Семей қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 4 ақпандағы № 244 және Семей қаласы мәслихатының 2021 жылғы 1 ақпандағы № 3/17-VII "Семей қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы" бірлескен қаулысы мен шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Абай облысы Семей қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 345 бірлескен қаулысы және Семей қаласы мәслихатының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 2/21-VIII шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 3 мамырда № 61-18 болып тіркелді. Күші жойылды - Абай облысы Семей қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 890 бірлескен қаулысы және Абай облысы Семей қаласы мәслихатының 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 32/170-VIII шешімі

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Семей қаласы әкімдігінің 30.09.2024 № 890 бірлескен қаулысы және Абай облысы Семей қаласы мәслихатының 27.09.2024 № 32/170-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Семей қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 4 ақпандағы № 244 және Семей қаласы мәслихатының 2021 жылғы 1 ақпандағы № 3/17-VII "Семей қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы" бірлескен қаулысы мен шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8402 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қала ішіндегі қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүру Семей қаласының келесі санаттағы азаматтарына белгіленсін:

      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектігі бар адамдарға – тегін жол жүру;

      2) көру қабілеті бойынша І топтағы мүгедектігі бар адамдарға жетектеушісімен – тегін жол жүру;

      3) көру қабілеті бойынша ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдарға - тегін жол жүру;

      4) 70 жастан асқан зейнеткерлерге - тарифтің 50 %;

      5) ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлерге – тегін жол жүру;

      6) І топтағы мүгедектігі бар адамдарға жетектеушісімен - тегін жол жүру;

      7) ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдарға - тегін жол жүру;

      8) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға - тегін жол жүру;

      9) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға - тегін жол жүру;

      10) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тұратын балаларға - тегін жол жүру;

      11) көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға - тегін жол жүру;

      12) "Алтын алқа", алқаларымен наградталған аналарға – тарифтің 50 %;

      13) мүгедектігі бар балаларға жетектеушісімен – тегін жол жүру.".

      2. "Абай облысы Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:

      1) осы бірлескен Семей қаласы әкімдігінің қаулысы мен Семей қаласының мәслихаты шешімінің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен Семей қаласы әкімдігінің қаулысы мен Семей қаласының мәслихаты шешімінің оның ресми жарияланғанынан кейін Семей қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын.

      3. Осы бірлескен Семей қаласы әкімдігінің қаулысы мен Семей қаласының мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау Семей қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бірлескен Семей қаласы әкімдігінің қаулысы мен Семей қаласы мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Семей қаласы әкімі
      Н. Нурсагатов
      Д. Шакаримов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады