"О внесении изменения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 95 "Правила организации и проведения курсов повышения квалификации педагогов, а также посткурсового сопровождения деятельности педагога"

Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 7 апреля 2021 года № 150. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 12 апреля 2021 года № 22529

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      Внести в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 95 "Правила организации и проведения курсов повышения квалификации педагогов, а также посткурсового сопровождения деятельности педагога" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 13420, опубликован в Информационно-правовой системе "Әділет") следующее изменение:

      в Правилах организации и проведения курсов повышения квалификации педагогов, а также посткурсового сопровождения деятельности педагога, утвержденных указанным приказом:

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. Курсы проводятся следующими организациями образования, реализующими образовательные программы повышения квалификации педагогов (далее – Организация), Автономной организацией образования "Назарбаев Интеллектуальные школы", Национальным центром повышения квалификации "Өрлеу", Национальным научно-практическим образовательным, оздоровительным центром "Бөбек", Национальным научно-практическим центром коррекционной педагогики, Национальным институтом гармоничного развития человека, Национальным научно-практическим центром физической культуры, Национальной палатой предпринимателей РК "Атамекен", высшими учебными заведениями, юридическими лицами независимо от форм собственности и осуществляющими согласно уставу деятельность по проведению курсов, а также областными, городов Нур-Султан, Алматы и Шымкента методическими кабинетами.

      Курсы за рубежом организовываются уполномоченным органом в области образования, акционерным обществом "Центр международных программ" (далее - Центр), Автономной организацией образования "Назарбаев интеллектуальные школы" и управлениями образования областей, городов Нур-Султан, Алматы и Шымкент за счет соответствующих бюджетов или других источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      Курсы за рубежом проводятся зарубежными организациями образования, международными научно-исследовательскими центрами, реализующими образовательные программы повышения квалификации педагогов (далее - Зарубежная организация) на основании договора на оказание услуг по повышению квалификации, заключенного между Организацией и Зарубежной организацией и Графика проведения Курсов за рубежом. По итогам курсов за рубежом посткурсовое сопровождение и мониторинг не требуется.".

      2. Комитету дошкольного и среднего образования Министерства образования и науки Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства образования и науки Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Юридический департамент Министерства образования и науки Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятиях, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. "Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра образования и науки Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр образования и науки
Республики Казахстан
А. Аймагамбетов

"Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ педогогтің қызметін курстан кейінгі қолдау қағидалары" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 7 сәуірдегі № 150 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 12 сәуірде № 22529 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ педогогтің қызметін курстан кейінгі қолдау қағидалары" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13420 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ педагогтің қызметін курстан кейінгі қолдау қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Курстарды педагогтердің біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламаларын іске асыратын келесі білім беру ұйымдары (бұдан әрі - Ұйым) өткізеді: "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы, "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы, "Бөбек" Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру, сауықтыру орталығы, Түзеу педагогикасы ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, Адамның үйлесімді дамуы Ұлттық институты, Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы, "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, меншік нысанына қарамастан және Жарғыға сәйкес курстар өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жоғары оқу орындары, заңды тұлғалар, сондай-ақ облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әдістемелік кабинеттері.

      Шетелде курстарды білім беру саласындағы уәкілетті орган, "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Орталық), "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы және облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары тиісті бюджеттер немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен ұйымдастырады.

      Шетелде курстарды шетелдік білім беру ұйымдары, педагогтердің біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламаларын іске асыратын халықаралық ғылыми-зерттеу орталықтары (бұдан әрі - Шетелдік ұйым) Ұйым мен Шетелдік ұйым арасында жасалған біліктілікті арттыру бойынша қызмет көрсету шарты және шетелде Курстар өткізу кестесі негізінде жүргізеді. Шетелде өтетін курстардың қорытындылары бойынша курстан кейінгі қолдау және мониторинг талап етілмейді.".

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Аймагамбетов