Об установлении участков побережья Каспийского моря, где приостанавливается действие режимных ограничений

Приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 22 июля 2021 года № 82/қе. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 27 июля 2021 года № 23724

      В соответствии с пунктом 6 статьи 48 Закона Республики Казахстан "О Государственной границе Республики Казахстан" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Приостановить до 31 декабря 2021 года действие режимных ограничений в казахстанском секторе Каспийского моря от мыса Сагындык до мыса Ракушечный, исключая районы морской экономической деятельности (морские порты, водозаборные каналы, газовые терминалы, морские коридоры и фарватеры).

      В указанный период допустить свободный выход в море на расстояние до двух морских миль (3704 метра), плавание и (или) эксплуатацию в обозначенной акватории казахстанских маломерных самоходных и несамоходных (надводных и подводных) судов (средств), используемых физическими и юридическими лицами для отдыха, туризма и спорта.

      2. Пограничной службе Комитета национальной безопасности Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Комитета национальной безопасности Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан – Директора Пограничной службы.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Комитета
национальной безопасности
Республики Казахстан
К. Масимов

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство внутренних дел
Республики Казахстан

Режимдік шектеулердің қолданысы тоқтатыла тұратын Каспий теңізі жағалауындағы учаскелерді белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2021 жылғы 22 шiлдедегі № 82/қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 27 шiлдеде № 23724 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 48-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін теңіз экономикалық қызмет аудандарын (теңіз порттары, су тәрізді арналар, газ терминалдары, теңіз дәліздері және фарватерлер) қоспағанда, Сағындық мүйісінен бастап Ракушечный мүйісіне дейін Каспий теңізінің қазақстандық секторында режимдік шектеулердің қолданысы тоқтатылсын.

      Аталған мерзімде жеке және заңды тұлғалар демалыс, туризм және спорт үшін пайдаланатын қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігімен жүзбейтін (су үсті және су асты) кемелерге (құралдарға) теңізге екі теңіз милясына (3704 метр) дейін қашықтыққа еркін шығуға рұқсат етілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директорына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
К. Масимов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі