Күршім ауданының Қалғұты ауылдық округіне қарасты "Еңбек" шаруашылық қонысындағы "Нұрлан" шаруа қожалығына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қалғұты ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 3 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 23 желтоқсанда № 8003 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қалғұты ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қалғұты ауылдық округі әкімінің 27.04.2021 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабы 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, және Күршім ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2020 жылғы 3 қарашадағы № 1333 ұсынысы негізінде, Қалғұты ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Күршім ауданының Қалғұты ауылдық округіне қарасты "Еңбек" шаруашылық қонысындағы "Нұрлан" шаруа қожалығында ірі қара мал арасында сарып ауруы шығыуына байланысты шектеу іс-шаралары еңгізілсін.

      2. "Қалғұты ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімнің мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Күршім ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Күршім ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жүргізу өз қарамағыма қалтырылсын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.

      ШҚО Күршім ауданының
Қалғұты ауылдық округінің әкімі
Е. Мухтарханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады