицерлерге көмектесу үшін ҰҰ Бас штабының өкімімен ӨңҚ және әскери бөлімдердің орналасу орны бойынша осы жұмысқа даярланған әскери қызметшілері бөлінеді.

      Штаттық лауазымдардағы іссапарға жіберілген офицерлерге азаматтармен әңгімелесу жүргізу және құжаттарды зерделеу үшін үй-жайлар бөлінеді.

      Ескерту. 89-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 10.12.2019 № 1052 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      90. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы жыл сайын бұйрық шығарады, онда ӨңҚ мен әскери бөлімдер ЖӘБО-ға бекітіледі.

      Ескерту. 90-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 27.12.2023 № 938 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      91. Ұлттық ұланның зерделеу және іріктеу үшін жіберілген әскери қызметшілерімен бірге зерделеуді тиісті полиция департаменттері бастықтарының, ӨңҚ қолбасшыларының, әскери бөлім командирлерінің бірлескен бұйрықтарымен тағайындалатын ішкі істер органдарынан полиция қызметкерлері ЖӘБО және аумақтық полиция органдарына шыға отырып, жүзеге асырады.

      Әскерге шақырылушыларды зерделеу процесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 620 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары 16-тармағының 9-1) тармақшасын басшылыққа алу қажет.

      Жұмыстың нәтижесі бойынша осы Нұсқаулыққа 11-қосымшаға сәйкес іріктеліп алынған әскерге шақырылушылардың алдын ала тізімі ресімделеді.

      Ескерту. 91-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 10.12.2019 № 1052 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      92. Ішкі істер органдарына осы Нұсқаулыққа 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ұлттық ұланға шақырылатын әскерге шақырылушыға анықтама жасау жүктеледі.

      Ескерту. 92-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 10.12.2019 № 1052 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      93. Ұлттық ұлан үшін әскерге шақырылушылардың командаларын қалыптастыру және жөнелту кезеңінде облыстық (қалалық) жинау пункттерінде, сондай-ақ темір жол станцияларында әскери командаларды жөнелту, отырғызу, келу орындарында және әскерге шақырылушыларды және мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген запасқа шығарылған қызмет әскери қызметшілерді тасымалдайтын жолаушылар поездарында полиция, оның ішінде көліктегі полиция желілік басқармалары (бөлімдері) қызметкерлерінің күшейтілген кезекшілігі ұйымдастырылады.

      Ескерту. 93-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 10.12.2019 № 1052 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      94. Екі жылда бір рет ҰҰБҚ штаттық лауазымдардағы офицерлермен оқу-әдістемелік жиын өткізеді. Жиынға ЖӘБО қызметкерлері тартылады.

      95. Әскерге шақырылушыларды қабылдау үшін облыстық (қалалық) жинау пункттеріне мынадай есеппен командалар жіберіледі:

      20 әскерге шақырылушыға дейін – 1 әскери қызметші;

      20-дан 40 әскерге шақырылушыға дейін – 2 әскери қызметші;

      40-тан 50 әскерге шақырылушыға дейін – 3 әскери қызметші;

      50-ден 60 әскерге шақырылушыға дейін – 4 әскери қызметші;

      60 және одан көп әскерге шақырылушыға – 5 әскери қызметші.

      Команда басшыларында осы Нұсқаулыққа 10-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша мүлік болуы тиіс, олар әскерге шақырылушыларды алып жүру жөніндегі командалардың басшысында болады.

      96. Әскерге шақырылушыларды қабылдау бойынша командаларға тағайындалған әскери қызметшілер облыстық (республикалық маңызы бар қала немесе астана) жинау пунктінің бастығына бағынады. Олар жинау пунктінің жұмыс тәртібіне сәйкес іс-шараларға қатысады.

      97. Команда басшысы шақырылушыны қабылдаудан бас тартқан жағдайда еркін нысанда акт жасалады, оған штаттық лауазымдағы офицер ӨңҚ (әскери бөлімнің) жинау пунктіндегі лауазымды адамдарымен бірлесіп, сондай-ақ шақыру комиссиясының мүшесі қол қояды, талдау және шара қабылдау үшін тез арада Ұлттық ұланның Бас штабына жолданады.

10-тарау. Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді әскери лауазымдарға
тағайындау және ауыстыру

      98. Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді лауазымдарға тағайындау бағыныстылық тәртібімен атаулы тізімдер, жоғары тұрған штабтардың өкімдері негізінде әскери бөлім командирінің тәуліктік бұйрығымен жүргізіледі.

      Әскери қызметшілер қызметті әскери қызметке шақыру кезінде жіберілген немесе оқу әскери бөлімінде даярлықтан кейін келген әскери бөлімде өткереді.

      99. Мерзімді қызметтегі әскери қызметшінің негізгі есептік-әскери құжаттарын жүргізу:

      есептік-қызметтік карта - саптық бөлімге;

      әскери билет - бөлімше (рота) командиріне жүктеледі.

      Әскери қызметшінің әскери билетінде:

      1) әскери қызмет өткергені туралы;

      2) әскери ант қабылдағаны туралы;

      3) әскери атақтар берілгені туралы;

      4) әскери-есептік мамандық берілгені туралы;

      5) лауазымының және әскери-есептік мамандығының атауы туралы;

      6) ерекше белгілер бөлімінде:

      оқыған мамандығын көрсете отырып, оқу әскери бөлімінде оқығаны туралы;

      ауыстырылғаны, әскери бөлімді өз бетімен тастап кеткені, қамауға алынғаны туралы саптық бөлім бойынша бұйрықтардың нөмірлері;

      7) жұмылдыру бойынша шақырылғаны туралы, ұрыс қимылдарына қатысқаны туралы, соғыс уақытында пайдаланылғаны туралы, жұмылдыру ұйғарымдарының берілгені және алынғаны туралы белгілер қойылады.

      100. Одан әрі қызмет өткеру үшін ауыстыру:

      1) әскери бөлімнің ішінде – әскери бөлім командирінің бұйрығымен;

      2) ӨңҚ ішінде бір әскери бөлімнен екіншісіне – өңірлік қолбасшылық қолбасшысының өкімі негізінде;

      3) ӨңҚ мен тікелей бағынысты әскери бөлімдер арасында – ҰҰБҚ бұйрықтарымен және өкімдерімен жүргізіледі.

      101. Уақытша іссапарға жіберу:

      әскери бөлімнің орналасу шегінде, сондай-ақ қамаумен ұсталатын адамдарды айдауылмен алып жүру жөніндегі міндеттерді орындайтын бөлімшелердің құрамында әскери бөлім командирінің бұйрығымен жүргізіледі;

      ӨңҚ әскери бөлімдерінің орналасуы шегінде ӨңҚ қолбасшысының өкімі негізінде әскери бөлім командирінің бұйрығымен жүргізіледі;

      ӨңҚ арасында, мемлекеттік органдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерде спорттық жиындарға және сайыстарға қатысу үшін ҰҰБҚ өкімі негізінде жүргізіледі.

      Сот-тергеу органдарының қолдаухаты бойынша ҰҰ әскери бөлімдеріне іссапарға жіберіледі.

      102. Әскери қызметшілер әскери бөлімге кешігіп келген кезде қызметттік тергеу жүргізе отырып, кешігу себебін анықтау әскери қызметші қарамағына келген командирге жүктеледі.

      103. Әскери бөлімдердің өкілдеріне әскери қызметшілерді беру атаулы тізімге сәйкес әскери команданы алып жүру құқығына берілген сенімхат негізінде жүргізіледі және актімен ресімделеді, онда қабылданған (тапсырылған) жеке құрамның саны, оның санитарлық жай-күйі, құжаттарының, киім-кешегінің және мүлкінің түгелдігі көрсетіледі.

      Келген жеке құрамның атаулы тізімі және ұйғарымдары әскери бөлімнің штабында сақталады. Атаулы тізімдерде әскери қызметші қызмет өткеру үшін қандай бөлімшеге жіберілгені көрсетіледі.

      104. Әскери қызметші (шақырылушы) поездан қалып қойған, қатты науқастанған және басқа да оқиғалар болған жағдайда команда басшысы дереу қажетті шаралар қабылдайды және байланыс құралдары арқылы оқиға туралы команда бойынша, ал белгіленген пунктке келісімен әскери бөлім командиріне баянатпен баяндайды.

      105. Әскери команданың жүру жолында науқастанған және одан әрі жүре алмаған кезде әскери қызметші акт жасала отырып, жақын жердегі емдеу мекемесінің медициналық қызметкеріне тапсырылады. Әскери билет әскери комендантқа (желілік полиция пунктінің бастығына) тапсырылады, ол туралы команданың атаулы тізімінің бірінші данасына белгі қойылады. Команда басшысы болған оқиға туралы әскери бөлім командиріне баяндайды.

      Актіде қалып қойған (түсірілген) адамдар туралы мәліметтер: тегі, аты және әкесінің аты, қандай ЖӘБО-дан шақырылғаны, қашан және қай жерде әскери командадан қалып қойғаны немесе түсірілгені, кімге және қашан хабарланғаны көрсетіледі. Акті екі данада жасалады. Актінің бір данасы әскери қызметшіні қабылдаған адамға тапсырылады. Әскери қызметшілерді қабылдаған және тапсырған лауазымды адамдар ол туралы команда бойынша баяндайды.

      106. Әскери командалардан қалып қойған, демалыстан, іссапардан кешіккен немесе әскери бөлімді өз бетімен тастап кеткен әскери қызметшілер Ұлттық ұланның сол жердегі әскери бөліміне уақытша іссапарға жіберіледі, ол туралы жоғары тұрған штабқа және қызмет орны бойынша әскери бөлім командиріне баяндалады.

      107. Әскери қызметші болған жерде Ұлттық ұланның бөлімшелері болмаған жағдайда ол ЖӘБО немесе әскери комендантқа келеді.

11-тарау. Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді
оқу әскери бөлімінде бастапқы оқыту

      108. Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді кәсіби даярлау Ұлттық ұланның оқу әскери бөлімінде жүргізіледі.

      Даярлық жүргізілетін мамандықтардың тізбесі, оқыту мерзімі, сондай-ақ оқу бөлімін жасақтау тәртібі және ұйымдық құрылымы ҰҰБҚ жыл сайынғы бұйрықтарымен және өкімдерімен айқындалады.

      109. Мерзімді қызметтегі сарбаз-мамандарды әскери оқу бөлімінде даярлау есебін ҰҰБҚ басқармалары шақыру кезеңдері бойынша жасайды, Ұйымдастыру-жұмылдыру басқармасы жинақтайды және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы бекітеді.

      Ескерту. 109-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 27.12.2023 № 938 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      110. Оқу әскери бөлімінің жасақталу сапасын бақылау үшін ҰҰБҚ өкілдері жіберіледі.

      111. Оқу бөлімшелерін жасақтау кезінде әскери бөлім өкілдерінің қатысуымен білімдері мен шеберліктерінің бастапқы деңгейлерін айқындау үшін негізгі оқыту пәндері бойынша келген курсанттармен тестілеу өткізіледі. Тестілеу нәтижелері барлық оқыту кезеңі бойы сақталады.

      Тестілеудің нашар нәтижелері қабылдау комиссиясының шешімі бойынша әскери қызметшілерді әскери бөлімдерге қайтару үшін негіз болып табылады.

      112. Оқу әскери бөлімінде оқыған мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер олар алған әскери-есептік мамандықтарға сәйкес штаттық лауазымдарға тағайындалады.

12-тарау. Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің демалыстары

      113. Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге:

      1) қысқа мерзімді (Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі №364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары тәртіптік жарғысының 55-тармағына сәйкес отбасы жағдайлары бойынша және көтермелеу түрінде);

      2) науқастануы бойынша демалыстар беріледі.

      114. Қысқа мерзімді демалыс 10 тәулікке дейінгі мерзімге беріледі, демалысын өткізетін жерге және кері қайту үшін қажетті уақыт есептелмейді.

      115. Науқастануы бойынша демалыс әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы (анықтамасы) негізінде беріледі.

      116. Отбасы жағдайлары бойынша қысқа мерзімді демалыс:

      1) жақын туыстары қатты науқастанған немесе қайтыс болған;

      2) мерзімді қызметтегі әскери қызметшінің отбасы табиғи апатқа ұшыраған жағдайларда беріледі.

      Отбасы жағдайлары бойынша демалыс беру қажеттігі тиісті құжаттармен немесе ЖӘБО тиісті басшысының куәландырылған жеделхатымен расталуы тиіс.

      Құжаттар демалыс беру туралы шешім қабылданған кезде немесе демалыстан келгеннен кейін ұсынылады.

      117. Демалысты ұзарту қажет болса, әскери қызметші демалысын өткізу орны бойынша гарнизонның әскери комендантына немесе ЖӘБО бастығына келуі қажет.

      Ескерту. 117-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 10.12.2019 № 1052 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      118. Әскери бөлім командирі демалыстан уақтылы келмеген мерзімді қызметтегі әскери қызметшіні іздестіруді ұйымдастырады.

13-тарау. Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің
әскери бөлімді өз бетімен тастап кетуі

      119. Әскери бөлімді немесе қызмет орнын, сол сияқты дәлелсіз себептермен мерзімінде келмеген әскери қызметшілер бір тәулік өткеннен кейін үлестен шығарылады.

      120. Әскери бөлімді өз бетімен тастап кеткен әскери қызметшілерді іздестіруді Ұлттық ұланның әскери қызметшілері ішкі істер органдарымен ЖӘБО бірлесіп жүзеге асырады.

      Әскери бөлімді өз бетімен тастап кеткен әскери қызметші ұсталған кезде ұсталған орны бойынша әскери бөлімге уақытша іссапарға жіберіледі, ол туралы дереу жоғары тұрған штабқа және әскери қызметші қызмет өткеретін әскери бөлімнің командиріне баяндалады.

14. Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді
запасқа шығару

      121. "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген әскери қызметтің мерзімін өткерген мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару Қазақстан Республикасы Президентінің Республика азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыру және мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару туралы Жарлығының негізінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен жүргізіледі

      Ескерту. 121-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 21.01.2021 № 27 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      122. Заңда көзделген жағдайларда мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бұйрығымен, денсаулық жағдайы бойынша әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы негізінде әскери бөлім командирінің бұйрығымен жүргізіледі.

      Ескерту. 122-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 27.12.2023 № 938 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      123. Қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару әскери қызмет мерзімінің соңғы айының соңғы күндерінен кешіктірілмей аяқталады.

      Демалыстағы, стационарлық емдеудегі, қызметтік іссапардағы немесе өз бетімен әскери бөлімді тастап кеткен әскери қызметшіні запасқа шығару әскери қызметші әскери бөлімге қайтқанша жүргізілмейді.

      124. Запасқа шығарылғандарды ұйымдасқан түрде жөнелтуді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы бекіткен кестеге сәйкес әскери есепке қою пункттеріне дейінгі жол жүру құжаттары алдын ала сатылып алынады.

      Ескерту. 124-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 27.12.2023 № 938 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      125. Запасқа шығарылатындарға:

      1) әскери билет;

      2) есептік-қызметтік карточка;

      3) ұйғарым;

      4) қызметтік мінездеме;

      5) жол жүру құжаты немесе ақшалай өтемақы;

      6) жалпы әскери жеке тамақтану рационы беріледі.

      Ескерту. 125-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 21.01.2021 № 27 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      126. Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген және әскери бөлімдерде келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеруге ниет білдірген мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер қызмет мерзімі аяқталғанға дейін екі айдан кешіктірмей баянатпен өтініш білдіреді. 136. Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеруге ниет білдірген әскери қызметшілер үшін әскери бөлім командирі медициналық куәландыру, арнайы тексеру өткізуді және жеке ісін қалыптастыруды ұйымдастырады.

      128. Олар үшін бос лауазымдардың бар-жоғын келіскеннен, қажетті құжаттарды жинағаннан, медициналық куәландыру және арнайы тексеру өткізілгеннен кейін бұл әскери қызметшілер:

      1) өңірлік қолбасшылықтардың әскери бөлімдері арасында – өңірлік қолбасшылық қолбасшысының өкімімен;

      2) Академия, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысына тікелей бағынысты әскери бөлімдер және ӨңҚ арасында – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының өкімімен ауыстырылады.

      Ескерту. 128-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 27.12.2023 № 938 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      129. Запасқа шығарылған мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер әскери есепке тұру үшін шақырылған жері бойынша ЖӘБО жіберіледі.

      Отбасының тұрғылықты жерін ауыстырғаны құжаттамалық расталған жағдайда запасқа шығарылғандар әскери есепке тұру үшін шақырылмаған жері бойынша жіберіледі.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық ұланында әскери қызмет
өткеру нұсқаулығына
1-қосымша

      Нысан

      БЕКІТЕМІН

      _____________________________________

      (әскери бөлім командирінің (бастық) лауазымы,

      әскери атағы, қолы, аты-жөні, тегі)

      20__ жылғы "___"_________

Әскери қызметке қабылдау туралы
Қорытынды


(кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (егер болса) табыс септігінде)



      1. Кандидатты алдын-ала зерделеу нәтижелері туралы анықтама


Тұрғылықты жері, оқу немесе жұмыс орны бойынша қалай мінезделеді

(оның білімінің, іскерлік, жеке және моральдық қабілетінің ұсынылатын лауазымға сәйкестігі)



















Кандидат жоспарланып отырған қызметтің командирі (бастығы)

(бөлімше командирі (бастығы), әскери атағы )



(лауазымы, арнайы атағы) (қолы)

(аты-жөні, тегі)


      20___ жылғы "___"__________

2. Арнайы тексеріс нәтижелері













Штаб бастығының кадр және саптық бөлім жөніндегі аға көмекшісі немесе кадр бөлімшесінің бастығы, зерделегеннен және арнайы тексеріс іс-шараларын өткізгеннен кейін


















(лауазымы, арнайы атағы)


(қолы)


(аты-жөні, тегі)



      20___ жылғы "___"__________

3. Кандидаттың Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына әскери қызметке жарамдылығы туралы әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы








Кандидатты психофизиологиялық зерттеу нәтижелері



Әскери бөлім немесе құраманың офицер-психологы толтырады(немесе әскери-дәрігерлік

комиссияның анықтамасынан алынады, егер психофизиологиялық зертхананың қорытындысы

болса – әскери бөлім медициналық қызметінің бастығы толтырады)









Медициналық қызметтің бастығы





(лауазымы, арнайы атағы)


(қолы )


(аты-жөні, тегі)



      20___ жылғы "___"__________

4. Кандидатты зерделеу нәтижелері

Зерделеу кезеңінде қалай мінезделеді, біржолғы тапсырманы орындау

немесе тағылымдамадан өту кезінде болашақ

лауазымы үшін қажетті қандай қабілеттерін танытты




20___ жылғы "___"__________

5. Кандидатты зерделеу нәтижелері бойынша қорытынды


Кандидатты зерделеген бастықтың кандидатты оны пайдалану жаспарланған әскери

қызметті, лауазымды және жұмыс учаскесін өткеру ниеті туралы пікірі



1)

Кандидат қызмет өткеретін жердің командирі (бастығы)

Бөлімше командирі (қызмет бастығы)

ә/атағы


(қолы )


(аты-жөні, тегі)

Т.А.Ә. (егер болса)













20___ жылғы "___"_________

2)


әскери бөлімінің командирі


Әскери бөлімінің командирі (бастығы)



(қолы)



(аты-жөні, тегі)


әскери атағы



Т.А.Ә. (егер болса)












      20___ жылғы "___"__________

3)


әскери бөлімі кадр бөлімшесінің бастығы

(кадр органының бастығы )


(қолы)



(аты-жөні, тегі)


әскери атағы



Т.А.Ә. (егер болса)








      20___ жылғы "___"__________

4)




(командирдің (бастықтың) жетекшілік ететін қызмет жөніндегі орынбасары)



(қолы)



(аты-жөні, тегі)


әскери атағы



Т.А.Ә. (егер болса)









      20___ жылғы "___"__________

5)




(қолы)


(аты-жөні, тегі)











      20___ жылғы "___"__________

6)




(қолы)


(аты-жөні, тегі)





      20___ жылғы "___"__________

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық ұланында әскери қызмет
өткеру нұсқаулығына
2-қосымша

      Нысан

Іріктеу комиссиясы отырысының
№ _____ хаттамасы

      _______________________________________________________________

      (Ұлттық ұлан әскери бөлімінің (мекеме) атауы

      Комиссия төрағасы __________________________________________

      (лауазымы, әскери атағы, тегі, аты-жөні)

      Комиссия мүшелері__________________________________________

      (лауазымы, әскери атағы, тегі, аты-жөні)

      Комиссия хатшысы __________________________________________

      (лауазымы, әскери атағы, тегі, аты-жөні)

Р/с №


Әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты


Туған күні, айы, жылы және жері


Білімі

а) әскери

б) азаматтық және мамандығы


Кәсіби және психологиялық іріктеу нәтижелері


Медициналық куәландыру нәтижелері


Дене шынықтыру даярлығы бойынша ормативтерді тапсыру нәтижелері


Әскери қызметке қабылдаудың (бас тартудың) мақсатқа сай болуының негіздемесі











      Ескертпе: Хаттаманың соңында іріктеу комиссиясының отырысына шақырылған офицерлердің атағы және тегі көрсетіледі.

      Комиссия төрағасы

      әскери атағы тегі, аты-жөні (егер болса)

      Комиссия мүшелері

      әскери атағы тегі, аты-жөні (егер болса)

      әскери атағы тегі, аты-жөні (егер болса)

      әскери атағы тегі, аты-жөні (егер болса)

      Комиссия хатшысы

      әскери атағы тегі, аты-жөні (егер болса)

      20 ___ жылғы " _____" _______________

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық ұланында әскери қызмет
өткеру нұсқаулығына
3-қосымша

      Нысан

      _____________________________________________________________________ әскери қызметшінің атағы, аты, әкесінің аты)

Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланынан әскери қызметте болудың шекті
жасына жетуіне байланысты шығару туралы
хабарлама

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларына сәйкес Сіз әскери қызметте болудың шекті жасына толуыңызға және келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты ________ дейінгі мерзімде әскерден шығаруға ұсынылатыныңыз туралы хабарлаймыз.



Кадр қызметінің басшысы:




(лауазымы, әскери атағы,




тегі, аты-жөні, қолы) 


20__ жылғы " "


Маған алдағы уақытта қызметтен шығарылатыным туралы шешім жарияланды




20__ жылғы " "



(әскери қызметшінің тегі, аты-жөні, қолы)

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық ұланында әскери қызмет
өткеру нұсқаулығына
4-қосымша

      Нысан

      Кімге________________________________________

      әскери бөлімнің командиріне (бастығына)

      _______________________________________

Баянат

      Сізден қызмет мерзімін әскери қызметте болудың шекті жасынан тыс ұзарту және 5 (бес) жыл мерзімге келісімшарт жасасу туралы өтінішімді қолдауыңызды сұраймын.

      Баянатқа:

      1. Әскери-дәрігерлік комиссияның қаулысын (қорытынды);

      2. Атқаратын лауазымы бойынша қызметтік мінездемені қоса беремін.

      (әскери атағы, қолы, Т.А.Ә. (егер болса)

      ________________________

      (күні)

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық ұланында әскери
қызмет өткеру нұсқаулығына
5-қосымша

      Нысан

      ____________________________________________________________________

      (әскери қызметшінің атағы, аты, әкесінің аты (егер болса)

      Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланынан шығару туралы хабарлама

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларына сәйкес Сізге әскери қызмет мерзімін шекті жастан тыс ұзартудан бас тартылғаны туралы хабарлаймыз.

      Сіз әскери қызметте болудың шекті жасына толуыңызға және келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты ________ дейінгі мерзімде әскерден шығаруға ұсынылатыныңыз туралы хабарлаймыз.



Кадр қызметінің басшысы:




(лауазымы, әскери атағы,





тегі, аты-жөні, қолы)



20__ жылғы " "



Маған алдағы уақытта әскерден шығарылатыным туралы шешім жеткізілді




20__ жылғы " "



(әскери қызметшінің тегі, аты-жөні, қолы)


  Қазақстан Республикасының
Ұлттық ұланында әскери қызмет
өткеру нұсқаулығына
6-қосымша

      Нысан

      БЕКІТЕМІН

      ________________________________

      (Әскери бөлім командирінің (бастықтың) лауазымы,

      әскери атағы, қолы, аты-жөні, тегі)

      20___ жылғы "____" _________

Өңірлік қолбасшылықтың ротациялауға жататын әскери
қызметшілерінің тізімі

№ Р/с

Атқаратын лауазымы, қашаннан бастап

Әскери атағы

Т.А.Ә. (егер болса)

Осы әскери бөлімде қашаннан бастап

Қандай бөлімге және қандай лауазымға жоспарланады

1






  Қазақстан Республикасының
Ұлттық ұланында әскери қызмет
өткеру нұсқаулығына
7-қосымша

      Нысан

      БЕКІТЕМІН

      _______________________________________________

      (Әскери бөлім командирінің (бастықтың) лауазымы,

      әскери атағы, қолы, аты-жөні, тегі)

      20___ жылғы "____" _________

Өңірлік қолбасшылықтың әскери қызметшілерін ротациялау
жоспары

Р/с


Әскери бөлімнің нөмірі, өңірлік қолбасшылықтың атауы

20 __жыл


Ескертпе


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12


1















  Қазақстан Республикасының
Ұлттық ұланында әскери қызмет
өткеру нұсқаулығына
8-қосымша

Ұсыныммен ресімделетін құжаттардың тізбесі

      Офицердің немесе сержанттар мен сарбаздар құрамы лауазымдарындағы келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің әскери қызмет өткеруіне қатысты әрбір тармаққа тиісті аттестаттау материалдары ресімделеді және жеке құрам бойынша бұйрықпен іске асырылады.

      1. Офицерлер құрамының алғашқы әскери атағын беруге:

      1) аттесттау (Ұлттық ұлан академиясының бітірушілеріне);

      2) офицерлер құрамының алғашқы әскери атағын беруге ұсыным;

      3) тікелей командирінің (бастығының) команда бойынша баянаты;

      4) тиісті жоғары білімінің болуы туралы құжаттар;

      5) әскери-дәрігерлік комиссияның әскери қызмет өткеруге жарамдылығы туралы қорытындысы;

      6) қызметтік мінездеме;

      7) қызметтік карточкадан үзінді.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 27.12.2023 № 938 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. "Подполковникті" қоса алғанға дейінгі кезекті әскери атақты беруге:

      1) ұсыным;

      2) тікелей командирінің (бастығының) команда бойынша баянаты;

      3) қызметтік карточкадан үзінді;

      4) қызметтік мінездеме.

      3. "Полковник" кезекті әскери атағын беруге:

      1) ӨңҚ қолбасшысының (құрама командирінің, ұсынымға негіздемеде) қолы қойылған ұсыным;

      2) қызметтік-жауынгерлік қызметтегі және лауазымдық міндеттерін орындаудағы көрсеткіштері көрсетілген мінездеме;

      3) аттестаттау комиссиясының шешімі (хаттамадан үзінді);

      4) қызметтік карточкадан үзінді.

      4. Әскери атағынан айыруға немесе бір сатыға төмендетуге ұсынған кезде:

      1) ұсыным;

      2) қызметтік мінездеме;

      3) соттың заңды күшіне енген айыптау үкімі;

      4) аттестаттау комиссиясының шешімі (хаттамадан үзінді);

      5) қызметтік карточкадан үзінді.

      5. Әскери қызметшілерді жоғары тұрған лауазымға тағайындау кезінде:

      1) ұсыным (қосымша резервке тіркеген күні, қандай лауазымға тіркелгені көрсетіледі);

      2) тікелей командирінің (бастығының) команда бойынша баянаты;

      3) қызметтік мінездеме;

      4) аттестаттау комиссиясының шешімі (хаттамадан үзінді);

      5) қызметтік карточкадан үзінді.

      6. Әскери қызметшілерді тең лауазымға тағайындау кезінде:

      1) ұйымдық-штаттық іс-шараларға байланысты:

      ұсыным (штатты өзгерту туралы бұйрықтың № көрсетіледі);

      әскери қызметшінің ұсынылған лауазымға келісімін берген баянаты;

      аттестаттау комиссиясының шешімі (хаттамадан үзінді);

      қызметтік карточкадан үзінді;

      2) әскери қызметшіні әскери қызметте мақсатқа сәйкес пайдалану үшін:

      ұсыным;

      қызметтік мінездеме;

      тікелей командирінің (бастығының) баянаты;

      аттестаттау комиссиясының шешімі (хаттамадан үзінді);

      қызметтік карточкадан үзінді;

      3) әскери қызметшінің баянаты бойынша отбасы жағдайы бойынша:

      ұсыным;

      әскери қызметшінің команда бойынша баянаты;

      отбасы-мүліктік жағдайын тексеру актісі, медициналық мекеменің қорытындысы немесе халықты әлеуметтік қорғау органының қорытындысы;

      мінездеме;

      аттестаттау комиссиясының шешімі (хаттамадан үзінді);

      қызметтік карточкадан үзінді;

      4) ӘДК-ның қорытындысына сәйкес денсаулық жағдайы бойынша:

      ұсыным;

      әскери қызметшінің команда бойынша баянаты;

      әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы;

      мінездеме;

      аттестаттау комиссиясының шешімі (хаттамадан үзінді);

      қызметтік карточкадан үзінді.

      7. Әскери қызметшілерді олардың келісімімен төмен лауазымға тағайындау кезінде:

      1) ұйымдық-штаттық іс-шараларға байланысты:

      ұсыным;

      әскери қызметшінің ұсынылған лауазымға келісімін берген баянаты;

      мінездеме;

      аттестаттау комиссиясының шешімі (хаттамадан үзінді);

      қызметтік карточкадан үзінді;

      2) отбасылық жағдайларға байланысты:

      ұсыным;

      әскери қызметшінің команда бойынша баянаты;

      отбасы-мүліктік жағдайын тексеру актісі, медициналық мекеменің қорытындысы немесе халықты әлеуметтік қорғау органының қорытындысы;

      мінездеме;

      аттестаттау комиссиясының шешімі (хаттамадан үзінді);

      қызметтік карточкадан үзінді;

      3) ӘДК-ның қорытындысына сәйкес денсаулық жағдайы бойынша:

      ұсыным;

      мінездеме;

      әскери қызметшінің баянаты;

      әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы;

      аттестаттау комиссиясының шешімі (хаттамадан үзінді);

      қызметтік карточкадан үзінді;

      4) командирдің (бастықтың) қарамағында болған кезеңде:

      әскери қызметшінің немесе аға бастықтың баянаты;

      ұсыным;

      аттестаттау комиссиясының шешімі (хаттамадан үзінді);

      қызметтік карточкадан үзінді.

      8. Әскери қызметшілерді олардың келісімінсіз төмен лауазымға тағайындау кезінде:

      1) тікелей командирінің (бастығының) команда бойынша баянаты;

      2) ұсыным;

      3) мінездеме;

      4) жазалау туралы бұйрықтардың үзінділері;

      5) қызметтік тергеу материалдарының көшірмелері;

      6) аттестаттау комиссиясының шешімі (хаттамадан үзінді);

      7) қызметтік карточкадан үзінді.

      9. Әскери лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқаруды жүктеу кезінде:

      1) әскери қызметшінің келісімімен бос (тағайындалмаған) әскери лауазым бойынша:

      тікелей командирінің (бастығының) команда бойынша баянаты;

      әскери қызметшінің баянаты;

      ұсыным (лауазымды уақытша алмастыру қажеттігі көрсетіледі);

      мінездеме;

      аттестаттау комиссиясының шешімі (хаттамадан үзінді);

      қызметтік карточкадан үзінді;

      2) бос емес (тағайындалған) әскери лауазым бойынша:

      тікелей командирінің (бастығының) команда бойынша баянаты;

      ұсыным (лауазымды уақытша алмастыру қажеттігі көрсетіледі);

      аттестаттау комиссиясының шешімі (хаттамадан үзінді);

      қызметтік карточкадан үзінді.

      10. Командирдің (бастықтың) қарамағына қабылдау кезінде:

      1) тікелей командирінің (бастығының) баянаты;

      2) әскери бөлім немесе құрама командирінің қарамағына қабылдаудың дәлелді себебі бар қолдаухаты;

      3) әскери қызметшіге қатысты қылмыстық іс қозғалған жағдайда сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының шешімі (қаулысы);

      4) аттестаттау комиссиясының шешімі (хаттамадан үзінді);

      5) қызметтік карточкадан үзінді.

      11. Әскери қызметтен запасқа шығару кезінде:

      1) әскери қызметте болудың шекті жасына толуы бойынша:

      ұсыным;

      әскери қызметшінің әскери есепке қойылатын ӘБО көрсетілген шығару туралы баянаты;

      мінездеме;

      хабарлама;

      2) шақыру немесе келісімшарт бойынша әскери қызмет мерзімінің аяқталуы бойынша:

      ұсыным;

      баянат;

      аттестаттау комиссиясының шешімі (хаттамадан үзінді);

      хабарлама;

      3) денсаулық жағдайы бойынша:

      ұсыным;

      баянат;

      әскери қызметшінің ӘДК-ға жіберу туралы өтініші бар шығару туралы баянаты;

      әскери-дәрігерлік комиссияның куәлігі (анықтамасы);

      хабарлама;

      аттестаттау комиссиясының шешімі (хаттамадан үзінді);

      4) әскери атақтан айыру:

      ұсыным;

      соттың заңды күшіне енген айыптау үкімі;

      әскери атақтан айыру туралы ж/қ бойынша бұйрықтан үзінді.

      12. Әскери қызметтен запасқа мерзімінен бұрын шығару кезінде:

      1) ұйымдық-штаттық іс-шараларға байланысты:

      ұсыным;

      мінездеме;

      әскери қызметшінің баянаты;

      келісімшарттың көшірмесі және келісімшартқа толықтыру (куәландырылған);

      аттестаттау комиссиясының шешімі (хаттамадан үзінді);

      хабарлама;

      қызметтік карточкадан үзінді;

      2) мемлекеттік органдарға (мекемелерге) қызметке ауысуына байланысты:

      ұсыным;

      мінездеме;

      келісімшарттың көшірмесі және келісімшартқа толықтыру (куәландырылған);

      әскери қызметшінің келісімшартты бұзу себебі негізделген команда бойынша баянаты;

      мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшінің лауазымы көрсетілген әскери қызметшіні жұмысқа (қызметке) қабылдайтыны туралы хабарламасы;

      аттестаттау комиссиясының шешімі (хаттамадан үзінді);

      қызметтік карточкадан үзінді;

      3) келісімшарттың талаптарын орындамауына, сондай-ақ дәлелсіз себептермен қызметке шықпауына байланысты:

      ұсыным;

      тікелей командирінің (бастығының) команда бойынша баянаты;

      мінездеме;

      жазалау туралы бұйрықтан үзінді немесе аттестаттау;

      қызметтік тергеу қорытындыларының және материалдарының көшірмелері;

      келісімшарттың көшірмесі және келісімшартқа толықтыру (куәландырылған);

      хабарлама;

      қызметтік карточкадан үзінді;

      4) арнайы тексеруден бас тартқан кезде:

      ұсыным;

      мінездеме;

      әскери қызметшінің баянаты;

      аттестаттау комиссиясының шешімі (хаттамадан үзінді);

      хабарлама;

      қызметтік карточкадан үзінді;

      5) соттың әскери қызметшіге бас бостандығынан айыру (шартты) түріндегі жаза тағайындау туралы үкімінің заңды күшіне енуі:

      ұсыным;

      соттың заңды күшіне енген айыптау үкімі;

      келісімшарттың көшірмесі және келісімшартқа толықтыру (куәландырылған);

      аттестаттау комиссиясының шешімі (хаттамадан үзінді);

      хабарлама;

      қызметтік карточкадан үзінді;

      6) әскери қызметші келісімшарт талаптарын жүйелі түрде бұзған жағдайда:

      тікелей командирінің (бастығының) баянаты;

      ұсыным;

      мінездеме;

      қызметтік тергеу қорытындыларының және материалдарының көшірмелері;

      аттестаттау комиссиясының шешімі (хаттамадан үзінді);

      келісімшарттың көшірмесі (куәландырылған);

      хабарлама;

      қызметтік карточкадан үзінді;

      7) әскери қызметшіге қатысты келісімшарт талаптарын елеулі және (немесе) жүйелі түрде бұзылған жағдайда:

      әскери қызметшінің келісімшарт талаптарының бұзылғанын көрсеткен баянаты;

      ұсыным;

      мінездеме;

