О внесении изменения в решение Западно-Казахстанского областного маслихата от 18 ноября 2019 года № 30-1 "Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Западно-Казахстанской области"

Решение Западно-Казахстанского областного маслихата от 30 сентября 2021 года № 6-2. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 11 октября 2021 года № 24700

      Западно-Казахстанский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Западно-Казахстанского областного маслихата "Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Западно-Казахстанской области" от 18 ноября 2019 года № 30-1 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под №5866) следующее изменение:

      приложение к указанному решению изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности
секретаря областного маслихата
М. Мукаев

  Приложение
к решению маслихата
от 30 сентября 2021 года №6-2
  Приложение
к решению маслихата
от 18 ноября 2019 года №30-1

Размер и перечень категорий получателей жилищных сертификатов по Западно-Казахстанской области

      1. Размер и перечень категорий получателей жилищных сертификатов по Западно-Казахстанской области разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан "О жилищных отношениях", приказом Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 20 июня 2019 года №417 "Об утверждении правил предоставления жилищных сертификатов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под №18883).

      2. Для реализации права приобретения гражданами жилья в собственность, с использованием ипотечного жилищного займа в рамках ипотечной программы, утвержденной Национальным Банком Республики Казахстан, и (или) государственной программы жилищного строительства, утвержденной Правительством Республики Казахстан, определен размер жилищных сертификатов по Западно–Казахстанской области в размере 1,5 (один миллион пятьсот тысяч) миллион тенге в виде социальной помощи или социальной поддержки.

      3. Перечень категорий получателей жилищных сертификатов:

      1) семьи, имеющие или воспитывающие детей-инвалидов;

      2) многодетные матери, награжденные подвесками "Алтын алқа", "Күміс алқа" или получившие ранее звание "Мать-героиня", а также награжденные орденами "Материнская слава" I и II степени, многодетные семьи;

      3) неполные семьи;

      4) востребованные специалисты, осуществляющие трудовую деятельность в отрасли здравоохранения, образования, культуры, спорта, ветеринарии, агропромышленного комплекса и в правоохранительной сфере.

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 18 қарашадағы № 30-1 "Батыс Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 6-2 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 11 қазанда № 24700 болып тіркелді

      Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының "Батыс Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" 2019 жылғы 18 қарашадағы № 30-1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5866 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат хатшысының
міндетін атқарушы
М. Мукаев

  Мәслихаттың 2021 жылғы
30 қыркүйектегі №6-2
шешіміне қосымша
  Мәслихаттың 2019 жылғы
18 қарашадағы №30-1 шешіміне
қосымша

Батыс Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі

      1. Батыс Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы №417 "Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №18883 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді.

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарыздарын пайдалана отырып, азаматтардың тұрғын үйді меншігіне алу құқығын іске асыру үшін әлеуметтік көмек немесе әлеуметтік қолдау түріндегі тұрғын үй сертификаттары Батыс Қазақстан облысы бойынша 1,5 (бір миллион бес жүз мың) миллион теңге мөлшерінде айқындалды.

      3. Тұрғын үй сертификаттарының алушылар санаттары:

      1) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары;

      2) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;

      3) толық емес отбасылар;

      4) денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, агроөнеркәсіптік кешен және құқық қорғау салаларында еңбек қызметін жүзеге асыратын қажетті мамандар.