О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Куйбышевского сельского округа Кызылжарского района Северо-Казахстанской области от 6 сентября 2021 года № 17 "Об установлении ограничительных мероприятий"

Решение акима Куйбышевского сельского округа Кызылжарского района Северо-Казахстанской области от 10 ноября 2021 года № 24. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 17 ноября 2021 года № 25188

      В соответствии со статьей 27 Закона Республики Казахстан "О правовых актах", подпунктом 8) статьи 10-1 Закона Республики Казахстан "О ветеринарии", на основании представления главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора Кызылжарского района от 4 ноября 2021 года № 01-11/290, РЕШИЛ:

      1. Снять ограничительные мероприятия установленные на территории села Боголюбово Куйбышевского сельского округа Кызылжарского района Северо-Казахстанской области, в связи с проведением комплекса ветеринарных мероприятий по ликвидации болезни бруцеллез крупного рогатого скота.

      2. Признать утратившим силу решение акима Куйбышевского сельского округа Кызылжарского района Северо-Казахстанской области от 6 сентября 2021 года № 17 "Об установлении ограничительных мероприятий" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 24275).

      3. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      4. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким Куйбышевского сельского округа
Кызылжарского района
Северо-Казахстанской области
Л. Викторович

Шектеу іс-шараларын тоқтату және Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Куйбышев ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 6 қыркүйектегі "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 17 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Куйбышев ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 10 қарашадағы № 24 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 17 қарашада № 25188 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабы, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Қызылжар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 4 қарашадағы № 01-11/290 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Куйбышев ауылдық округі Боголюбово ауылының аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Куйбышев ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 6 қыркүйектегі "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24275 болып тіркелген) № 17 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы
Куйбышев ауылдық округінің әкімі
Л. Викторович