О льготном проезде отдельных категорий граждан города Семей для проезда на внутригородском общественном транспорте (кроме такси)

Совместное решение маслихата города Семей от 1 февраля 2021 года № 3/17-VII и постановление акимата города Семей от 4 февраля 2021 года № 244. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 10 февраля 2021 года № 8402. Утратило силу совместным постановлением акимата города Семей области Абай от 30 сентября 2024 года № 890 и решение маслихата города Семей области Абай от 27 сентября 2024 года № 32/170-VIII

      Сноска. Утратило силу совместным постановлением акимата города Семей области Абай от 30.09.2024 № 890 и решением маслихата города Семей области Абай от 27.09.2024 № 32/170-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание ИЗПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии со статьей 13 Закона Республики Казахстан от 21 сентября 1994 года "О транспорте в Республике Казахстан" и подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", акимат города Семей ПОСТАНОВЛЯЕТ и Семейский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Установить льготный проезд на внутригородском общественном транспорте следующим категориям граждан города Семей:

      1) участникам и лицам с инвалидностью Великой Отечественной войны – бесплатный проезд;

      2) лицам с инвалидностью по зрению І группы с сопровождающим - бесплатный проезд;

      3) лицам с инвалидностью по зрению ІІ группы - бесплатный проезд;

      4) пенсионерам старше 70 лет – 50 % тарифа;

      5) пенсионерам, получающим минимальную пенсию – бесплатный проезд;

      6) лицам с инвалидностью І группы с сопровождающим – бесплатный проезд;

      7) лицам с инвалидностью ІІ группы – бесплатный проезд;

      8) детям из семей, имеющих право на получение государственной адресной социальной помощи - бесплатный проезд;

      9) детям из семей, не получающих государственную адресную социальную помощь, в которых среднедушевой доход ниже величины прожиточного минимума - бесплатный проезд;

      10) детям сиротам, детям оставшимся без попечения родителей, проживающих в семьях - бесплатный проезд;

      11) детям из многодетных семей - бесплатный проезд;

      12) многодетным матерям, награжденным подвесками "Алтын алқа" - 50 % тарифа;

      13) детям с инвалидностью с сопровождающим – бесплатный проезд.

      Сноска. Пункт 1 в редакции совместного постановления акимата города Семей от 27.04.2023 № 345 и решения маслихата города Семей области Абай от 20.04.2023 № 2/21-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования).

      2. Определить источником финансирования городской бюджет.

      3. Государственному учреждению "Отдел пассажирского транспорта и автомобильных дорог города Семей Восточно-Казахстанской области" предусмотреть возмещение убытков перевозчиков, связанных с перевозкой данной категории граждан.

      4. Государственному учреждению "Отдел пассажирского транспорта и автомобильных дорог города Семей Восточно-Казахстанской области" в установленном законодательством порядке Республики Казахстан обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего совместного постановления и решения в территориальном органе юстиции;

      2) копии настоящего совместного постановления и решения направить на официальное опубликование в периодические печатные издания, распространяемые на территории города Семей;

      3) размещение настоящего совместного постановления и решения на интернет-ресурсе акимата города Семей после его официального опубликования.

      5. Контроль за исполнением данного совместного постановления акимата и решения маслихата возложить на заместителя акима города по вопросам жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта, автомобильных дорог, строительства, архитектуры и градостроительства.

      6. Отменить решение маслихата города Семей от 8 января 2021 года № 63/460-VI "О льготном проезде отдельных категорий граждан города Семей для проезда на внутригородском общественном транспорте".

      7. Настоящее совместное постановление и решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким города Семей Н. Сактаганов
      Председатель сессии городского маслихата Р. Хазипов
      Секретарь Семейского городского маслихата Б. Акжалов

Семей қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы

Шығыс Қазақстан облысы Семей қалалық мәслихатының 2021 жылғы 1 ақпандағы № 3/17-VII шешімі және Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 4 ақпандағы № 244 бірлескен қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 10 ақпанда № 8402 болып тіркелді. Күші жойылды - Абай облысы Семей қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 890 бірлескен қаулысы және Абай облысы Семей қаласы мәслихатының 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 32/170-VIII шешімі

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Семей қаласы әкімдігінің 30.09.2024 № 890 бірлескен қаулысы және Абай облысы Семей қаласы мәслихатының 27.09.2024 № 32/170-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.

      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Заңының 13-бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 - бабының 1 - тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Семей қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қала ішіндегі қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүру Семей қаласының келесі санаттағы азаматтарына белгіленсін:

      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектігі бар адамдарға – тегін жол жүру;

      2) көру қабілеті бойынша І топтағы мүгедектігі бар адамдарға жетектеушісімен – тегін жол жүру;

      3) көру қабілеті бойынша ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдарға - тегін жол жүру;

      4) 70 жастан асқан зейнеткерлерге - тарифтің 50 %;

      5) ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлерге – тегін жол жүру;

      6) І топтағы мүгедектігі бар адамдарға жетектеушісімен - тегін жол жүру;

      7) ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдарға - тегін жол жүру;

      8) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға - тегін жол жүру;

      9) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға - тегін жол жүру;

      10) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тұратын балаларға - тегін жол жүру;

      11) көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға - тегін жол жүру;

      12) "Алтын алқа", алқаларымен наградталған аналарға – тарифтің 50 %;

      13) мүгедектігі бар балаларға жетектеушісімен – тегін жол жүру.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Абай облысы Семей қаласы әкімдігінің 27.04.2023 № 345 бірлескен қаулысы және Семей қаласы мәслихатының 20.04.2023 № 2/21-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Қалалық бюджет қаржыландыру көзі болып айқындалсын.

      3. "ШҚО Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі аталған санаттағы азаматтарды тасымалдаумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын өтеуді көздесін.

      4. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен қаулы мен шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) мемлекеттік тіркеуден кейін осы бірлескен қаулы мен шешім көшірмелерінің Семей қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;

      3) ресми жарияланғанынан кейін осы бірлескен қаулы мен шешімді Семей қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      5. Осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімінің орындалуын бақылау қала әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      6. Семей қаласы мәслихатының 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 63/460-VI "Семей қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүруі туралы" шешімінің күші жойылсын.

      7. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Н. Сақтағанов
      Қалалық мәслихатының сессия төрағасы Р. Хазипов
      Қалалық мәслихатының хатшысы Б. Ақжалов