О снятии карантина и признании утратившим силу решения исполняющего обязанности акима Кызылжарского сельского округа города Аксу от 13 ноября 2020 года № 1-03/11 "Об установлении карантина на территории села Кызылжар Кызылжарского сельского округа города Аксу"

Решение акима Кызылжарского сельского округа города Аксу Павлодарской области от 20 января 2021 года № 1-03/5. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 22 ноября 2021 года № 7194

      В соответствии с пунктом 2 статьи 35 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 8) статьи 10-1 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии", подпунктом 4) пункта 2 статьи 46 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах", на основании представления главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора города Аксу от 23 декабря 2020 года № 2-19/771, аким Кызылжарского сельского округа РЕШИЛ:

      1. В связи с проведением комплекса ветеринарно-санитарных мероприятий по ликвидации болезни эмфизематозного карбункула крупного рогатого скота снять карантин, установленный на территории села Кызылжар Кызылжарского сельского округа города Аксу.

      2. Признать утратившим силу решение исполняющего обязанности акима Кызылжарского сельского округа города Аксу от 13 ноября 2020 года № 1-03/11 "Об установлении карантина на территории села Кызылжар Кызылжарского сельского округа города Аксу" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 7028, опубликованое 17 ноября 2020 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде).

      3. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      4. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким Кызылжарского сельского округа М. Солтанов

Карантинді тоқтату және Ақсу қаласы Қызылжар ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 13 қарашадағы "Ақсу қаласы Қызылжар ауылдық округінің Қызылжар ауылының аумағында карантин белгілеу туралы" № 1-03/11 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Павлодар облысы Ақсу қаласы Қызылжар ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 20 қаңтардағы № 1-03/5 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 22 қаңтарда № 7194 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Ақсу қаласының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 2-19/771 ұсынысы негізінде, Қызылжар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақсу қаласы Қызылжар ауылдық округінің Қызылжар ауылы аумағында ірі қара малдың қарасан ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шараларын жүргізілуіне байланысты, белгіленген карантин тоқтатылсын.

      2. Ақсу қаласы Қызылжар ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 13 қарашадағы "Ақсу қаласы Қызылжар ауылдық округінің Қызылжар ауылының аумағында карантин белгілеу туралы" № 1-03/11 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7028 болып тіркелген, 2020 жылғы 17 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылжар ауылдық округінің әкімі М. Солтанов