Жеке тұрғын үй қорындағы және жалға берілетін үйлердегі тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеу жөніндегі шығыстары жергілікті бюджетке жүктелген азаматтардың санаттарын айқындау туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 63 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 18 сәуірде № 3560 болып тіркелді

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 26.03.2020 № 299 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабына сәйкес Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Жеке тұрғын үй қорындағы және жалға берілетін үйлердегі тұрғынжайды пайдаланғаны үшін, төлемақыны төлеу жөніндегі шығыстары жергілікті бюджетке жүктелген азаматтардың санаттары айқындалсын:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлері;

      Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер.

      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 21.12.2021 № 87 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы шешiм алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудандық мәслихаттың
сессия төрағасы:
Н. САДЫҚОВ
      Аудандық мәслихат
хатшысы:
К. ҚОСАЯҚОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады