О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 19 марта 2020 года № 100 "Об утверждении Перечня вредных организмов, борьба с которыми осуществляется за счет бюджетных средств, и Правил проведения фитосанитарных мероприятий"

Приказ и.о. Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 10 января 2022 года № 3. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 20 января 2022 года № 26591

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 19 марта 2020 года № 100 "Об утверждении Перечня вредных организмов, борьба с которыми осуществляется за счет бюджетных средств, и Правил проведения фитосанитарных мероприятий" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 20213) следующие изменения:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с подпунктом 6-1) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий" ПРИКАЗЫВАЮ:";

      в Правилах проведения фитосанитарных мероприятий, утвержденных указанным приказом:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила проведения фитосанитарных мероприятий (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 6-1) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", подпунктом 10) статьи 6 Закона Республики Казахстан "О защите растений" (далее – Закон) и определяют порядок проведения фитосанитарных мероприятий.";

      пункт 15 изложить в следующей редакции:

      "15. Закуп пестицидов, услуг по их хранению, транспортировке, химической обработке мест заселения нестадными саранчовыми с численностью выше ЭПВ осуществляется местными исполнительными органами в соответствии с Законом Республики Казахстан "О государственных закупках" (далее – Закон о государственных закупках) и Правилами осуществления государственных закупок, утвержденными приказом Министра финансов Республики Казахстан от 11 декабря 2015 года № 648 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 12590) (далее – Правила государственных закупок).";

      пункт 19 изложить в следующей редакции:

      "19. Расчет потребности в специальной технике для проведения химических обработок мест заселения нестадными саранчовыми выше ЭПВ осуществляется с учетом погодно-климатических, географических условий и рельефа местности в течение 23 (двадцати трех) календарных дней, с нормой выработки:

      по судам сверхлегкой авиации – 1 500 гектаров за сутки;

      по судам легкой авиации – 1 200 гектаров за сутки;

      по аэрозольным генераторам всех типов – 750 гектаров за сутки;

      по наземным вентиляторным и штанговым опрыскивателям – 100 гектаров за сутки;

      по наземным атомайзерным, ультрамалообъемным опрыскивателям всех модификаций – 150 гектаров за сутки;

      по ранцевым опрыскивателям – 5 гектаров за сутки.";

      пункт 26 изложить в следующей редакции:

      "26. Расчет потребности в специальной технике для проведения химических обработок против стадных саранчовых (азиатская, мароккская и итальянский прус) осуществляется с учетом погодно-климатических, географических условий и рельефа местности в течение 23 (двадцати трех) календарных дней, с нормой выработки:

      по судам сверхлегкой авиации – 1 500 гектаров за сутки;

      по судам легкой авиации – 1 200 гектаров за сутки;

      по аэрозольным генераторам всех типов – 750 гектаров за сутки;

      по наземным вентиляторным и штанговым опрыскивателям – 100 гектаров за сутки;

      по наземным атомайзерным, ультрамалообъемным опрыскивателям всех модификаций – 150 гектаров за сутки;

      по ранцевым опрыскивателям – 5 гектаров за сутки.".

      2. Комитету государственной инспекции в агропромышленном комплексе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра сельского хозяйства Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности
Министра сельского хозяйства
Республики Казахстан
Е. Карашукеев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

"Қарсы күрес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын зиянды организмдердің тізбесін және Фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 19 наурыздағы № 100 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2022 жылғы 10 қаңтардағы № 3 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 20 қаңтарда № 26591 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қарсы күрес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын зиянды организмдердің тізбесін және Фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 19 наурыздағы № 100 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20213 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 6-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 6-1) тармақшасына, "Өсімдіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабы 10) тармақшасына сәйкес әзірленді және фитосанитариялық іс-шараларды жүргізу тәртібін айқындайды.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Пестицидтерді, оларды сақтау, тасымалдау, саны ЗЭШ-тен жоғары саяқ шегірткетектестер қоныстанған орындарды химиялық өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жергілікті атқарушы органдар "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мемлекеттік сатып алу туралы заң) және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12590 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі – Мемлекеттік сатып алу қағидалары) сәйкес жүзеге асырады.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. ЗЭШ-тен жоғары саяқ шегірткетектестер қоныстанған орындарды химиялық өңдеу жүргізу үшін арнайы техникаға қажеттілікті есептеу ауа райы-климаттық, географиялық жағдайлар мен жергілікті жер бедерін ескере отырып, күнтізбелік 23 (жиырма үш) күн ішінде өндіру нормасымен:

      аса жеңіл авиация кемелері бойынша – тәулігіне 1500 гектар;

      жеңіл авиация кемелері бойынша – тәулігіне 1200 гектар;

      барлық типтегі аэрозольдық генераторлар бойынша – тәулігіне 750 гектар;

      жерүсті желдеткіш және штангалық бүріккіштері бойынша – тәулігіне 100 гектар;

      барлық модификациядағы жер үсті атомайзерлік, ультра аз көлемді бүріккіштер бойынша – тәулігіне 150 гектар;

      аспалы бүріккіштер бойынша – тәулігіне 5 гектар жүзеге асырылады.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Үйірлі шегірткетектестерге (азиялық, марокколық және итальяндық прус) қарсы химиялық өңдеу жүргізу үшін арнайы техникаға қажеттілікті есептеу ауа райы-климаттық, географиялық жағдайлар мен жергілікті жер бедерін ескере отырып, күнтізбелік 23 (жиырма үш) күн ішінде өндіру нормасымен:

      аса жеңіл авиация кемелері бойынша – тәулігіне 1500 гектар;

      жеңіл авиация кемелері бойынша – тәулігіне 1200 гектар;

      барлық типтегі аэрозольдық генераторлар бойынша – тәулігіне 750 гектар;

      жерүсті желдеткіш және штангалық бүріккіштер бойынша – тәулігіне 100 гектар;

      барлық модификациядағы жер үсті атомайзерлік, ультра аз, көлемді бүріккіштер бойынша – тәулігіне 150 гектар;

      аспалы бүріккіштер бойынша – тәулігіне 5 гектар жүзеге асырылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы
Е. Карашукеев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі