Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Ақсу қаласы Қызылжар ауылдық округі әкімінің 20.01.2021 № 1-03/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес және Ақсу қаласының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 28 қазандағы № 2-19/652 ұсынысы негізінде, Қызылжар ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақсу қаласы Қызылжар ауылдық округінің Қызылжар ауылының аумағында ірі қара малдың қарасан ауруының анықталуына байланысты карантин белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылжар ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысы | М. Солтанов |