      шығарылу жағдайын растайтын құжаттар;

      келісімшарттың көшірмесі және келісімшартқа толықтыру (куәландырылған);

      аттестаттау комиссиясының шешімі (хаттамадан үзінді);

      қызметтік карточкадан үзінді;

      8) отбасылық жағдайлар бойынша:

      ұсыным;

      мінездеме;

      әскери қызметшінің команда бойынша баянаты;

      отбасы-мүліктік жағдайын тексеру актісі, медициналық мекеменің қорытындысы немесе халықты әлеуметтік қорғау органының қорытындысы;

      келісімшарттың көшірмесі және келісімшартқа толықтыру (куәландырылған);

      аттестаттау комиссиясының шешімі (хаттамадан үзінді);

      қызметтік карточкадан үзінді;

      9) ҚР өкілді органдарына сайланған жағдайда:

      сайлау қорытындысы бар БАҚ құжаты көрсетілген ұсыным;

      мінездеме;

      аттестаттау комиссиясының шешімі (хаттамадан үзінді);

      қызметтік карточкадан үзінді;

      10) судья лауазымына сайланған немесе тағайындалған жағдайда:

      ұсыным;

      мінездеме;

      уәкілетті органның тағайындау туралы тиісті актісі немесе судья лауазымына сайланғаны туралы хабарламасы;

      аттестаттау комиссиясының шешімі (хаттамадан үзінді);

      қызметтік карточкадан үзінді.

      13. шегінде бір өңірлік қолбасшылықтан (құрама) басқасына ауысқан кезде:

      1) денсаулық жағдайы бойынша:

      әскери қызметшінің баянаты;

      медициналық мекеменің (әскери-дәрігерлік комиссияның) қорытындысы;

      өтініш білдірген әскери қызметші қызмет өткеруге ниет білдірген бөлім командирінің лауазым көрсетілген қолдаухаты;

      аттестаттау комиссиясының шешімі (хаттамадан үзінді);

      қызметтік карточкадан үзінді;

      2) әскери қызметшінің асырауындағы отбасы мүшелерінің денсаулық жағдайы бойынша:

      баянат;

      медициналық мекеменің қорытындысы;

      неке (балалардың туу) туралы куәліктің көшірмесі;

      өтініш білдірген әскери қызметші қызмет өткеруге ниет білдірген бөлім командирінің лауазым көрсетілген қолдаухаты;

      аттестаттау комиссиясының шешімі (хаттамадан үзінді);

      қызметтік карточкадан үзінді;

      3) әйелiнiң (күйеуінің) бөлек тұратын қартайған немесе науқас ата-аналарын күту қажеттiлiгiне негiзделген басқа жерге ауысу:

      баянат;

      халықты әлеуметтік қорғау органының қорытындысы;

      ауысатын адамның және әйелінің (күйеуінің) туу туралы куәлігінің көшірмесі;

      өтініш білдірген әскери қызметші қызмет өткеруге ниет білдірген бөлім командирінің лауазым көрсетілген қолдаухаты;

      аттестаттау комиссиясының шешімі (хаттамадан үзінді);

      қызметтік карточкадан үзінді.

      14. Жаңа келісімшарт жасасқан кезде:

      1) ұсыным;

      2) әскери қызметшінің баянаты;

      3) аттестаттау парағы;

      4) келісімшарт;

      5) қызметтік карточкадан үзінді.

      15. Шекті жастан тыс жаңа келісімшарт жасасқан кезде:

      1) ұсыным;

      2) мінездеме;

      3) әскери қызметшінің баянаты;

      4) әскери-дәрігерлік комиссияның куәлігі (анықтамасы);

      5) аттестаттау парағы;

      6) келісімшарт;

      7) қызметтік карточкадан үзінді.

      16. Әскери қызметшіні әскери қызмет көзделген басқа мемлекеттік органға жіберген кезде:

      1) ұсыным;

      2) мінездеме;

      3) әскери қызметшінің баянаты;

      4) қызметтік карточкадан үзінді;

      5) аттестаттау комиссиясының шешімі (хаттамадан үзінді);

      6) әскери қызмет көзделген уәкілетті органның бірінші басшысы қол қойған мемлекеттік мекеменің хабарламасы.

      Толтыру бойынша түсіндірме:

      мінездемені рота командирі және одан жоғарылар жазады, команда бойынша бөлім командирімен келісіледі (күні, мөр, қолы және тегі мен аты-жөні қойылады);

      қызметтік карточкада көтермелеулер мен жазалардың саны көрсетіледі. Алынбаған жазасы толық көрсетіледі (қашан, кім және не үшін жазалады);

      қызметтік тергеудің қорытындысы және материалдары – көшірмесі жіберіледі.

      ұсыным уәкілетті органдардың бірінші басшыларымен келісу бойынша "Әскери қызмет өткеру туралы келісімшарттың және ұсынымның үлгі нысандарын, сондай-ақ аттестаттау парағының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 29 қаңтардағы № 36 қбпү бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16594 болып тіркелген) 7-қосымшаға сәйкес ресімделеді.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 12.10.2022 № 808 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық ұланында әскери қызмет
өткеру нұсқаулығына
9-қосымша

      Нысан

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскерге шақырылушысына
мәліметтердің болуы туралы анықтама

      1. Әскерге шақырылушының тұрғылықты жерінің мекенжайы: ____________________________________________________________________

      (қала, кент, көше, үй)

      ____________________________________________________________________;

      2. Әскерге шақырылушымен бірге тұратын адамдардың туыстық байланысы (әкесі, анасы, аға-інілері, апа-қарындастары):_______________________________________________________

      (тегі, аты-жөні)

      ____________________________________________________________________;

      3.Әскерге шақырылушының әкесі мен анасының әлеуметтік жағдайы (егер болса): _________________________________________________________;

      (қызметші, жұмысшы, кәсіпкер, уақытша жұмыс істемейді. Олар бейәлеуметтік өмір салтын ұстана ма)

      4. Ішкі істер органдарының мамандандырылған есептерінде, оның ішінде кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспекцияда әскерге шақырылушы туралы мәліметтердің болуы:______________________________________________________________;

      5. Әскерге шақырылушының қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны туралы мәліметтердің болуы:______________________________________________________________

      (қандай құқық бұзушылықтар жасағаны үшін)

      ____________________________________________________________________;

      6. Әскерге шақырылушының немесе оның жақын туыстарының құқық бұзушылық жасағаны үшін бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтегені туралы мәліметтер:_____________________________________________;

      (қандай құқық бұзушылық жасағаны үшін)

      7. Көршілерден әскерге шақырылушыға немесе оның отбасына түскен шағымдардың мазмұны _______________________________________________;

      (шағымдардың мазмұны)

      8. Әскерге шақырылушы немесе оның жақын туыстары (әкесі, анасы, аға-інілері, апа-қарындастары) тарапынан орын алған белгілі өзіне-өзі қол жұмсау әрекеттері туралы ақпарат: ____________________________________________;

      9. Әскерге шақырылушының шақыру алдындағы соңғы жылдағы өмір салты: ______________________________________________________________;

      ( қайда және кім болып жұмыс істеді, жұмыс істеген жоқ және оқыған жоқ)

      10. Әскерге шақырылушы жалпы қалай мінезделеді: ____________________________________________________________________;

      (оң немесе теріс)

      11. Егер әскерге шақырылушы теріс мінезделсе, не үшін: ____________________________________________________________________.

      (биморальдық өмір салты, арамтамақтық, маскүнемдік, нашақорлық және басқалар)

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық ұланында әскери
қызмет өткеру нұсқаулығына
10-қосымша

Әскерге шақырылушыларды алып жүретін команда басшыларында болатын
мүліктің тізбесі

      1. Қызыл жалаушалар - 2 дана, ақ жалаушалар - 2 дана;

      2. Электр шамы - 2 дана;

      3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының Жалпы әскери жарғылары;

      4. Дойбы, шахмат –әрбір вагонға 1 жинақтан;

      5. Түрлі-түсті қарындаштар жинағы;

      6. Жауынгерлік парақшалар шығаруға арналған бланкілер;

      7. Тәуліктік нарядтың қызметін ұйымдастыруға арналған бланкілер;

      8. Бейджиктер: "Әскери команда бастығы" - 1 дана, "Вагон бойынша басшы" - әрбір вагонға 1 данадан, "Вагон бойынша тәуліктік кезекші" - әрбір вагонға 2 данадан;

      9. Әскерге шақырылушыларды зерделеу парағы (әскерге шақырылушылардың саны бойынша);

      10. Команда басшысының қызметтік құжаттамасына арналған папка, онда мыналар болады:

      күн тәртібі;

      команда басшысының міндеттері;

      вагон бойынша кезекшінің міндеттері;

      вагон бойынша тәуліктік кезекшінің міндеттері;

      сабақ кестесі;

      тәрбие жұмысы жоспары;

      команда басшысы қабылдайтын құжаттардың тізбесі;

      жүру жолында қауіпсіздік шаралары бойынша нұсқама алған әскерге шақырылушылардың тізімі.

      11. Дәрілік, таңу құралдары, медициналық, дәрігерлік заттар:

Атауы

Өлшем бірлігі

Әскерге шақырылушылар саны

20-ға дейін

50-ге дейін

70-ке дейін

90-ға дейін

10% аммиак ерітіндісі 10 мл.

флакон

1

1

1

1

Валидол 0,06 таб. №10
 

орама

1

2

2

3

Йод 5% 10,0 спирт ерітіндісі

флакон

1

2

2

3

Анальгин 50% 2,0 №10

орама

1

1

1

2

Кордиамин 2,0 мл. №10

орама

1

1

1

1

Белсенді көміртегі 0,5 №10

дана

4

6

8

10

Димедрол 1% - 1мл. №10

орама

1

1

1

2

Ацетилсалицил қышқылы 05.№10

орама

2

3

4

5

Сульфацил-натрий 30% - 10мл.

флакон

1

1

1

1

Нафтизин 01% - 10мл.

флакон

1

1

2

3

Мезим форте №20
 

орама

1

1

2

2

Диазолин №10
 

орама
 

2
 

3
 

4
 

6
 

Стерильді дәке бинт, өлшемі х
 

дана
 

2
 

2
 

3
 

3
 

Стерильденбеген дәке бинт 5 мх10 см
 

дана
 

2
 

3
 

4
 

5
 

Стерильді дәке бинт, өлшемі 7м х 14см.
 

дана
 

1
 

1
 

2
 

2
 

Стерильденбеген дәке бинт 7 м х 14 см
 

орама
 

2
 

2
 

4
 

5
 

Оралымды бинт 100 х 3,0 м
 

дана
 

1
 

1
 

1
 

1
 

Медициналық мақта
 

орама
 

1
 

1
 

2
 

2
 

Медициналық орамал
 

дана
 

1
 

1
 

1
 

1
 

Лейкопластырь 1х500
 

орама
 

1
 

1
 

2
 

2
 

Санипласт № 10 (денеге арналған)
 

орама
 

2
 

2
 

3
 

4
 

ЖТП (жеке таңу пакеті)
 

дана
 

2
 

2
 

3
 

4
 

Суда еритін спирт 70% - 50мл.
 

дана
 

2
 

2
 

3
 

3
 

5,0 бір рет қолданылатын шприц
 

дана
 

10
 

20
 

20
 

20
 

Анатомиялық пинцет
 

дана
 

1
 

1
 

1
 

1
 

Фонендоскопы бар тонометр
 

дана
 

1
 

1
 

1
 

1
 

Қан тоқтататын бұрау
 

дана
 

1
 

1
 

1
 

2
 

Медициналық термометр
 

дана
 

1
 

1
 

1
 

1
 

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық ұланында әскери қызмет
өткеру нұсқаулығына
11-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына алдын ала іріктелген әскерге шақырылушылардың тізімі

      Ескерту. 11-қосымшамен толықтырылады – ҚР Ішкі істер министрінің 10.12.2019 № 1052 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Т.А.Ә. (егер бар болса)

Аудан, облыс

Шақыру кезеңі

Туған күні

Білімі

Мамандығы















      кестенің жалғасы

Ұлты

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Тұрғылықты мекенжайы

Отбасылық жағдайы

Отбасы құрамы

Қай командаға арналған (команда №)

Ескертпе















      Қорғаныс істері басқармасының (бөлімінің) бастығы __________________

      Ішкі істер органының өкілі ________________________________________

      Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының өкілі _____________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады