Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местными исполнительными органами Западно-Казахстанской и Карагандинской областей

Приказ и.о. Министра финансов Республики Казахстан от 23 июля 2021 года № 707. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 27 июля 2021 года № 23722

      В соответствии со статьей 212 Бюджетного кодекса Республики Казахстан и пунктом 8 Правил выпуска ценных бумаг для обращения на внутреннем рынке местным исполнительным органом области, города республиканского значения, столицы, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 октября 2009 года № 1520, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Определить следующие условия, объем и целевое назначение выпуска местными исполнительными органами Западно-Казахстанской и Карагандинской областей государственных ценных бумаг для обращения на внутреннем рынке:

      1) условия:

      год выпуска государственных ценных бумаг – 2021 год;

      вид ценных бумаг – долгосрочные ценные бумаги;

      2) объемы:

      Западно-Казахстанской области – не более 1 840 032 000 (один миллиард восемьсот сорок миллионов тридцать две тысячи) тенге;

      Карагандинской области – не более 3 662 326 000 (три миллиарда шестьсот шестьдесят два миллиона триста двадцать шесть тысяч) тенге;

      3) целевое назначение – финансирование в установленном порядке отдельных мероприятий по содействию занятости.

      2. Департаменту государственного заимствования Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      И.о. Министра финансов М. Султангазиев

Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2021 жылғы 23 шiлдедегі № 707 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 27 шiлдеде № 23722 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 212-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 қазандағы № 1520 қаулысымен бекітілген Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидаларының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1.  Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары жергілікті атқарушы органдарының ішкі нарықта айналысқа жіберуі үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының мынадай шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты айқындалсын:

      1) шарттар:

      мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жылы – 2021 жыл;

      бағалы қағаздардың түрі – ұзақ мерзімді бағалы қағаздар;

      2) көлемдері:

      Батыс Қазақстан облысы – 1 840 032 000 (бір миллиард сегіз жүз қырық миллион отыз екі мың) теңгеден артық емес;

      Қарағанды облысы – 3 662 326 000 (үш миллиард алты жүз алпыс екі миллион үш жүз жиырма алты мың) теңгеден артық емес;

      3) нысаналы мақсаты – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі жекелеген іс-шараларды белгіленген тәртіппен қаржыландыру.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қаржы министрінің міндетін
атқарушы
М. Султангазиев