О внесении изменений в решение районного маслихата от 29 марта 2013 года № 63 "Об определении категории граждан, расходы которых по плате за пользование жилищем в частном жилищном фонде и арендных домах возлагаются на местный бюджет"

Решение Иргизского районного маслихата Актюбинской области от 21 декабря 2021 года № 87. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 декабря 2021 года № 26155

      Иргизский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение районного маслихата "Об определении категории граждан, расходы которых по плате за пользование жилищем в частном жилищном фонде и арендных домах возлагаются на местный бюджет" от 29 марта 2013 года № 63 (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 3560) следующие изменения:

      пункт 1 изложить в новой редакции:

      "1. Определить категории граждан, расходы которых по плате за пользование жилищем в частном жилищном фонде и арендных домах возлагаются на местный бюджет:

      Ветераны Великой Отечественной войны;

      Ветераны, приравненные по льготам к ветеранам Великой Отечественной войны".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня их первого официального опубликования.

      Секретарь Иргизского
районного маслихата
Н. Қызбергенов

Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 29 наурыздағы № 63 "Жеке тұрғын үй қорындағы және жалға берілетін үйлердегі тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеу жөніндегі шығыстары жергілікті бюджетке жүктелген азаматтардың санаттарын айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2021 жылғы 21 желтоқсандағы № 87 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 28 желтоқсанда № 26155 болып тіркелді

      Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Аудандық мәслихаттың "Жеке тұрғын үй қорындағы және жалға берілетін үйлердегі тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеу жөніндегі шығыстары жергілікті бюджетке жүктелген азаматтардың санаттарын айқындау туралы" 2013 жылғы 29 наурыздағы № 63 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3560 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Жеке тұрғын үй қорындағы және жалға берілетін үйлердегі тұрғынжайды пайдаланғаны үшін, төлемақыны төлеу жөніндегі шығыстары жергілікті бюджетке жүктелген азаматтардың санаттары айқындалсын:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлері;

      Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ырғыз аудандық
мәслихатының хатшысы
Н. Қызбергенов