О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 12 января 2018 года № 23 "Об утверждении положения об Апелляционной комиссии по рассмотрению жалоб на уведомление о результатах проверки"

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 29 сентября 2021 года № 995. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 2 октября 2021 года № 24600

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 12 января 2018 года № 23 "Об утверждении положения об Апелляционной комиссии по рассмотрению жалоб на уведомление о результатах проверки" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 16289) следующие изменения и дополнения:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с пунктом 1 статьи 480 Кодекса Республики Казахстан "О таможенном регулировании в Республике Казахстан" и пунктом 1 статьи 182 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) ПРИКАЗЫВАЮ:";

      в Положении об Апелляционной комиссии по рассмотрению жалоб на уведомление о результатах проверки, утвержденном указанным приказом:

      пункты 1 и 2 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящее положение об Апелляционной комиссии по рассмотрению жалоб на уведомление о результатах проверки (далее – Положение) разработано в соответствии с пунктом 1 статьи 480 Кодекса Республики Казахстан "О таможенном регулировании в Республике Казахстан" (далее – Кодекс о таможенном регулировании) и пунктом 1 статьи 182 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) и определяет порядок осуществления деятельности Апелляционной комиссии по рассмотрению жалоб на уведомление о результатах проверки (далее – Комиссия).

      2. Комиссия в своей деятельности руководствуется Конституцией Республики Казахстан от 30 августа 1995 года, Договором о Таможенном кодексе Евразийского экономического союза от 27 ноября 2009 года, Кодексом о таможенном регулировании, Налоговым кодексом, Административным процедурно-процессуальным кодексом Республики Казахстан, законами Республики Казахстан, актами Президента, Правительства Республики Казахстан и иными правовыми актами, а также настоящим Положением.";

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. В состав Комиссии входят Председатель Комиссии, а также члены Комиссии в количестве восьми человек.";

      дополнить пунктом 6-1 следующего содержания:

      "6-1. Рабочий орган не позднее 3 (трех) рабочих дней со дня завершения процедуры заслушивания заявителя направляет членам Комиссии копии письменного возражения заявителя и (или) протокол заслушивания к предварительному решению.";

      дополнить пунктом 7-1 следующего содержания:

      "7-1. При наличии в письменном возражении заявителя и (или) в протоколе заслушивания к предварительному решению обоснованных доводов, не указанных ранее в жалобе, члены Комиссии предоставляют в рабочий орган свои позиции не позднее 5 (пяти) рабочих дней со дня направления рабочим органом материалов.".

      2. Департаменту апелляций Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр финансов
Республики Казахстан
Е. Жамаубаев

"Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 23 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі № 995 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 2 қазанда № 24600 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 23 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16289 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 480-бабы 1-тармағына және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 182-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия туралы ережеде:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кедендік реттеу туралы кодекс) 480-бабы 1-тармағына және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 182-бабы 1-тармағына сәйкес әзірленген және Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      2. Комиссия өз қызметінде 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясын, 2009 жылғы 27 қарашадағы Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты, Кедендік реттеу туралы кодексті, Салық кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін және өзге де құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Комиссия құрамына Комиссия Төрағасы, сондай-ақ сегіз адамнан тұратын Комиссия мүшелері кіреді.";

      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

      "6-1. Жұмыс органы өтініш берушінің жазбаша қарсылығының және (немесе) алдын ала шешімге тыңдау хаттамасының көшірмесін өтініш берушіні тыңдау рәсімі аяқталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссия мүшелеріне жібереді.";

      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

      "7-1. Өтініш берушінің жазбаша қарсылығында және (немесе) алдын ала шешімге тыңдау хаттамасында бұдан бұрын шағымда көрсетілмеген негізді дәлелдер болған кезде, Комиссия мүшелері жұмыс органына өз ұстанымдарын жұмыс органы материалдарды жіберген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Апелляция департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев