Об утверждении Правил осуществления мониторинга деятельности субъектов аккредитации

Приказ Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 13 мая 2021 года № 335-НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 18 мая 2021 года № 22758.

      Настоящий приказ вводится в действие с 1 июля 2021 года.

      В соответствии с пунктом 3 статьи 7-1 Закона Республики Казахстан "Об аккредитации в области оценки соответствия" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила осуществления мониторинга деятельности субъектов аккредитации.

      2. Комитету технического регулирования и метрологии Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан.

      3. Настоящий приказ вводится в действие с 1 июля 2021 года и подлежит официальному опубликованию.

      Министр торговли и интеграции
Республики Казахстан
Б. Сұлтанов

  Утверждены приказом
Министра торговли и интеграции
Республики Казахстан
от 13 мая 2021 года
№ 335-НҚ

Правила осуществления мониторинга деятельности субъектов аккредитации

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила осуществления мониторинга деятельности субъектов аккредитации (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 3 статьи 7-1 Закона Республики Казахстан "Об аккредитации в области оценки соответствия" (далее – Закон) и определяют порядок проведения мониторинга деятельности субъектов аккредитации.

      2. Основные понятия, используемые в настоящих Правилах:

      1) орган по аккредитации – республиканское государственное предприятие, осуществляющее деятельность по аккредитации и являющееся членом международных организаций по аккредитации;

      2) мониторинг деятельности субъекта аккредитации (далее – мониторинг) – совокупность мер по сбору, обработке, анализу и использованию сведений и информации о деятельности субъектов аккредитации на предмет соответствия критериям аккредитации, осуществляемых органом по аккредитации в соответствии с Законом;

      3) уполномоченный орган – государственный орган, осуществляющий государственное регулирование в области технического регулирования и обеспечения единства измерений.

      3. Мониторинг осуществляется органом по аккредитации путем наблюдения за результатами оказанных субъектами аккредитации работ, услуг и процессов в области аккредитации.

      4. Мониторинг проводится в целях предотвращения, недопущения и пресечения незаконной деятельности субъектов по аккредитации в области оценки соответствия.

Глава 2. Порядок проведения мониторинга деятельности субъектов аккредитации

      5. Мониторинг проводится на предмет соответствия субъектов акредитации следующим критериям:

      1) иметь статус юридического лица либо структурного подразделения юридического лица, действующего от его имени;

      2) иметь квалифицированный персонал, позволяющий выполнять работы по оценке соответствия в заявленной области аккредитации;

      3) иметь на праве собственности, хозяйственного ведения, оперативного управления или во временном владении и пользовании помещения, оборудование и материальные ресурсы, необходимые для выполнения работ по оценке соответствия;

      4) отвечать требованиям нормативных документов, на соответствие которым они аккредитуются (аккредитованы) с учетом схемы аккредитации;

      5) проводить работы по оценке соответствия в полном объеме и в пределах, утвержденных в области аккредитации.

      Под нормативными документами в настоящих Правилах понимаются документы по стандартизации.

      6. Для проведения мониторинга орган по аккредитации направляет запрос субъекту аккредитации о представлении документов и информации о соблюдении критериев аккредитации (далее – документы).

      7. Субъект аккредитации в течение 7 (семи) рабочих дней со дня получения запроса, представляет документы в орган по аккредитации.

      В случаях представления субъектом аккредитации неполного пакета документов, орган по аккредитации направляет в течение 3 (трех) рабочих дней с даты получения документов уведомление о представлении недостающих документов.

      Субъект аккредитации направляет недостающие документы в течение 3 (трех) рабочих дней с даты получения уведомления.

      8. Орган по аккредитации проводит анализ представленных документов и уведомляет субъекта аккредитации о результатах анализа в течение 20 (двадцати) рабочих дней с даты представления документов.

      9. Мониторинг не проводится в случаях выявления в документах субъекта аккредитации технических ошибок (описок, опечаток, грамматических ошибок) и (или) сведений, не предусмотренных нормативными правовыми актами и нормативными документами, не влияющих на качество и безопасность продукции и связанных с ней процессов, работ и услуг, и (или) на прослеживаемость результатов деятельности субъекта аккредитации.

      10. В случае несогласия с результатами анализа документов субъект аккредитации подает жалобу в орган по аккредитации в срок не позднее 3 (трех) рабочих дней с даты получения результатов.

      11. Мониторинг осуществляется с использованием реестра данных государственной системы технического регулирования.

      12. Орган по аккредитации на своем официальном сайте ежеквартально опубликовывает отчет о результатах мониторинга.

      13. В случае установления нарушения критериев аккредитации по результатам мониторинга, орган по аккредитации направляет информацию о выявленных нарушениях в уполномоченный орган.

Аккредиттеу субъектілерінің қызметін мониторингілеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 13 мамырдағы № 335-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 18 мамырда № 22758 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-1-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Аккредиттеу субъектілерінің қызметін мониторингілеуді жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
сауда және интеграция министрі
Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасының
сауда және интеграция
министрінің
2021 жылғы 13 мамырдағы
№ 335-НҚ бұйрығымен
бекітілген

Аккредиттеу субъектілерінің қызметін мониторингілеуді жүзеге асыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Аккредиттеу субъектілерінің қызметін мониторингілеуді жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-1-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және аккредиттеу субъектілері қызметіне мониторинг жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) аккредиттеу жөніндегі орган – аккредиттеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымдардың мүшесі болып табылатын республикалық мемлекеттік кәсіпорын;

      2) аккредиттеу субъектісінің қызметін мониторингілеу (бұдан әрі – мониторингілеу) – аккредиттеу субъектілерінің қызметі туралы мәліметтер мен ақпаратты Заңға сәйкес аккредиттеу жөніндегі орган жүзеге асыратын аккредиттеу өлшемшарттарына сәйкестігі тұрғысынан жинау, өңдеу, талдау және пайдалану жөніндегі шаралар жиынтығы;

      3) уәкілетті орган – техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

      3. Мониторингілеу аккредиттеу жөніндегі орган аккредиттеу субъектілері көрсеткен жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және аккредиттеу саласындағы процестердің нәтижелерін аккредиттеу жөніндегі органның бақылауы арқылы жүзеге асырылады.

      4. Мониторингілеу сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі субъектілердің заңсыз қызметінің алдын алу, оған жол бермеу және жолын кесу мақсатында жүргізіледі.

2-тарау. Аккредиттеу субъектілерінің қызметіне мониторинг жүргізу тәртібі

      5. Мониторингілеу аккредиттеу субъектілерінің келесі өлшемшарттарына сәйкестігі тұрғысынан жүргізіледі:

      1) заңды тұлға не заңды тұлғаның атынан әрекет ететін оның құрылымдық бөлімшесі мәртебесінің болуы;

      2) мәлімделген аккредиттеу саласындағы сәйкестікті бағалау жөнінде жұмыстарды орындауға мүмкіндік беретін білікті персоналдың болуы;

      3) сәйкестікті бағалау жөнінде жұмыстарды орындауға қажетті меншік, шаруашылық жүргізу, оралымды басқару құқығында немесе уақытша иелігінде және пайдалануында үй-жайдың, жабдықтың және материалдық ресурстардың болуы;

      4) аккредиттеу схемасын ескере отырып, сәйкестігіне өздері аккредиттелетін (аккредиттелген) нормативтік құжаттардың талаптарына сай келуі;

      5) сәйкестікті бағалау жөніндегі жұмыстарды толық көлемде және аккредиттеу саласында бекітілген шекте жүргізуі.

      Осы Қағидалардағы нормативтік құжаттар деп стандарттау жөніндегі құжаттар түсініледі.

      6. Мониторингілеу жүргізу үшін аккредиттеу жөніндегі орган аккредиттеу субъектісіне, аккредиттеу өлшемшарттарының сақталуы туралы құжаттар мен ақпарат (бұдан әрі – құжаттар) беру туралы сұрау салу жібереді.

      7. Аккредиттеу субъектісі сұрау салуды алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде құжаттарды аккредиттеу жөніндегі органға ұсынады.

      Аккредиттеу субъектісі құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда, аккредиттеу жөніндегі орган құжаттар пакетін алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жетіспейтін құжаттарды ұсыну туралы хабарлама жібереді.

      Аккредиттеу субъектісі жетіспейтін құжаттарды хабарламаны алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді.

      8. Аккредиттеу жөніндегі орган ұсынылған құжаттарға талдау жүргізеді және құжаттарды ұсынған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде талдау нәтижелері туралы аккредиттеу субъектісін хабардар етеді.

      9. Аккредиттеу субъектісінің құжаттарында техникалық қателер (қате жазулар, қате басылымдар, грамматикалық қателер) анықталған және (немесе) нормативтік құқықтық актілерде және нормативтік құжаттарда көзделмеген, өнімнің және онымен байланысты процестердің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігіне және (немесе) аккредиттеу субъектісі қызметі нәтижелерінің бақылануына әсер етпейтін мәліметтер көрсетілген жағдайларда мониторинг жүргізілмейді.

      10. Құжаттарды талдау нәтижелерімен келіспеген жағдайда аккредиттеу субъектісі аккредиттеу жөніндегі органға нәтижелерді алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде шағым береді.

      11. Мониторингілеу мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі деректерінің тізілімін пайдалана отырып жүзеге асырылады.

      12. Аккредиттеу жөніндегі орган тоқсан сайын өзінің ресми сайтында мониторингілеу нәтижелері туралы есепті жариялайды.

      13. Мониторингілеу нәтижелері бойынша аккредиттеу өлшемшарттарының бұзылғаны анықталған жағдайда аккредиттеу жөніндегі орган анықталған бұзушылықтар туралы ақпаратты уәкілетті органға жібереді.