О снятии ограничительных мероприятии и признании утратившим силу решения акима Калгутинского сельского округа от 22 декабря 2020 года № 3 "Об установлении ограничительных мероприятии в крестьянском хозяйстве "Нурлан" хозяйственного поселения "Енбек" Калгутинского сельского округа Курчумского района"

Решение акима Калгутинского сельского округа Курчумского района Восточно-Казахстанской области от 27 апреля 2021 года № 1. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 30 апреля 2021 года № 8719

      Примечание ИЗПИ.     
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с подпунктом 8) статьи 10-1 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии", подпунктом 4) пункта 2 статьи 46 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" и на основании представления руководителя государственного учреждения "Курчумская районная территориальная инспекция комитета ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан" № 337 от 1 апреля 2021 года, аким Калгутинского сельского округа РЕШИЛ:

      1. Снять ограничительные мероприятия в крестьянском хозяйстве "Нурлан" хозяйственного поселения "Енбек" Калгутинского сельского округа Курчумского района в связи с проведением комплекса ветеринарных мероприятии по ликвидации заболевания бруцеллеза среди крупного рогатого скота.

      2. Признать утратившим силу решение акима Калгутинского сельского округа от 22 декабря 2020 года № 3 "Об установлении ограничительных мероприятии в крестьянском хозяйстве "Нурлан" хозяйственного поселения "Енбек" Калгутинского сельского округа Курчумского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 8003, опубликовано в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде от 23 декабря 2020 года).

      3. Государственному учреждению "Аппарат акима Калгутинского сельского округа" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в территориальном органе юстиции;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего решения направление его копий на официальное опубликование в периодические печатные издания, распространяемые на территории Курчумского района;

      3) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе акимата Курчумского района после его официального опубликования.

      3 .Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Калгутинского
сельского округа Курчумского района ВКО
Е. Мухтарханов

Шектеу іс-шараларын тоқтату және Қалғұты ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 3 Күршім ауданының Қалғұты ауылдық округіне қарасты "Еңбек" шаруашылық қонысындағы "Нұрлан" шаруа қожалығына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қалғұты ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2021 жылғы 30 сәуірде № 8719 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.

      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46 - бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Күршім аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2021 жылғы 1 сәуірдегі № 337 ұсынысы негізінде, Қалғұты ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Ірі қара малдардың сарып ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілуіне байланысты Күршім ауданының Қалғұты ауылдық округiне қарасты "Еңбек" шаруашылық қонысындағы "Нұрлан" шаруа қожалығында шектеу iс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Қалғұты ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 3 "Күршім ауданының Қалғұты ауылдық округіне қарасты "Еңбек" шаруашылық қонысындағы "Нұрлан" шаруа қожалығында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8003 болып тіркелген, 2020 жылдың 23 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Қалғұты ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімнің мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Күршім ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Күршім ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      ШҚО Күршім ауданының
Қалғұты ауылдық округінің әкімі
Е. Мухтарханов