Об утверждении размера предельно допустимых розничных цен на социально значимые продовольственные товары

Постановление акимата Костанайской области от 5 апреля 2021 года № 164. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 6 апреля 2021 года № 9849.

      Сноска. Заголовок – в редакции постановления акимата Костанайской области от 14.04.2021 № 177 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 8 Закона Республики Казахстан "О регулировании торговой деятельности", приказом исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 30 марта 2015 года № 282 "Об утверждении правил установления пороговых значений розничных цен на социально значимые продовольственные товары и размера предельно допустимых розничных цен на них", зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 11245, акимат Костанайской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить размер предельно допустимых розничных цен на социально значимые продовольственные товары, на срок не более чем девяносто календарных дней, с возможностью его пересмотра не ранее чем через 15 календарных дней:

      1) яйцо куриное (I категория) – 350 тенге за десяток;

      2) масло подсолнечное – 601 тенге за литр.

      Сноска. Пункт 1 – в редакции постановления акимата Костанайской области от 14.04.2021 № 177 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Государственному учреждению "Управление сельского хозяйства и земельных отношений акимата Костанайской области" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в органах юстиции;

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Костанайской области после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Костанайской области.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности акима области Г. Нурмухамбетов

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 164 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 6 сәуірде № 9849 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 14.04.2021 № 177 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11245 болып тіркелген, Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын мерзімге, оны кем дегенде күнтізбелік 15 күннен кейін қайта қарау мүмкіндігімен бекітілсін:

      1) тауық жұмыртқасы (I санат) – ондық үшін 350 теңге;

      2) күнбағыс майы – литр үшін 601 теңге.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 14.04.2021 № 177 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімінің міндетін атқарушы Ғ. Нұрмұхамбетов