О внесении изменений в решение Жанаозенского городского маслихата от 25 июня 2020 года № 46/515 "Об определении специализированного места для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированного места для организации и проведения мирных собраний, норма его предельной заполняемости, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированного места для организации и проведения мирных собраний и границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в городе Жанаозен"

Решение Жанаозенского городского маслихата Мангистауской области от 5 ноября 2021 года № 10/86. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 17 ноября 2021 года № 25187

      Жанаозенский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Жанаозенского городского маслихата "Об определении специализированного места для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированного места для организации и проведения мирных собраний, норма его предельной заполняемости, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированного места для организации и проведения мирных собраний и границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в городе Жанаозен" от 25 июня 2020 года № 46/515 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 4251) следующие изменения:

      заголовок указанного решения изложить в новой редакции:

      "О некоторых вопросах проведения мирных собраний";

      приложения 1, 2, 3 к указанному решению изложить в новой редакции согласно приложениям 1, 2, 3 к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь Жанаозенского городского маслихата Т. Мусаев

  Приложение 1
  к решению Жанаозенского
  городского маслихата
  от 5 ноября 2021 года
  № 10/86


  Приложение 1
  К решению Жанаозенского городского
  маслихата от 25 июня 2020 года
  № 46/515

Специализированное место для организации и проведения мирных собраний в городе Жанаозен

      Специализированное место для организации и проведения мирных собраний в городе Жанаозен:

      1. Площадь, микрорайон "Ақбұлақ" около парка Н. Марабаева.

      2. Маршрут следования для проведения мирных собраний: автомобильная дорога от проспекта Н. Марабаева до пресечения улицы Т. Алдашева микрорайона "Ақбұлақ".

  Приложение 2
  к решению Жанаозенского
  городского маслихата


  Приложение 2
  к решению Жанаозенского
  городского маслихата
  от 25 июня 2020 года
  № 46/515

Порядок использования специализированного места для организации и проведения мирных собраний, норма его предельной заполняемости, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированного места для организации и проведения мирных собраний в городе Жанаозен

      1. Настоящий порядок использования специализированного места для организации и проведения мирных собраний, норма его предельной заполняемости, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированного места для организации и проведения мирных собраний в городе Жанаозен разработан в соответствии с Законом Республики Казахстан "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан" (далее - Закон).

      2. Специализированное место используются с соблюдением санитарных норм и правил пожарной безопасности. Допускается проведение мирных собраний в случае отсутствия информации о проведении в специализированном месте других запланированных официальных, культурных, зрелищных культурно-массовых, физкультурно-оздоровительных, спортивных и иных мероприятий, осуществлении строительно-монтажных работ.

      3. Материально-техническое и организационное обеспечение проведения мирных собраний осуществляется их организатором и участниками за счет собственных средств, а также за счет средств и имущества, собранных и (или) переданных для проведения данных мирных собраний, если Законом и иными законами Республики Казахстан не установлено иное.

      4. Норма предельной заполняемости специализированного места для организации и проведения мирных собраний в городе Жанаозен 1000 человек.

      5. Не допускается установление юрт, палаток, иных сооружений в специализированном месте для организации и проведения мирных собраний без согласования местного исполнительного органа.

      6. В случае, если на проведение мирного собрания в одном и том же месте и (или) по одному и тому же маршруту следования либо в одно и то же время одновременно претендует несколько организаторов мирных собраний, очередность использования указанного места определяется местным исполнительным органом исходя из времени получения им соответствующего уведомления или заявления от организатора мирных собраний.

      7. Минимальное допустимое расстояние между лицами, принимающими участие в мирном собрании, кроме пикетирования, составляет не менее двух метров, в целях сохранения социальной дистанции.

      8. Минимальное допустимое расстояние между лицами, осуществляющими пикетирование, проводимое одним участником, составляет не менее 100 метров.

      9. Мирные собрания не могут начинаться ранее 9 часов и заканчиваться позднее 20 часов по местному времени города Жанаозен в день проведения мирных собраний.

  Приложение 3
  к решению Жанаозенского
  городского маслихата


  Приложение 3
  к решению Жанаозенского
  городского маслихата
  от 25 июня 2020 года
  № 46/515

Границы прилегающих территорий, в которых не допускается проведение пикетирования в городе Жанаозен

      На территории города Жанаозен не допускается проведение пикетирования ближе 400 метров от границы прилегающих территорий:

      1) в местах массовых захоронений;

      2) на объектах железнодорожного, водного, воздушного и автомобильного транспорта и прилегающих к ним территориях;

      3) на территориях, прилегающих к организациям, обеспечивающим обороноспособность, безопасность государства и жизнедеятельность населения;

      4) на территориях, прилегающих к опасным производственным объектам и иным объектам, эксплуатация которых требует соблюдения специальных правил техники безопасности;

      5) на магистральных железнодорожных сетях, магистральных трубопроводах, национальной электрической сети, магистральных линиях связи и прилегающих к ним территориях.

Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2020 жылғы 25 маусымдағы № 46/515 "Жаңаөзен қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды пайдалану тәртібін, оның шекті толу нормасын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2021 жылғы 5 қарашадағы № 10/86 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 17 қарашада № 25187 болып тіркелді

      Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Жаңаөзен қалалық мәслихатының "Жаңаөзен қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды пайдалану тәртібін, оның шекті толу нормасын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" 2020 жылғы 25 маусымдағы № 46/515 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4251 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы";

      көрсетілген шешімнің 1, 2, 3 қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жаңаөзен қалалық мәслихатының хатшысы Т. Мусаев

  Жаңаөзен қалалық мәслихатының
  2021 жылғы 5 қарашадағы
  № 10/86
  шешіміне 1 қосымша


  Жаңаөзен қалалық мәслихатының
  2020 жылғы 25 маусымдағы
  № 46/515 шешіміне
  1 қосымша

Жаңаөзен қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын

      Жаңаөзен қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын:

      1. Алаң, "Ақбұлақ" шағынауданы, Н. Марабаев саябағының жаны.

      2. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: "Ақбұлақ" шағынауданының Н. Марабаев даңғылынан Т. Алдашев көшесінің қиылысына дейінгі автокөлік жолы.

  Жаңаөзен қалалық мәслихатының
  шешіміне 2 қосымша


  Жаңаөзен қалалық мәслихатының
  2020 жылғы 25 маусымдағы
  № 46/515 шешіміне
  2 қосымша

Жаңаөзен қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды пайдалану тәртібі, оның шекті толу нормасы, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      1. Жаңаөзен қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды пайдалану тәртібі, оның шекті толу нормасы, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі-Заң) сәйкес әзірленді.

      2. Арнайы орын санитариялық нормалар мен өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтай отырып пайдаланылады. Арнайы орында жоспарланған басқа да ресми, мәдени, ойын-сауық мәдени-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және өзге де іс-шараларды өткізу, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру туралы ақпарат болмаған жағдайда, бейбіт жиналыстарды өткізуге жол беріледі.

      3. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.

      4. Жаңаөзен қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынның шекті толу нормасы 1000 адам.

      5. Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орында киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға жол берілмейді.

      6. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.

      7. Әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында, пикеттеуден басқа, бейбіт жиналысқа қатысатын адамдардың арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде екі метрді құрайды.

      8. Бір қатысушы өткізетін пикеттеуді жүзеге асыратын адамдар арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде 100 метрді құрайды.

      9. Бейбіт жиналыстар өткізілетін күні Жаңаөзен қаласының жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.

  Жаңаөзен қалалық мәслихатының
  шешіміне 3 қосымша


  Жаңаөзен қалалық мәслихатының
  2020 жылғы 25 маусымдағы
  № 46/515 шешіміне
  3 қосымша

Жаңаөзен қаласында пикеттеуді өткізуге жол берілмейтін іргелес аумақтардың шекаралары

      Жаңаөзен қаласының аумағында іргелес аумақтардың шекарасына 400 метрден жақын жерде пикет өткізуге жол берілмейді:

      1) жаппай жерлеу орындарында;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

      5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда.