О внесении изменений в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 3 февраля 2020 года № 40/НҚ "Об утверждении Правил применения поощрения государственных служащих Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан"

Приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 31 марта 2021 года № 110/НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 1 апреля 2021 года № 22456

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 3 февраля 2020 года № 40/НҚ "Об утверждении Правил применения поощрения государственных служащих Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 20002, опубликован 10 февраля 2020 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан) следующие изменения:

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Руководителя аппарата Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан.".

      в Правилах применения поощрения государственных служащих Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан, утвержденных указанным приказом:

      пункт 6 изложить в следующей редакции:

      "6. Представления о единовременном денежном вознаграждении и награждения ценным подарком государственных служащих Министерства и его ведомств инициируются руководителями структурных подразделений Министерства по согласованию с курирующим вице-министром, руководителем аппарата и финансовой службой за конкретные результаты работы, за качественное выполнение в сжатые сроки работ особой важности и сложности и вносятся на рассмотрение Комиссии.";

      пункт 12 изложить в следующей редакции:

      "12. Службой управления персоналом запрашиваются представления на награждение Почетной грамотой Министерства, Благодарственным письмом Министра, подписанные руководителями структурных подразделений Министерства и согласованные с курирующим вице-министром, руководителем аппарата.

      В представлении излагаются данные, характеризующие личность награждаемого, общий трудовой стаж работы, стаж государственной службы, в том числе стаж работы в данном трудовом коллективе, его конкретные заслуги, основные результаты и достижения в работе, кратко излагаются достигнутые успехи.";

      пункт 17 изложить в следующей редакции:

      "17. Руководитель аппарата Министерства в течение 10 календарных дней с момента вынесения решения Комиссией издает приказ о награждении ведомственной наградой.".

      2. Департаменту управления человеческими ресурсами обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Руководителя аппарата Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр цифрового развития,
инноваций и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан
Б. Мусин

"Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мемлекеттік қызметшілерін көтермелеуді қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 3 ақпандағы № 40/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 110/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 1 сәуірде № 22456 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мемлекеттік қызметшілерін көтермелеуді қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 3 ақпандағы № 40/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20002 болып тіркелген, 2020 жылғы 10 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.".

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мемлекеттік қызметшілерін көтермелеуді қолдану қағидаларында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Жетекшілік ететін вице-министрдің, аппарат басшысының және қаржы қызметінің келісімі бойынша Министрліктің және оның ведомстволарының мемлекеттік қызметшілерін нақты жұмыс нәтижелері, ерекше маңызды және күрделі жұмыстарды қысқа мерзімде сапалы орындағаны үшін біржолғы ақшалай сыйлықақымен және бағалы сыйлықпен марапаттау туралы ұсынымдарға Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары бастамашылық етеді, Комиссияның қарауына енгізіледі.".

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Персоналды басқару қызметі Министрліктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының қолдары қойылған және жетекшілік ететін вице-министрмен, аппарат басшысымен келісілген Министрліктің құрмет грамотасымен және Министрдің алғыс хатымен марапаттауға ұсынымдарды сұратады.

      Ұсынымда марапатталушының жеке басын сипаттайтын деректер, жалпы еңбек өтілі, мемлекеттік қызмет өтілі, оның ішінде осы еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі, оның нақты сіңірген еңбектері, жұмысының негізгі нәтижелері мен жетістіктері жазылып, қол жеткізген табыстары қысқаша баяндалады.".

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Министрліктің аппарат басшысы Комиссия шешім шығарған сәттен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде ведомстволық наградамен марапаттау туралы бұйрық шығарады.".

      2. Адами ресурстарды басқару департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрі
Б. Мусин