О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 24 августа 2017 года № 483 "Об утверждении Правил подготовки в военной интернатуре и перечня специальностей"

Приказ Министра обороны Республики Казахстан от 20 августа 2021 года № 554. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 27 августа 2021 года № 24125

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 24 августа 2017 года № 483 "Об утверждении Правил подготовки в военной интернатуре и перечня специальностей" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 15753) следующие изменения:

      пункт 3 приказа изложить в следующей редакции:

      "3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя Министра обороны Республики Казахстан.";

      в Правилах подготовки в военной интернатуре и перечне специальностей, утвержденных указанным приказом:

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Подготовка военных интернов осуществляется в соответствии с государственным общеобязательным стандартом высшего образования, утвержденным приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 31 октября 2018 года № 604 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 17669), Правилами подготовки медицинских кадров в интернатуре, утвержденными приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 18 сентября 2018 года № ҚР ДСМ-16 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 17534), Правилами проведения сертификации специалистов в области здравоохранения, подтверждения действия сертификата специалиста в области здравоохранения, включая иностранных специалистов, а также условия допуска к сертификации специалиста в области здравоохранения лица, получившего медицинское образование за пределами Республики Казахстан, утвержденными приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 15 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-274/2020 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 21818) и Правилами деятельности военных учебных заведений, подведомственных Министерству обороны Республики Казахстан, утвержденными приказом Министра обороны Республики Казахстан от 18 сентября 2017 года № 529дсп (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 15866).";

      пункт 14 изложить в следующей редакции:

      "14. До 1 июня года приема начальник военного учебного заведения, руководители структурных подразделений представляют в структурное подразделение, курирующее вопросы военного образования, кандидатуры для включения в состав приемной комиссии, утверждаемый до 1 июля года приема приказом Министра обороны Республики Казахстан.";

      пункт 26 изложить в следующей редакции:

      "26. Начальник ВВУЗа ежегодно утверждает план подготовки военных интернов по специальностям, по согласованию со структурным подразделением, курирующим вопросы военного образования, в срок не позднее 15 июня текущего года.".

      2. Департаменту военного образования и науки Министерства обороны Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства обороны Республики Казахстан после его первого официального опубликования;

      3) направление сведений в Юридический департамент Министерства обороны Республики Казахстан об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя Министра обороны Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ довести до должностных лиц в части, их касающейся.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр обороны
Республики Казахстан Н. Ермекбаев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство здравоохранения
Республики Казахстан

"Әскери интернатурадағы дайындық қағидаларын және мамандықтар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 483 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № 554 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 27 тамызда № 24125 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Әскери интернатурадағы дайындық қағидаларын және мамандықтар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 483 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15753 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери интернатурадағы дайындық қағидаларында және мамандықтар тізбесінде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Әскери интерндерді даярлау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 18 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-16 бұйрығымен бекітілген Медицина кадрларын интернатурада даярлау қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17534 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде медициналық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21818 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 18 қыркүйектегі № 529 қбп бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарының қызмет қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15866 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Оқуға қабылдау жылының 1 маусымына дейін әскери оқу орнының бастығы, құрылымдық бөлімшелердің басшылары әскери білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшеге Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен оқуға қабылдау жылының 1 шілдесіне дейін бекітілетін қабылдау комиссиясының құрамына қосу үшін кандидатураларды ұсынады.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. ЖӘОО бастығы жыл сайын әскери интерндерді мамандықтары бойынша даярлау жоспарын, әскери білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшемен келісу бойынша ағымдағы жылғы 15 маусымнан кеш емес мерзімде бекітеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
Н. Ермекбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі