Об утверждении Правил пользования Единой нотариальной информационной системой

Приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 30 апреля 2021 года № 357. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 6 мая 2021 года № 22702.

      В соответствии с пунктом 6 статьи 4-1 Закона Республики Казахстан "О нотариате" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить Правила пользования Единой нотариальной информационной системой согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департаменту регистрационной службы и организации юридических услуг Министерства юстиции Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего Вице-министра юстиции Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечению десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр юстиции
Республики Казахстан
М. Бекетаев

      Согласовано
Министерство цифрового развития,
инноваций и аэрокосмической
промышленности
Республики Казахстан
______________________

  Приложение к приказу
Министра юстиции
Республики Казахстан
от 30 апреля 2021 года № 357

Правила пользования Единой нотариальной информационной системой

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила пользования Единой нотариальной информационной системе (далее - Правила) разработаны в соответствии с пунктом 6 статьи 4-1 Закона Республики Казахстан "О нотариате" и определяют порядок пользования к Единой нотариальной информационной системе (далее по тексту - ЕНИС).

      2. Основные понятия, используемые в настоящих Правилах:

      1) доступ – мероприятия по созданию учетной записи в ЕНИС.

      2) пользователь ЕНИС – нотариусы Республики Казахстан, сотрудники территориальных органов юстиции, нотариальных палат и Республиканской нотариальной палаты, зарегистрированные в системе ЕНИС для выполнения конкретных функций;

      3) учетная запись – информация о пользователе ЕНИС: имя пользователя, права доступа к ресурсам при работе с ЕНИС;

      4) электронно - цифровая подпись (далее – ЭЦП) – набор электронных цифровых символов, созданных средствами электронной цифровой подписи и подтверждающий достоверность электронного документа, его принадлежность и неизменность содержания;

Глава 2. Порядок пользования ЕНИС

      3. Для работы в ЕНИС пользователю необходимо иметь ЭЦП физического лица.

      4. Пользователю для получения доступа к ЕНИС необходимо написать заявление в территориальную нотариальную палаты (далее-ТНП). После назначения сотрудника ТНП создает учетную запись в ЕНИС.

      5. Основаниями для прекращения доступа к ЕНИС является:

      1) выход или исключение нотариуса из членства территориальной нотариальной палаты либо прекращения действия его лицензии;

      2) увольнение сотрудника территориального органа юстиции и нотариальной палаты и Республиканской нотариальной палаты.

      6. Для прекращения доступа к ЕНИС по основаниям, указанным в пункте 5 Правил, пользователю необходимо направить заявление с приложением подтверждающих документов. На основании заявления сотрудник ТНП производит блокировку учетной записи пользователя.

      7. Результатом выполнения процесса регистрации является формирование в базе данных ЕНИС учетной записи пользователя ЕНИС.

      8. Для аутентификации в системе пользователю ЕНИС необходимо использовать ЭЦП.

      9. Не допускается передача ЭЦП третьим лицам.

      10. Пользователям ЕНИС не допускается:

      1) работать под чужой учетной записью и ЭЦП;

      2) сообщать другим администраторам и пользователям ЕНИС пароль от ЭЦП;

      3) записывать пароль от ЭЦП на бумаге, в файле, электронной записной книжке и других носителях информации, в том числе на предметах;

      4) покидая рабочее место оставлять систему ЕНИС незаблокированной.

      11. При использовании ЭЦП пользователь ЕНИС руководствуется требованиями:

      1) не сохранять и не передавать ЭЦП другим лицам;

      2) в случае утраты/компрометации пароля от ЭЦП необходимо производить отзыв ЭЦП в соответствии с Правилами выдачи, хранения, отзыва регистрационных свидетельств и подтверждения принадлежности и действительности открытого ключа электронной цифровой подписи корневым удостоверяющим центром Республики Казахстан, удостоверяющим центром государственных органов и национальным удостоверяющим центром Республики Казахстан, утвержденными приказом исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 июня 2015 года № 727 (зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 16 октября 2015 года № 12181);

      3) обеспечивать конфиденциальность и сохранность пароля ЭЦП.

      12. По истечению календарного года со дня получения ЭЦП, пользователю ЕНИС необходимо перевыпустить новую ЭЦП, в противном случае учетная запись будет заблокирована системой автоматически.

Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйені пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 357 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 6 мамырда № 22702 болып тіркелді

      "Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-1-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйені пайдалану қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      _________________________

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2021 жылғы 30 сәуірдегі
№ 357 Бұйрыққа
1-қосымша

Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйені пайдалану қағидалары

1 - тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйені пайдалану қағидалары (бұдан әрі - қағидалар) "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-1 - бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйені (бұдан әрі мәтін бойынша - БНАЖ) пайдалану тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) қол жеткізу – БНАЖ-да есептік жазбаны құру жөніндегі іс-шаралар;

      2) БНАЖ пайдаланушы – БНАЖ жүйесінде нақты функцияларды орындау үшін тіркелген Қазақстан Республикасының нотариустары, аумақтық әділет органдардың, нотариаттық палаталардың және Республикалық нотариаттық палатаның қызметкерлері;

      3) есепке алу жазбасы – БНАЖ пайдаланушы туралы ақпарат: пайдаланушының аты, БНАЖ-мен жұмыс істеу кезінде ресурстарға қол жеткізу құқығы;

      4) электрондық - цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

2- тарау. БНАЖ пайдалану тәртібі

      3. БНАЖ-да жұмыс істеу үшін пайдаланушыға жеке тұлғаның ЭЦҚ-сы болуы қажет.

      4. Пайдаланушы БНАЖ-ға қол жеткізу үшін аумақтық нотариаттық палатаға өтініш жазуы қажет. кейін АНП қызметкері БНАЖ-да есептік жазба жасайды.

      5. БНАЖ-ға қол жеткізуді тоқтату үшін негіздер:

      1) нотариус аумақтық нотариаттық палатаның мүшелігінен шықса немесе шығарылса не оның лицензиясының күші тоқтатылса;

      2) аумақтық әділет органы мен нотариаттық палатаның және Республикалық нотариаттық палатаның қызметкерін жұмыстан босату.

      6. Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген негіздер бойынша БНАЖ-ға қол жеткізуді тоқтату үшін пайдаланушыға растайтын құжаттарды қоса бере отырып, өтініш жіберуге болады. Өтініш негізінде АНП қызметкері пайдаланушының есептік жазбасын бұғаттайды.

      7. Тіркеу процесінің нәтижесі БНАЖ деректер базасында БНАЖ пайдаланушының есептік жазбасын қалыптастыру болып табылады.

      8. Жүйеде сәйкестендіру үшін БНАЖ пайдаланушы ЭЦҚ пайдалану қажет.

      9. ЭЦҚ-ны үшінші тұлғаларға беруге жол берілмейді.

      10. БНАЖ пайдаланушысына:

      1) басқаның есепке алу жазбасымен және ЭЦҚ-мен жұмыс істеуге;

      2) басқа әкімшілерген және БНАЖ пайдаланушыларына ЭЦҚ паролін хабарлауға;

      3) ЭЦҚ-дан парольді қағазға, файлға, электрондық жазба кітапшасына және басқа да ақпарат тасығыштарға, оның ішінде заттарға жазуға;

      4) жұмыс орнынан кеткенде БНАЖ жүйесін бұғатталмаған күйде қалдыруға рұқсат етілмейді.

      11. БНАЖ пайдаланушысы ЭЦҚ пайдалану кезінде келесі талаптарды басшылыққа алады:

      1) ЭЦҚ-ны басқа тұлғаларға бермеуге және сақтамауға;

      2) ЭЦҚ-ның пароль жоғалған/жария етілген жағдайда, ЭЦҚ-ны "Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығының, мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығының және Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 26 маусымдағы № 727 бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 16 қазанда № 12181 болып тіркелді) қайтарып алу қажет;

      3) ЭЦҚ құпия сөзінің құпиялылығын және сақталуын қамтамасыз ету.

      12. ЭЦҚ алған күннен бастап күнтізбелік жыл өткен соң БНАЖ пайдаланушы жаңа ЭЦҚ қайта шығару қажет, олай болмаған жағдайда есептік жазба жүйемен автоматты түрде бұғатталады.